Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia-otvety_1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

17. Мемлекет, даму тарихы, пайда болу теориялары

Мемлекет дег шекараларымен шектелген белг бір территориясында тіршілік ететін қоғамның ұйымдасу формасы б.т.Мемл болу үшін ол мынадай белгілерге ие болу қажет:

1. Мемлекетті құрушы ұлт немесе халық

2. Территоррия

3. Дербес экономикасы

4. Ұлттық валютасы

5. Өзін қорғайтын армиясы

6. Егемендігі

Сон қатар әр мемл өзін айқындайтын нышындары/символдары болуы тиіс (ту,әнұран,елтаңба).

Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.

18.Мемлекеттің түрлері және қызметтері

Мемлекет мынандай болып жіктеледі:

1) Басқару формасына қарай

Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.

Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.

Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.

Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.

2) Әкімшілік территориялық бірлігіне қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді.

Унитарлық – құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.

Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.

Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.

3) Саяси режиміне қарай тоталитарлы, авторитарлы.

Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Тоталитаризм (лат. тоталіс – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]