- •1.Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы құқығының пәні мен әдістері.
- •Отбасы құқығының құқық салаларының арасында алатын орны.
- •Отбасы құқығының қағидалары. Отбасы құқығының жүйесі.
- •Неке-және отбасы қатынастары.Түсінігі, пайда болу негіздері.
- •Отбасы қатынастарының субъектілері.Отбасы құқығындағы құқық қабілеттілік.
- •Отбасы құқық қатынастарының құрамы, түрлік сипаттамасы.
- •Неке-отбасы заңдары, түсінігі, құрамы, қолданылу тәртібі.
- •Неке-отбасы заңдарының түсінігі. Халықаралық құқық нормаларының отбасылық қатынастарға қолданылуы.
- •Неке-отбасы заңдарының тұлғаларға, уақытына, кеңістікке қарай қолданылуы.
- •Неке-отбасы құқықтарының жүзеге асуы, тәртібі, қағидалары.
- •Неке-отбасы құқықтарын қорғау, қорғаудың тәсілдері. Соттық қорғау әдісінің ерекшелігі.
- •Отбасы құқығындағы мерзімдер. Отбасы құқығынағы талаптың ескіру мерзімі.
- •Некенің түсінігі, белгілері, некеге тұрудың тәртібі.
- •Некеге тұрудың тәртібі.Некеге тұруға қажетті жанекеге тұруға қажетті жағдайлар.Некеге тұруға кедергі келтіретін жағдайлар.
- •Некенің тоқтатылуы. Некенің тоқтау негіздері мен некенің тоқтатылу сәті.
- •Некенің бұзылуы. Ахаж органдарында некенің бұзылуы.
- •Некенің бұзылуы. Сот органдарында некенің бұзылуы.
- •Некені жарамсыз деп танудың түсінігі, негіздері.
- •Некенің жарамсыз деп танылуы. Некені жарамсыз деп танудың салдарлары.
- •Жалған некенің түсінігі. Жалған неке кезінде жұбайлардың сақталынатын құқықтары.
- •Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туған дауларды сотта қарау.
- •Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері.
- •Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •Ерлі-зайыптылардың мүліктік режимі түсінігі мен түрлері.
- •Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі. Ерлі-зайыптылардың мүліктерін пайдалану, иелену, билік ету құқығы.
- •Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуы.
- •Неке шартының түсінігі, мазмұны.
- •Неке шартының жасалуы, өзгеруі, бұзылуы.
- •Нек шартының жарамсыз деп танылуы, неке шартының тоқтатылуы.
- •Міндеттемелер бойынша ерлі-зайыптылардың жауап беруі.
- •3. Ерлi-зайыптылардың мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiгi
- •Әке болуды, ана болуды анықтау.
- •Бала асырау кезінде туған дауларды шешу.
- •Баланы ата-анасынан немесе басқа тұлғалардан алып қою.
- •Баланың құқықтары , түрлік сипаттамасы.
- •Баланың шығу тегін анықтау.
- •Баланың тууын тіркеу. Баланың тууын тіркеуді даулау.
- •Бала асырап алу.Түсінігі мен тәртібі.
- •Бала асырап алуға құқылы тұлғалар.
- •Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуының тәртібі мен негіздері.
- •Бала асырап алудың туатын құқықтық салдарлары.
- •Бала асырап алудың күшін жою, оның құқықтық салдары.
- •Бала асырып алуды жарамсыз деп тану салдарлары.
- •Қамқоршылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
- •Қорғаншылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
- •Қамқоршы және қорғаншы органдарының құзіреті,мақсаттары.
- •Қамқоршы мен қорғаншылардың құқықтары мен міндеттері.
- •Қамқоршы мен қорғаншылықтың тоқтатылуы.
- •Емдеу және тәрбиелеу орындарындағыларға қамқоршылық пен қорғаншылықтың тағайындалуы.
- •Әрекет қабілетсіз адамдарға қорғаншылықтың тағайындалуы.
- •Патронаттық тәрбие. Асыранды отбасы.
- •Патронат тәрбиеші, оған қойылатын талаптар.
- •Кәмілетке толмаған балалар мен ата-аналардың арасындағы алименттік міндеттемелер.
