- •3)Көкем екеуіміз көл жағалап келеміз. Біз үндемей келеміз.
- •3)Манадан бергі ащы сөздердің бәрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді.
- •3) Нұржоға талтаң-талтаң басып Шәйкенің үйіне жөнелді.
- •3)Күннен-күнге ауруы меңдеп халі нашарлап барады.
- •3)Нағашым селк ете түскендей болды, көздері шеңбередей болды.
- •3) Қол қою, көз салу, қол ұшын беру
- •3) Түр, бет, келбет, ажар.
- •3)Түсте қапырық шатырдың іші ысып кетті.
- •3)Ежелгі Египетте папирусқа ұшталған қамыс таяқшамен жазған.
- •3) Еңбексіз өмір жоқ,
- •3)Ептен қоңықай тартқан иесіз дала.
- •3)Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт тартты.
- •3)Мұрат сөйлейін деп еді, аралары қашықтау болды, алыстан мойын созуды ыңғайсыз көрді.
- •3)Көп уақыт өткен сияқты болды, әйткенмен мағынасыз өткізген сағаттарға Хакім өкіген жоқ.
3)Ептен қоңықай тартқан иесіз дала.
Билет 15
1) Көсемше етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.
Көсемше етістік түбірлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1.-а,-е,-й
2.-ып,-іп,-п
3.-ғалы,-гелі,-қалы,-келі
2) 1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у, сана-у.
2. Дауысты -ы, -і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, і ды-быстары жазылмай -у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы + у — оку, та-сы + у — тасу, кемі + у — кему, ері + у — еру.
3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ, к, дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: ақ + у — ағу, кеп + у — кебу, тап +у — табу, үк + у — үгу т. б
3)Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт тартты.
Билет 16
1) Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады.
1)Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
2)Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
3)Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады.
4)Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады.
5) Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады.
6) Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады.
7) Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады
2) Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.
Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы.
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы.
б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
в) Сұрау интонация арқылы.
Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
3)
Билет 17
1) Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін дейміз.
Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.
Матасу деп сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысқан немесе матасу дейміз
Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.
2) Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері.
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
