Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор111.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
295 Кб
Скачать
☆

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері -

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын,

әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері;

Жедел құтқару отрядтары – жол қатынасы қиын аудандарда

және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;

“Баршаңыздың назарыңызға !” дабылы – Азаматтық қорғаныс-

тың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;

Қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік қызметшілер мен

халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;

Шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы

Негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен

мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі;

Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемле-

кеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз

жану;

Мемлекеттік өрт қадағалауы - өрт қауіпсіздігі талаптарының

сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік қадағалау қызметінің арнаулы түрі;

Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен, уәкілетті мем-лекеттік органның нормативтік актілерімен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;

Өрт қауіпсіздігінің талаптары бұзу – Қазақстан Республикасы-ның заңдарына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі стандарттарды, нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;

Өртке қарсы шаралар режимі - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ержелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды , ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары;

Өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;

Өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару

органдарының, күштер мен құралдардың, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы.

Өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - өртке қарсы қызметтің адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;

Өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды-есептеу мәшинелеріне арналған бағдармалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (жойқын) факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері:

1 Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау;

2 Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру,

оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;

3 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау , халықты оқыту;

4 Радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;

5 Азаматтық қорғаныс құрамалары жауынгерлерінің жұмылды-рушылық даярлығын қамсыздандыру;

6 Салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру бойынша кешенді шаралар жүргізу;

7 Қорғаныс ғимараттарының, қорғаныс құралдарының және

артық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау, әзірлікте ұстау;

8 Халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы хабарлау;

9 Іздеу-құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны қауіпті аймақ-тан көшіруді ұйымдастыру.

10 Азық-түлікті, суды, жемді, хабдинаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан сақтау.

Азаматтық қорғаныс аумақтық - өндірістік принципі бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жасайды, ол (лауа-зымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бастығы болып табылады.

ҚР ТЖА төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және республика Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық жасайды.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі құрылады. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда Азаматтық қорғаныстың басқармалары, бөлімдері (қызметкерлері), ұйымдарда АҚ штаты құрылады. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен оның жәй-күйі үшін ұйым басшысы жеке жауапкершілікті көтереді. Ол Азаматтық қорғаныстың бастығы болып табылады. АҚ штатының бастығы ұйым АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ мәселелері бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

Ұйымдарда АҚ көшіру шараларын өткізу мақсатында көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялары құрылады.

Ұйымның АҚ күштері АҚ құрамалары болып табылады. Оның құрамына әскери міндетті, жұмылдыру нұсқамасы бар адамдардан