Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10. Салта.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

15 Билет

Компьютер және денсаулық

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Зияны туралы

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

Көздің көру қабілетін төмендетеді;

Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

Жүйкеге салмақ түсіреді;

Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...

Қорғану

Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.

Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

16 Билет

ЭЕМ да есеп шығару қадамдары. Алгоритмді бейнелеу түрі.

ЭЕМ — де есеп шығару күрделі процесс болып есептеледі, ол төмендегі кезеңдерден тұрады:

  1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мәселе ретінде қоя білу.

  2. Есепті шығарудың ЭЕМ ге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.

  3. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.

  4. Есепті ЭЕМ де шығару программасын жасап, оның қателерін түзету.

  5. Есепке керекті мәліметтер дайындау.

  6. ЭЕМ де есепті шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз есептің берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу және керекті математикалық формулаларды анықтау болып саналады.

Күрделі формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есепті шығарудың сандық тәсілдерін табу не анықтау жолы болып есептеледі.

Есептің алгоритмін жасағанда, оның шығару жолын тізбектелген іс әрекеттер ретінде схема түрінде өрнектеледі. Программа жасағанда қазірде кеңінен тараған программалау тілінің бірінде алгоритм нақты түрде жазылады.( Паскаль, Дельфи, Си). Есепті шығаруға керекті деректерді сұрыпталған күйінде алдын ала қағазға, әйтпесе магниттік дискіге жазып, ЭЕМ нің жадына реттей отырып енгіземіз. Есептің нәтижесін алған соң шешім қабылдау және оны іс жүзінде қолдану мамандардың жұмысы.

Алгоритмді бейнелеудің мынандай формалары бар:

- сөз тіркесі

- графикалық

- программалау тілінде

Алгоритмді көрсетудің сөз формасында бірқатар кемшіліктер бар. Бұл әдетте алноритмді жасаудың бастапқы сатысында пайдаланылады.

Графикалық форма алгоритмді ең ықшам әрі көрнекті етіп көрсетеді. Алгоритм әлбіреуі бір немесе бірнеше операторлардыңорындалуына сәйкес келетін блоктардың арасындағы байланыс тізбектілігі түрінде бейнеленеді. Мұндай графикалық көрсетімді алгоритм блок схема деп атайды. Блок схема түрінде алгоритмді көрсету аралық болып табылатындықтан мұндай түрде алгоритмді ЭЕМ де тікелей орындау мүмкін емес. Алгоритмнің блок схемасын жасау аса маңызды. Көп жағдайларда ЭЕМ да міндеттерді шешудің қажетті кезеңін құрады. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа деп аталады.

№31 Пайдаланушының графикалық интерфейсі (ПГИ) (ағылшынша Graphical user inteface, GUI; сленг. ГУИ) – Пайдаланушыға дисплейде графикалық сурет түрінде көрсетілген элементтердің( мәзір, пернелер, белгілер, тізімдер т.б.) алуан түрлілігі. Басшылық жолдың интерфейсіне қарағанда ПИ барлық экрандық объектілерге кіру мүмкіндігін береді ( еңгізу құрылғылары арқылы – пернетақта, тышқан, джойстик және т.б). және олармен тығыз қатынаста болып, олармен айла-шарғы жасатқызады. Көбінесе ПИ – дегі элементтер интерфейсі метафоралар негізінде құралған және олардың белгілері мен ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Сондықтан қарапайым дайындықсыз пайдаланушының түсінуін оңайлатады.== Тарихы == 60 –шы жылдарда Даг Энгельбартомның Стэнфорд зертханалық институтындағы жұмыстары нәтижесінде ПГИ(пайдаланушының графикалық интерфейсі) ойлап табылды. Одан кейін 70-шы жылдарда ПГИ концепциясы ғалымдардың шешуімен Xerox PARC зертханасында да қабылданды. 1973 жылы Xerox PARC зертханасында барлық жас ғалымдарды жинап, зерттеу еркіндігін берді. Нәтижесінде WIMP(Windows, Icons, Menus, Point-n-Click) графикалық интерфейс концепциясы жарық көреді. Осы концепция шеңберінде Alto компьютерлері дүниеге келеді. 1979 жылы Alto-ға ұқсас жұмыс істейтін PERQ станциясын ойлап табады. 1981 жылы Xerox PARC Alto-ның жалғасы Star-ды шығарады. ПГИ концепциясы Apple Computer корпорациясының өнімдерінде коммерциялы түрде іске асты десе болады. AmigaOS операциялық жүйесінде ПГИ өзінің көптапсырыстылығымен 1985 жылы қолданылды. Қазіргі таңда ПГИ нарықта қолданылып жүрген операциондық жүйелер мен қосымшалардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. ПГИ қолданатын жүйелер: : Mac OS, Solaris, GNU/Linux, Microsoft Windows, NeXTSTEP, OS/2, BeOS. ПГИ – дің көп қолданыста болуына қарамастан кейбір бағдарламалар ПГИ – ге аналог болып есептеледі. Операциондық жүйеге кіру алдыңдағы BIOS Setup баптауларын мысал ретінде келтірсе болады. ОЖ қажет етпейтін ПГИ – лер де баршылық. ПГИ – дің төмендегі түрлерін айқындап өтсек болады:

