Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодезия билеттин жауаптары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
240 Кб
Скачать
☆

11.Өлшеу түрлері

Жергілікті аудандарда берілген нүктелердің арақашықтықтарын анықтауда сызықтық өлшемдер қ\ды.

Жер бетінде белгіленген нүктелер бағытындағы көкжиектік және тікелік бұрыштарының мәндерін анықтайтын өлшемдер бұрыштық өлшемдер деп аталады.

Таңдап алынғын нүктелерге қатысты, олардың биіктіктерін өлшеу нәтижелеріндегі, яғни санақ жүргізілетін беттік жазықтықтан, берілген нүктелерге дейінгі қашықтықтар айырмасын өлшеуге биіктік өлшемдер қ\ды.

Біршама қысқа ара қашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбұрышты жазық координаталар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтығы және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбұрышты жазық координаталардың шартты жүйесі жиі қолданылады, оның координаталар басы еркін тандап алынады. Осы координаталар жүйесінің элементтері мынадай: х абсцисса осі (6-сурет), оның бағыты бастапкы меридианға, магниттік және осьтік меридианға параллель немесе еркін қабылданады. Оу— ордината осі Ох осіне перпендикуляр болады; О нүктесі — координаталар басы.

Горизонталь жазықтық координаталар осімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада колданылатын тікбұрышты жазық координаталар жүйесінен (декарттық) айырмашылығы — геодезияда он тікбұрышты координаталар жүйесі қолданылады; онда ширектердің нөмірленуі солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағыты бойымен жүргізіледі; мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.

13. Экватор жазықтығы

Жердің кіндігі (центрі) арқылы, оның айналу осіне перпендикуляр бағытта өтетін жазықтық экватор жазықтығы деп аталады, оның деңгейлік бет нүктелерін қосатын түзу Жердің экваторы болып табылады.

14. Теодолиттік жүріс

Теодолиттік түсіріс деп теодолит аспабымен орындалатын горизонталь немесе контурлық түсірісті айтады. Теодолиттік түсірістің пландық негізі ретінде теодолиттік жүріс пайдаланылады. Теодолиттік жүріс тұйық немесе ашық болуы мүмкін. Елді мекенді жерлерде немес құрылыс орындарында тұйық теодолиттік жүріс (полигон) жүргізіледі.

15.План мен карталардың шартты белгілері

Жер бетін планға,картаға түсіру күрделі жұмыс топографиялық картадағы шартты белгілер карталарды түрлі-түсті безендіруден,түсіндірме жазулардан,цифрлы белгілерден құралған біртұтас жүйеден тұрады.

16.Тірек пункттері,тәсілдері

Геодезиялық түсірістердің қай түрі болсын,олар алдын ала жергілікті жерге бекітілген және өте жоғары дәлдікпен пландық координаталары (X,Y)және биіктік координатасы (H) анықталатын нүктелерге сүйенеді.Мұндай пунктерді -тірек пунктері дейді.

Астрономиялық және геодезиялық әдіспен анықтайды:

1.Триангуляция әдісі

2.Трилатераяция әдісі

3.Полигонометрия әдісі

17.Тахеометриялық түсіріс-тахеометр деген аспаптың көмегімен жүргізіледі.Тахеометр арқылы горизонталь а,вертикаль V бұрыштар,қашықтық S және биіктік өсімшесі h анықталады.