Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
socio EK11K!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

41.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік мәселе ретінде алатын орнына сипаттама беріңіз

Нашақорлық –бұл бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналған есірткі заттарды қолданудан пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлық - барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі. Еліміздің экономикасы артқан сайын, есірткімен күрес қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Яғни, нашақорлардың 60 пайызын бірнеше рет көзге түскен жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастар қаншама? Осы қасіреттен талай жастар жас ғұмырларын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірлерімен мезгілсіз қоштасуда. Қазіргі таңда нашақорлар тек олардың ата-аналары мен туысқандарына ғана емес, бүкіл қоғамымыздың қаупі мен қасіреті болып, асқынып барады. Есірткі пайдалану салдарынан адамның тұрмыстық және қаржылық жағдайы төмендейді. Есірткіні қолдану барысында ағзаның барлық органдары мен жүйесі зақымданады: орталық жүйке жүйесі бас миының қызметінің бұзылуына әкеледі, осыдан ашушаңдық, ұйқысыздық, бас аурулары пайда болады. Есірткісіз -тұра алмай, аз мөлшердегі есірткіге ақша табу үші қылмыс әлемінің қара жолына қалай түскендерін өздері де аңдамай қалады.

2012 жылдың 27 қыркүйегінде Астана қаласында «2012-2016 жылдарға арналған есірткі және есірткі бизнесіне қарсы» салалық бағдарламасы аясында «Нашақорлықтың жастар санасына әсері: әуестенушілік, зардап-залал» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.Осы дөңгелек үстелде бүгінгі таңда Бүгінгі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор адам бар екен. Алайда, басты мәселе нашақорлардың санында емес, жас мөлшерінде болып отыр.

Маскүнемдік те қауіпті дерттің бірі. Оған қарсы алдын алу шараларының бірнеше бағытта жүргізілуі тектен-тек емес. Алайда араққа салынып кетпеу – әрбір жеке адамның өзінің түйсігіне де байланысты дер едік. Кейбіреулер дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатса, енді біреулер өзінің маскүнем екендігін мойындамай, ішімдікке қарсы егілуге (кодирование) намыстанып жатады. Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды. Ел бойынша наркологиялық мекемелерде 235 416 адам маскүнемдік дерті бойынша есепте тұр. Бұл Қазақстандағы әрбір 100 мың адамның 144,2 маскүнемдікке бой алдырғандығын айғақтайды. Республикамыз бойынша 1 адамға шаққанда жылына орта есеппен 31 литр сыра, 12 литр арақ ішіледі  екен. Тағы бір дерек мынаны айтады: ел тұрғындарының 33,3 пайызы, яғни 3/1 арақ ішеді, солардың 59,7 пайызы 20 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер.

Бүгінде маскүнемдік пен нашақорлық кезең-кезеңімен асқына түскен аурулар екені жасырын емес. «Ауруын жасырған өледі» демей ме? Адам маскүнемдігін жасырып, ине мен есірткі тұтынатынын ауру деп санамай, ағзасының қалай бейімделіп кеткенін де аңдамай қалып жататын жайттар өкінтеді. Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Бұл өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, яғни адамның өз бойындағы қабілетті, ақылды ерікті түрде бұзуы болып табылады. Ал, ауруды жұқтыру адамның әлеуметтік жағдайына, қоршаған ортасына, алған тәрбиесіне білім деңгейіне байланысты болары хақ. Статистикаға сүйенсек, қазір маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдыққандардың орташа жасы жасарып бара жатырғанын айтады. Бұл дертке шалдығып, ауруынан айыға алмай жүргендердің басым бөлігі алғаш рет спиртті ішімдік пен есірткінің дәмін ерте татып, яғни кәмелетке толмай ауызданғандар болса керек. Мамандардың айтуынша, әлі толық жетілмеген ағза ішімдік пен есірткінің құрсауына түссе, одан айығу қиын. Емдеу де күрделі. Өкініштісі сол, қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кетті. Еліміз салауатты қоғам құрып, жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше зейін қойып отыр..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]