Қарапайым: ПГИ – дің өз жүйесімен қамтамасыздандырылатын типтік экрандық формалар және стандартты интерфейс элементтері;

Шынайы-графикалық, екі қалыпты: өзіндік әдістермен немесе қосымша кітапханалармен іске асқан оригинал метафоралар мен стандартты емес интерфейс элементтері;

Үш қалыпты: қазіргі кезде өте аз классификацияланған.

Операциялық жүйенің қабыршағы дегеніміз - қолданушының компьютер функцияларымен қатынас жасауын қамтамасыз ететін ОЖ ның командаларының интерпретаторы.Негізінде қабыршақтар интерфейсіне қарай екіге бөлінеді: мәтіндік қолданбалы интерфейс және графиктік қолданбалы интерфейс. Соңғы кезедері Windows-тың соңғы үлгілері графикалық қабыршық ретінде Проводник интегралданған ортасын қолданады. Проводникке Раьочий стол,Пуск,Панель задач және файлдарды басқару функциясы кіреді.Windows3.хх-тың бұрынғы үлгілері графикалық қабыршық ретінде менеджер программды қолданған

№32 Windows стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы:

  • мәтіндік құжаттар дайындау;

  • графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

  • жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • математикалық есептеулерді орындау және т.б.

Әдетте, бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.

Word Pad мәтіндік редакторы

Word Pad, Write – редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан маман дандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты мүмкіншілігі мол деп тынылып жүрген мәтіндік редактордың жаңа түрлерімен кейінірек жұмыс жүргізетін боламыз. Windows 3Х жүйесінде редакторы іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы «Write редакторы» белгісін таңдаймыз. Word Pad және Write редакторлары мәтіндік құжатты пернелерде теріп, дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу және ауыстыру әдістерін іске сыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

[өңдеу]Блокнот (Windows 3x)

Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды.

[өңдеу]Күнтізбе

Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға мерзімдік жоспар жасауға, кездесулер мен телефон жоспар жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрстыруға арналған шағын программа. Нақты айтқанда, календарь күнделіктің компьютерлік варианты болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобынан «Күнтізбе белгісін» таңдау қажет.

[өңдеу]Калькулятор

Калькулятор - программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік клькулятор болып табылады. ]

Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шарт-белгісін таңдау керек. Программа екі режимде жұмыс істейді:

  • стандартты (жады бар қарапайым калькулятор)

  • ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған калькулятор) режимі болып табылады.

[өңдеу]Алғашқы мағлұматтар

[өңдеу]Графикалық редактор

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

[өңдеу]Paint (Paintbrush)

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.

[өңдеу]

№33 Объектілерді ендіру және байланыстыру технологиясы (Технология связывания и внедрения объектов; object linking and embedding (OLE) — Microsoft фирмасы жасаған қолданбалы программалар арасында объектілер алмасу технологиясы. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. Егер байланыстағы объект өзгертілсе, құжаттағы оның бейнесі де өзгереді. Құжаттағы сілтемені пайдалану объект орналасқан негізгі программаны іске қосады. OLE технологиясы мәтін, графика, дыбыс және т.б. объектілермен жабдықталған құрамалы құжаттар жасауға мүмкіндік береді.

