- •9. Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және қағидалары.
- •10. Нарықты жаулау стратегиялары.
- •11. Маркетингтегі тауар түсінігі және оның құрылымы.
- •12. Тауардың өмірлік циклі және оның түрлері.
- •13. Тауар саясатының ролі, мақсаты және міндеті.
- •14. Тауар ассортименті және оның негізгі көрсеткіштері.
- •15. Жаңа тауарды жасау кезеңдері.
- •18.Бөлшек сауда мен оның түрлері
- •19. Коммуникацияның мәні мен түрлері.
- •20. Тауар таңбасы,оның мәні және аткаратын кызметтері.
- •21. Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі,оның рөлі және аткаратын қызметі.
- •22. Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар.
- •27.Өткізуді ынталандырудың мәні мен құралдарының түрлері.
- •29.Бкг, Портер және Ансофф матрицаларының мәні мен ерекшеліктері
18.Бөлшек сауда мен оның түрлері
Бөлшек сауда – дара тұтыну үшін түпкі тұтынушыларға тауарды сату мен қызмет көрсету жөн\і іс әрекет. Б.сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқ\ы. Тұтынушыларға тауар жылжыту үрдісінде шаруашылықтық байланысты тұйықтырушы буын бөлшек сауда болып саналады.
Бөлшек сауда бірнеше функциялар атқарады:
• тауарлы рынокта конъюнктураны зерттейді;
• нақты тауарларға сұраныс және ұсынысты анықтайды;
• ассортимент құруда тауарларды талдап және анықтайды, оларды сұрыптайды;
• тауарларды қабылдау, сақтау, маркировкалау операцияларын өткізеді және оларға баға бекітеді.
Жабдықтаушыларға, тұтынушыларға көлік-экспедиторлық, пікір берушілік, жарнамалық, ақпараттық және т.б. қызметтер көрсетіледі.
Бөлшек сауда процесін 2 топқа бөліп қарастыруға болады: дүкенсіз және дүкенді. Дүкенді саудада әр түрлі дүкендер түрлері пайдаланылады. Мысалы:
-мамандандырылған дүкен-белгілі бір тауар түрлерімен айналысады (спорт тауарлар, жиһаз)
-арнайы мамандандырылған дүкен- тауар тобының белгілі бір тобымен айналысады (мектеп тауарлары, радиоқабылдағыштар)
-құрама дүкен-сұранысқа сәйкес немесе тұтынушылардың белгілі бір тобына арналған тауарларды сатады (кітап дүкені, нан дүкені)
-әмбебап дүкен-әр түрлі тауар топтарын мамандандырылған бөлімдерінде сатады
Аралас дүкен-мамандандырылған бөлімдерін құрмай-ақ әр түрлі тауар топтарын сата береді.
Дүкенсіз бөлшек сауданы әдетте дүкеннен тыс мына әдістермен жүргізеді
-сауда автоматтары арқылы
-үйіне жеткізіп сату
-интернет-дүкендер
-почта немесе телефон арқылы тапсырыс беру т.б
19. Коммуникацияның мәні мен түрлері.
Коммуникация- тауарлар,кызметтер туралы хабарландыру,оларға деген тұтынушының сенімін күшейту үшіе колданылатын әдіс тәсілдер. Тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдістерін пайдалануға болады: жарнама,арнайы сату,өткізуді ынталандыру және коғаммен байланыс(PR).Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер колданылады.коммуникация элементтерін дұрыс колдану аркылы рынокта тауарды ұтымды жылжытуға болады.тек кана төменде аталған шарттарды сактау нәтижесінде коммуникация жүйесініің әсерлі нәтижесіне жетуге болады:көзделген шаралар жүйелі түрде орындалуы тиіс;коммуникация кешенін құру кезінде тауардың ерекшеліктері және оның өміршеңдік кезеңдері есепке алынуы тиіс. Жарнама –(латын тілінен айқайлаймын, жариялаймын деген сөз) қоғамда таратылып, тауарды сатып алуға үгіттеу насихаттау болып табылады. Ол тапсырыс берген демееушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған әрекеттер.
Өткізуді ынталандыру – тауарды (қызметі) сатып алуды немесе сату үшін жүргізілетін ынталандыру шараларының жиынтығы(тұтынушыларды, делдалдарды, сату орындарын ынталандыру)
Арнайы(жеке сату)– сатушы мен сатып алушы арасында тікелей қатынас орнату арқылы тауарды сату, бір немесе бірнеше сатып алушылармен жүздесу барысында ауызша ұсыну.
Қоғаммен байлыныс (public relations)- фирманың жағымды бейнесін (имиджін) қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
