Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есептер гражданско процессуальное право.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
165 Кб
Скачать
☆

3 Тапсырма

Қарасай ауд.ң сотына ауылдың 37 тұрғыны өздері жұмыс іст.н агрокомбинат қорынан жер уаскесін беру тур.талап арызын берді. Сот мәж.де талапкердің атынан сенімхат нег.де олардың өкілд.ң бірі шықты. Талапкерлер өзд.ң талап арызында жердің өзінің жеке шар.ғын жүргізуге берілуі керектігін көрсетті. Судья талапкер санының көп болғандығын ескере отырып бірнеше талап арыз жазуын білдірді, яғни қаралып отырған істі бір өкілдің емес бөлек сенімхаттар нег.де бірнеше өкілдің болуын көрсетті.Судья.ң іс әрекеті дұрыс па? Іс жүргізуге қатысушының құқ.ры мен міндеттері, қатысушылардың түрлері және негіз.н көрс.з. қатысудың қай түрі бер.н жағдайда орын алған?

Жауабы: судьяның әрекеті дұрыс емес, себебі АІЖ Кодексіне сәйкес егер талапкерлердің келісімі болған жағдайда олардың атынан бір өкіл бір сенімхат негізінде әрекет ете алады. АІЖ заңнамасына сәйкес

  Іске қатысушы тұлғалардың құрамы:Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе АІЖ Кодексінде көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

 Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне келсек:

іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылыќ білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтыќ сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. өз мүдделерін немесе талап қойылған мүделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.Заңда көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын  ұйымдарда тараптар болуы мүмкін.Берілген жағдайда қатысудың сотта өкіл арқылы қатысу орын алған.

4 Тапсырма

Н.А:Аланова өзінің бұрынғы жолдасы Р.Н.Касеновке некеге тұрғанға дейн алынған пианиноны өзіне қайтаруы тур.талап арызын берді. Ерлі зайыптылар арас.ы п.б.н дауды білген жалға беру бюросы пианиноға меншік құқ.н тану тур.сотқа жүгінді. Талап арызда Касенов.ң пиан.ы баласына үйрету үшін жалға беру бюросынан уақытша пайд.ға алынғандығы көрсетілген. Ерлі зай.р өзге ауданға көшіп, мекен жай.ң өзгеруіне б.ты жалға беру Бюросы белг.н уақытта пиан.ы қаб.ға мүмк.гі болмаған. Судья жалға беру Бюро.ң талап арызын қаб.п бюроның қаралатын іске талапкердің өкілі рет.е қатыса алатынын мәлім етті. Сот шешімі дұрыспа?

Жауабы: соттың шешімі дұрыс. Себебі Жалға беру бюросы АІЖ кодексіне сәйкес сотта осы істі қарауда  даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға ретінде қатысады. Жалға беру бюросы егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.