OLE 2.0 (Object Linking and Embedding – объектілерді байланыстыру және ендіру) – қосымша бағдарламалардың интеграциясының ережелерін сипаттайтын стандарт. Басқа қосымшалардың мүмкіндіктерін қолдану үшін қажет. OLE 2.0 берілген технологияны қолдайтын бірнеше қосымшалар арқылы объектілерді анықтау және бірігіп қолдану үшін қолданылады. Мысалға, Access ортасында Excel кестесін және оның диаграмма құру немесе Access-пен дайындалған деректерді қолдану сияқты қуатты құралдарын пайдануды, Word мәтіндік редакторында құрылған есеп берулерді жатқызуға болады (объектіні байланыстыру және қосу). OLE Automation (OLE-ні аутоматтандыру) – бағдарламалық жолмен қасиеттерді орнатуға және басқа қосымшаның объектілеріне арналған командаларды беруге мүмкіндік беретін OLE компоненті. Бағдарламадан шығусыз-ақ немесе басқа терезеге көшпей-ақ қажетті қосымшаның мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді. Басқа қолданбалы бағдарламаларға өзінің объектілерін қолдануға мүмкіндік беретін қосымша OLE-сервер деп аталады. OLE-серверлерінің объектілерін басқара алатын қосымша OLE-контроллер немесе OLE клиент деп аталады. Қарастырылған бағдарламалық құралдардың ішінен OLE сервер ретінде Microsoft Access-ті алуға болады. Microsoft Excel, Word және Graph... Microsoft Visual FoxPro 3.0 және 5.0 тек OLE клиент түрінде ғана бола алады.

Тіркемелер де деректерді тиімдірек сақтайды. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқалары суреттер мен құжаттарды сақтау үшін OLE деп аталатын технологияны қолданған. Әдепкіде, OLE технологиясы суреттің немесе құжаттың нүктелік кескінін жасайды. Сол нүктелік кескін файлдары үлкен болуы мүмкін , яғни бастапқы файлдан 10 есеге дейін үлкен болуы мүмкін. Дерекқордан сурет немесе құжатты қарағанда, OLE технологиясы бастапқы файлды емес, нүктелік кескінді көрсетеді. Тіркемелерді қолдану арқылы басты бағдарламаларда құжаттарды және басқа сурет емес файлдарды ашасыз, сонда Access бағдарламасының ішінде сол файлдарды іздеуге және өңдеуге болады.

Сонымен бірге, OLE технологиясы жұмыс істеу үшін OLE серверлері деп аталатын бағдарламаны қажет етеді. Мысалы, егер Access дерекқорында JPEG пішіміндегі сурет файлдарын сақтасаңыз, сол дерекқорды іске қосатын әр компьютер JPEG суреттеріне арналған OLE сервері ретінде тіркелетін басқа бағдарламаларды қажет етеді. Керісінше, Office Access 2007 бағдарламасы ешбір қолдау көрсетілетін суреттерді бұрынғы пішімдерде тіркелген файлдарды сақтайды, сондықтан дерекқордан суреттерді қарап шығу үшін қосымша бағдарламалық құралды орнатудың қажеті жоқ.

№34 Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.

Мультимедиа құралдары, бұл – адамға әртүрлі, ӛзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнені, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені. Мультимедиа құралдарына ақпаратты сӛздіку енгізу және шығару құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитофонннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.

Мультимедиа — бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің жөне стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа (multimedia) терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі — көру және дыбыстық әсерлерінің (эффектілердің) интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі. Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі — компьютермен жалпы негізде өнделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалдық) және дыбыстық дерекгердің комбинациясын (үйлесуін) атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық, түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан өлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер.  Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасу-шыларынан негізгі айырмашылығы — интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі (коммуникабельділігі).

№38 Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құруға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады.

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақьттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.  Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайда-ланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, оларды безендіру жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компъютерлік баспа жүйесінде дайындалды). Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б.  жатады.

№35 Microsoft Office - құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, Access мәліметтер базасы, PowerPoint графикалық презентация программалары және электрондық поштасы бар біріктірілген жүйе. Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]