Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

11. Маркетингтегі тауар түсінігі және оның құрылымы.

Тауар –бұл қажеттіктерді қанағаттандыра алатынның және рынокқа назар аударту, алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатындардың барлығы (физикалық нысандар, қызметтер, тұлғалар, ұйымдар, идеялар).

Тауарлық бірлік - бұл ерекшеленген, мөлшері, бағасы, сыртқы пішіні және басқада атрибуттарының көрсеткіштерімен сипатталатын, бүтіндік (тұтастық), (мысалы, тіс пастасы-тауар, ал тюбик тауарлық бірлік).

Тауарды үш деңгейлі тұрғыдан қарастыруға болады және міндетті:

- ойдағы тауар;

- дайын тауар;

- толықтырылған тауар.

Тауар құрылымы бөлінеді:

  • күнделікті сұраныс тауарлары (тұрақты сұраныс тауарлары, анда-санда (импульсная) сатып алынатын, кездейсоқ жағдайларға);

  • алдын-ала таңдауға жататын тауарлар (ұқсас және ұқсамайтындар);

  • ерекше сұраныс тауарлары (керемет сипаты барлар);

  • өнеркәсіпке арналған тауарлар мына топтарға бөлінеді:

  • материалдар және бөлшектер, шикізаттар;

  • күрделі( капиталды) мүліктер (стационарлы ғимараттар және қондырғы, көлік);

  • қосалқы материалдар және қызметтер (майлар, қағаз);

  • іскерлік қызметтер (техникалық қызметтеу, құқық пікір-кеңес).

12. Тауардың өмірлік циклі және оның түрлері.

Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі , немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршендік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады.. Тауардың өміршендік кезеңі:

  • Рынокқа енгізу

  • Өсу

  • Кемеліне жету

  • Құлдырау

Рынокқа енгізу фазасында-жаңа тауарға рынок қалыптасады. Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін. Өсу фазасында тауардың болашағына әсер етеді. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым Мерзімді немесе сән ирегі: ұзақ уақытқа созу керек. Кемеліне жету фазасы жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады. Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет. Бір фазадан басқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет.

Тауардың өміршеңдік кезеңінің түрлері: Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған. Классикалық ирегі:тауардың тұрақты өтімі аса тез көтеріліп және тез төмендеуімен сипатталған. Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл да жоғарыдағыдай тек өнімнің өтімі төмендеп барып бір деңгейде сақталады. тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады. Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда болғанын сипаттайды. Сәтсіздікке ұшырау ирегі: рынокта мүлдем табыс бермейтін тауарды сипаттайды және ол тек екі фазамен қамтылады: рынокқа енгізу мен құлдырау фазалары.