Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
socio EK11K!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

59.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.

Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі. Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.  Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан әрқашан үздіксіз қозғалыста болады. Сондықтан бұл маңызды салалардың бірі болып және әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады.  Отбасы өмірі рухани және материалдық процестермен анықталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары жалғасып отырады. Отбасы, оның құрылымы мен қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді. Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік жүйесі, отбасылық роль, жұбайылардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті.  Отбасы – ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.  Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына біз бірінші орынға жас отбасын қоямыз. Жаңарған қоғамда «жас отбасы» терминінің пайда болуы үшін көптеген уақыт пен күш жігер керек болды. Бұл отбасының ерекше түрінің қалыптасқандығын айтпайды. Оның мәселелері жаңашыл отбасының негізін құратын мәселелерге кіреді. Сондықтан да жас отбасыға деген қарым-қатынас толығымен отбасы институтына қатысты жүргізіліп жатқан әлеуметттік саясатпен анықталады. Сонымен қатар, жас отбасының қоғам өміріндегі ерекше маңыздылығы мен ерекше функцияларын да елемей қоюға болмайды. Оны біз оның инновациялық әлеуеттілігі, өмір сүру мен қызмет стилін анықтау кезінде түсініп, көруіміз тиіс. Жас отбасы мәселесін тек осы уақыттағы ғана емес, сонымен бірге болашақ қоғамның өмір сүру қызметінің барлық салаларында да қарастыруымыз керек. Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын-ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айырылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.  Терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың нәтижесінде халықтың көптеген бөлігі кедейлік шекарасында қалып қойды. Адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құрылымында мағыналы деформация болды. Қазіргі таңда аз қамтылғандардың тобына көп балалы және толық емес, жұмыссыз отбасылар ғана емес, сонымен бірге жастардың, студенттердің отбасылары, кішкентай балалары бар отбасылар да кіруде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]