Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388 Кб
Скачать
☆
  1. Неке-отбасы заңдарының түсінігі. Халықаралық құқық нормаларының отбасылық қатынастарға қолданылуы.

200-бап. Қазақстан Республикасының аумағында неке қию

1. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың ережелерi, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттiң азаматы болса, сол мемлекеттiң заңдарымен, осы Заңның 9-11-баптарының неке қиюға кедергi болатын мән-жайлар жөнiндегi талаптарын сақтай отырып белгiленедi.

3. Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында некесiн қию ережелерi сол адамның тұрақты тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi.     

212-бап. Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының Қазақстан Республикасында қолданылуы

      Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.   

213-бап. Халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгiленгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  1. Неке-отбасы заңдарының тұлғаларға, уақытына, кеңістікке қарай қолданылуы.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы -       Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепiлдiктерiн белгiлеп, реттейдi, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әлеуметтiк саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.

      Некеге тұруы кезiнде және отбасылық қатынастарда әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық тiл және дiни белгiлерi бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудiң кез келген нысандарына тыйым салынады.       Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негiзiнде және отбасы мүшелерi мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершiлiгiн, құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуi мүмкiн.

4-бап. Неке-отбасы заңдары және отбасы құқығының нормаларын қамтитын өзге де актiлер

      Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

5-бап. Неке-отбасы қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану

      1. Осы Заңның 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерiнiң арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткенi ол неке-отбасы қатынастарының мәнiне қайшы келмейдi.

      2. Осы заңның 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтiн неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкiн болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнi және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары (құқық ұқсастығы) негiзге алынып айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]