- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
Экономиканы мемлекеттік реттеу барысында жалпы, жекеленген және арнайы әдістер қолданылады.Жалпы әдістер қатарына, мұны реттеу методологиясы деуге де болады, таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы т.б. кіреді.Макроэкономикалық процестерді зерттеу методологиясы, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардағы қайсыбір оқиғалардың дамуын болжау сандық және сапалық сараптау әдістеріне, сондай-ақ жүйеленген кешенді тәсілдерге негізделеді.
Методологияны қолдану арқылы туындайтын қорытындылардың ғылыми негізділігінің қажетті алғышарты объективті экономикалық заңдарды және олардың әрекет ету механизмін терең түсінуде ғана емес, сонымен бірге олардың шынайылығын практика жүзінде тексеру болса керек.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекелеген әдістеріне статистикалық, экономикалық-математикалық т.б. әдістер жатады.
Көптүрлі статистикалық әдістердің ішінде реттеу ісіне қолдануға қолайлы келесі әдістерді атап көрсетуге болады;
Олар:
• Экстраполяция әдісі;
• Экономикалық топтастыру әдісі;
• Индекстік әдіс;
• Бюджеттік әдіс.
Экстраполяция әдісі негізінен бастапқы болжамдарды, бағдарламаларды басты бағыттар жобасын талдап жасау кезінде қолдануға қолайлы. Бұл әдістің дәлдігі қолдану кезеңі кеміген сайын арта түседі.
Экономикалық топтастыру әдісі мемлекеттік реттеуде кеңінен пайдаланылады. Топтастыру әдісін қолдану нәтижесінде өзінің құрамы бойынша күрделі жиынтықтарды қайсыбір біртекті белгісі бойынша топтарға бөліп қарастыруға мүмкіндіктер туғызады. Сараптау, ең алдымен ортақ белгі бойынша топтастырылған құрылымдық, динамикалық және құрылымдық-динамикалық топтастыру көмегімен жүзеге асырылады. Бюджеттік әдіс мемлекеттік статистикалық органдар жүргізетін халықтың өмір сүру деңгейін статистикалық бақылау әдісі болып табылады. Зерттеу материалдары тұрғындарды материалдық әл-ауқаттылығы, тұтынуы, ақшалай шығындары бойынша негіздік рөлін атқарады.Экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық формаларында ерекше рөл атқаратын арнайы әдістерге баланстық, мақсатты-бағдарламалы және нормативтік әдістер жатады.Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер ету әдістеріне келесі шаралар жиынтығын жатқызуға болады. Олар:
• Экономика дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау және оларды индикативтік жоспарларда, мақсатты бағдарламаларда көрсету;
• Мемлекеттік тапсырыстар және белгілі бір өнім түрлерін жеткізуге, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасау:
• Бағдарламаларға, тапсырыстарға және келісім-шарттарға мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
• Технологиялар және өнімдердің сапасы мен сертификациясына нормативтік талаптар;
• Құқықтық және әкімшілік шектеулер және белгілі бір өнімдерді шығаруға тыйым салу және т.б.;
• Тауарлардың экспорты және импорты бойынша операцияларды лицензиялау, яғни сыртқы сауда операцияларын қадағалау.
Экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің жаңаша әдістері негізінен тауар-ақша тетіктеріне сүйенеді де рыноктық шаруашылықтағы «ойын ережелерін» шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделеріне әсер ету арқылы жүзеге асырады. Оларға мыналар жатады:
• Салық салу, салықтың деңгейі және салықтық жеңілдіктер жүйесі;
• Бағаларды реттеу, олардың деңгейлері мен арақатынастарын анықтау;
• Ресурстар үшін төлемдер, кредит үшін пайыздық қойылымдар және кредиттік жеңілдіктер;
• Экспорт және импортты кедендік реттеу, валюта бағамдары және валюта айырбастау шарттары;
