Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаным я тя люблю!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу

Басқару функциялары – мақсатты анықтау, сараптау, болжау, жоспарлау, бағдарлама түзу, ұйымдастыру, ынталандыру, түзету, есептеу, бақылау қызметтері болып табылады.

Басқару функцияларының осы тізбегінен реттеуге белгілі бір дәрежеде сараптау, болжау, жоспарлау (индикативті), ынталандыру, түзету, бақылау жатады. Басқару әкімшілік-нұсқаулық, экономикалық, моральдық-психологиялық әсер ету әдістеріне, яғни басқарудың бүкіл түрлері қатарын жинақтап қолданады. Мемлекеттік реттеу негізінен экономикалық әдістерге, ынталандыру және шектеу сипатындағы механизмдер арқылы рыноктың стихиялығы, монополизмге ұмтылысы сияқты белгілерін жоюға немесе әлсіретуге бағытталады. Мемлекеттік реттеу, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты мақсаттарына сәйкестігін, аймақтар мен салалардың экономикалық әлеуетті тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды, қоршаған ортаны қорғау міндеттерін тиімді ұйымдастыру істеріне назар аударады.

«Мемлекеттік реттеу» сөз тіркесі мағынасына оның объектіні сыртқы басқаруы түсінігі дәлірек келеді, яғни мемлекеттік реттеу ішкі басқаруды, өзін-өзі басқаруды толықтырады. Экономикалық объектілердің өзіндік, ішкі басқару жүйесі бар. Бірақ, мұндай жүйелер басқару функциялары кешенін толыққанды жүзеге асыруға қабілетті емес, олар басқару әрекеттерін жеке мүдделеріне сай ыңғайластырады, сөйтіп жоғары сатылы мүдделерге кедергі келтіруі мүмкін.

Сондықтан бұл объектілердегі өзін-өзі басқару, сыртқы, мемлекеттік реттеумен толықтырылады. Оны мемлекеттік аппарат жүзеге асырады.Мұндай реттеу нормалар, ережелер, шектеулер, тыйымдар түрінде мемлекеттік басқару органдарының заңдар, нұсқаулықтар, жөн-жобалар сияқты формаларында көрініс табады. Мемлекеттік реттеу рыноктық механизмнің қажетсіз әрекеттерін шектейді, оларға мемлекеттік тұрғыдан бағдар береді. Бейнелеп айтқанда мемлекет реттеу арқылы шаруашылық механизмін елге қажетті әуенге қарай жетелеуге болады.Мемлекеттік реттеуді мемлекеттік басқарудың ерекше бөлімі ретінде қарастыру басқару объектісін құрайтын мүлікке меншік қатынастарының сипатында болса керек. Егер, бұл мүлік мемлекеттік меншік, яғни мемлекет иелік ететін мүлік болса, онда ол оны басқарады, толықтай иемденеді. Ал, егер мүлік мемлекеттік емес, басқа меншік иесінің қарамағында болса, онда мемлекет оны толықтай иемдене алмайды, бірақ қоғам атынан мүлікті пайдалану жөніндегі үдерістер мен қатынастарды реттеуге хақылы. Мемлекеттік реттеу шектеулі басқару, ол өзінің іс-әрекетін меншік құқығына байланыссыз, басқару функциясының бір бөлімі ретінде, мемлекеттің ерекше рөлін анықтайтын заң шығарушы, бақылаушы, қадағалаушы қоғамдық мүдделер өкілі болып табылады.Жинақтай қорытсақ экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық объектілерді басқару формасы. Ол мемлекеттік органдардың экономикалық үдерістерге түзету әрекетін жүзеге асыру үшін және оларды бағыттау, орнықтыру, қолдау мақсатында әртүрлі әсер ету механизмдерін пайдаланады.

Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік басқару арасында ерекшеліктердің болуы мемлекеттік реттеуді әрқашан-ақ басқарудың басқа түрлері мен функцияларынан бөліп қарастыру дегенді білдірмейді. Мәселе мемлекеттік басқарудың институттары мен құралдары жарым-жартылай экономиканы мемлекеттік реттеуге жатады, соның өзінде де олар тікелей басқару құралдары болып қала береді.

Мысалы, мемлекеттің салық төлеушілерден салықтар мен салықтық төлемдерді алуы мәжбүрлеу формасындағы тікелей мемлекеттік басқару болып табылады. Соның өзінде мемлекет салық түрлерін, салықтық қойылымдарды, салық салу базасын, салық салу көздерін өзгерту формасында салықтық реттеуді жүзеге асырады. Өкілетті мемлекеттік органдар жалға беруде жалға беру ақысын алуды басқару ісін өз құзырында қалдырады да, жалға беру келісіміндегі шарттарды пайдалану арқылы мемлекеттік мүлікті басқарудан реттеуге көшеді.«Мемлекеттік басқару» және «мемлекеттік реттеу» түсініктерінің сәйкессіздігінің күнделікті қолданыста принциптік сипаттағы айырмашылығы жоқ.

8.Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

Ал, «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.Қандай болмасын экономикалық емес фактордың әсері әртүрлі болып келеді және уақыт бойынша өзгерістерге ұшырайды. Айталық, климатқа, географияға байланысты экономикалық емес факторлардың әсері XX-ғасырда едәуір кеміген болса, әскери-саяси және ұлттық факторлардың әсері арта түсті. Мұндағы анығы экономикалық емес факторлардың әсері тек қана теріс мәнге ие болып қоймайды, олар өндіріс тиімділігін жоғарылататын оңды әсерлер де болуы мүмкін. Дегенмен экономикалық өсу факторларын таза экономикалық және экономикалық емес факторларға бөліп қарастыру шартты нәрсе және оның өзін сандық жағынан ажырату оңай емес. Кез келген экономикалық өсу факторы ішінде экономикалық емес фактор жүреді және керісінше де бола береді.Өткен ғасырдың 80-жылдары шетелдік және кеңестік экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің көп факторлы моделдері молынан пайда бола бастады.

Көпфакторлы моделдер авторларының басым көпшілігі экономикалық өсуге сапалық факторлар әсерінің сандық өлшемін беруге ұмтылады.Экономикалық өсуді анықтайтын шығынды сипаттағы барлық факторлардың аражігін тәптіштей ашып, нәтижесінде олар экономикалық өсу тиімділігі деп бағаланатын «қалдық» санын шығарады.Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, конъюнктуралық фактор болып табылады.Экономикалық өсу негізінен ішкі факторлармен анықталуы тиіс. Олар: еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын кеміту, жалпы айтқанда экономиканың нақты секторының пайдалылығын жоғарылату. Бұл бағытта ҚР үкіметі бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында кластерлік жүйелер жасап, технопарктер құрып едәуір жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын айта кету керек.Әлемдегі ешқандай ел экономикалық дағдарыстан шығу, экономикалық мешеуліктен арылу, халықтың табысы мен тұтынуын арттыру, ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін тиімді экономикалық өсу саясатын жүргізуден басқа жол тапқан жоқ.Жаңа индустриалды елдер мен Қытайдың экономикалық өсу қарқыны және соның нәтижесінде экономикалық дамудағы үздік жетістіктері соңғы жылдары батыстық және отандық экономикалық ғылымның зерттеу объектісіне айналды.Бүгінгі таңдағы ғылыми салыстырмалы сараптама экономикалық өсу қарқынын капиталистік немесе социалистік саяси таңдаумен байланыстырғанды қаламайды. Барлығы да талдап, таңдалған экономикалық стратегияға және оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру қабілеттілігіне барып тіреледі. Ал реформа жүргізудің өзі тек қана мемлекеттік функция болып табылады.