- •Кәмілетке толмаған балаларға сот тәртібімен алимент төлеу тәртібі.
- •Кәмілетке толмаған балаларға тұрақты соммен алимент төлеу тәртібі.
- •Алимент төлеу туралы келісімнің түсінігі мен жасау тәртібі.
- •Кәмілетке толған балаларына ата-аналарының алимент төлеу тәртібі.
- •Кәмілетке толған балалардың ата-аналарына төлейтін алименттері.
- •Ерлі-зайыптылар мен бұрынғы жұбайлардың арасындағы алименттік міндеттемелері.
- •Отбасының басқа мүшелерінің арасындағы алименттік міндеттемелер.
- •Алименттің мөлшері. Алимент төлеу негізі.
- •Алиментті индексациялау. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •Алимент төлеу туралы келісімнің жарамсыз деп танылуы.
- •Азаматтық хал актілері түсінігі мен түрлері, жалпы сипаттамасы.
- •Азаматтық хал актілеріндегі жазбаны жою және өзгерту.
- •Азаматтық хал актілеріне жазу барысында азаматтық хал актілерін жазу органдарының құқық бұзушылықтарына жауапкершілігі.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың отбасылық қатынастарына Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңдарының қолданылуы.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некеге тұруын құқықтық реттеу.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некелерінің бұзылу тәртібі.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың бала асырап алу тәртібі.
- •Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының алименттік міндеттемелері.
Некені жарамсыз деп танудың түсінігі, негіздері.
24-бап. Некенi жарамсыз деп тану
1. Осы Заңның 9-11-баптарында белгiленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.
2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың бiреуi екiншiсiнен құрылған отбасы мүшелерiне, жеке басының және қоғамның қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiретiн ауруы бар екенiн жасырса, соңғысы сотқа некенi жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгiнуге құқылы.
4. Некенi жарамсыз деп тануды сот жүргiзедi.
5. Сот некенi жарамсыз деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде соттың осы шешiмiмен некеге тұру мемлекеттiк тiркелген жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына көшiрме жiберуге мiндеттi.
6. Некенiң жарамсыздығы оның қиылған күнiнен бастап танылады.
Некенің жарамсыз деп танылуы. Некені жарамсыз деп танудың салдарлары.
Некені жарамсыз деп тану дегеніміз – заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып жасалынған тіркелеген некеге қатысты қолданылатын жаза шарасы болып табылады. Некені жарамсыз деп тану тек қана сотпен танылады. Мынандай негіздерде некені жарамсыз деп тануға болады:
Некені тіркеу үшін берілген заңды тәртіпті бұзу (неке жасының сақталмауы, еріксіз, келісімсіз, алдау арқылы жасалынған неке);
Некеге тұруға кедергі келтіретін жағдайлардың сақталмауы;
Жұбайлардың біреуінің венерологиялық аурумен немесе ВИЧ инфекциясымен ауыратындығын жасырса;
Жалған неке (фиктивный брак).
Некені жарамсыз деп танудан туындайтын салдарлар:
Некеде тұрған жұбайлардың арасында туындаған мүліктік және мүліктік емес қатынастар күшін жояды;
Адал ниетті жұбай екінші жұбайдың тегін алған болса, сақтап қалуға құқығы бар;
Мүлік ортақ бірлескен меншікпен емес, ортақ үлестік меншікпен бөлінеді;
Балаға қатысты құқықтар мен міндеттер толығымен сақталады;
Адал ниеттегі жұбай екінші жұбайдан рухани, моральдік, материалдық зияндарды өтеуді талап ете алады.
Жалған некенің түсінігі. Жалған неке кезінде жұбайлардың сақталынатын құқықтары.
Жалған неке дегеніміз – отбасы құру мақсатынсыз тіркелген неке.
Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туған дауларды сотта қарау.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісім болмаған жағдайда сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және оларды татуластыру үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі кейінге қалдыра алады. Егер оларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы келісім ұсына алады. Егер ерлі-зайыптылар арасында бұндай келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:
- неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
- балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге;
- ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге;
- екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.
