- •1. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде. Саясаттану пәні
- •7.Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
- •9.Жаңа замандағы саяси ойлар
- •11.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде
- •12. Саяси элита түсінігі
- •13.Саяси лидер: түсінігі, түрлері және қызметтері
- •14. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері
- •15.Саяси режимдер түсінігі және оның түрлері
- •16.Сайлау жүйесі түсінігі және оның түрлері
- •17. Мемлекет, даму тарихы, пайда болу теориялары
- •18.Мемлекеттің түрлері және қызметтері
- •19. Саяси партия: анықтамасы, қызметі мен түрлері
- •22. Саяси идеялогияның құрылымы, қызметтері мен деңгейлері
- •24. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері
- •25. Мемлекеттік және саяси билік.
- •26. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •27. Саяси ой тарихындағы тұжырымдама
- •28. Ортағасырлық исламдық Шығыстың саяси ойлары (әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Халдун)
- •29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері.
- •31. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
- •32. Партиялық жүйелер түсінігі және әр-түрлілігі.
- •33. Қоғамдық саяси қозғалыстар
- •34. Лоббизм
- •35. Қоғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы.
- •36. Саяси әлеуметтену
- •37. Саяси идеология мәні және түрлерін түсіндіріңіз
- •39. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілерін сипаттаңыз
- •40. Мемлекетті зерттеудегі негізгі теориялар қандай?
- •41. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар болды ма?
- •42.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәнін ашып беріңіз
- •43.Геосаясат ұғымы
- •44. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет мемлекет үшін не үшін қажет?
- •45. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы бар ма? Салыстырып сипаттаңыз
- •47. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін көрсетіңіз.
- •50. Қазақстанның сайлау жүйесін түсіндіріңіз
- •51. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясын сипаттаңыз
- •52. Қазақстан – халықаралық қатынастар жүйесінің субъектісі ретінде қандай рөл атқарады?
- •54. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі не?
- •55. Қазақстан Республикасының ядролық саясатын саралап беріңіз
- •56. Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігін (аөсшк, шыұ)…
- •58. Президент н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы әлеуметтік жаңғыру мәселесін талдап беріңіз
7.Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.
Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.
Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалық билік.
2.Аристократия.
3.Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары. Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.
Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан.
Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең.
Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару.
Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар.
Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.
Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:
Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.
Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.
Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.
Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.
8. Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойлары
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.
Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.
Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.
Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.
Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.
Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді.
"Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.
Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
