Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаб 2012 инфоррматика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Диск таңдау тәртібі:

  1. Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;

  2. Alt + F1 – пернелерін қатар басу (Alt пернесін басып тұрып F1 басыңыз!);

  3. Курсормен А: дискісін таңдап <Enter>–ді бассаңыз, А: дискісінің мазмұны сол жақ панельде шығады;

  4. Оң жақ панельде А: дискісін таңдау тәртібін дәптерге жазыңыз.

Каталог құру тәртібі:

Ескерту: Міндетті тұрде, құрылатын каталогтың орыны: диск оның ішіндегі каталог ағымды болуын ұмытпаңыз!

Мысалы: Түпкі А:\ дискісінде CLASS деген атпен каталог құрайық.

  1. Дискетаны А: диск қозғағышына салыңыз;

  2. Кез келген панельде А: дискісін таңдаңыз (А: дискісі ағымды болғанына көз жеткізіңіз);

  3. F7 - функционалды пернені басыңыз;

  4. Экранға шыққан «Создание папки» диалогтық терезеде CLASS сөзін теріп <Enter>-ді басыңыз;

  5. CLASS каталогына кіру (ағымды ету) үшін: курсорды CLASS сөзіне қойып <Enter>-ді басыңыз;

  6. Панельдің тақырыбында ағымды CLASS каталогының жолы: A:\CLASS тұрғанына көз жеткізіңіз!;

  7. CLASS каталогының ішінде өз есіміңізбен атап ішкі каталог құрыңыз (Ескерту: каталог аты 8 символдан аспайтынын ұмытпаңыз!);

Мәтіндік файл құру тәртібі:

  1. Өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз;

  2. Shift +F4 - пернелерін қатар бассаңыз «Редактор» (“Edit”) деген диалогтық терезе пайда болады;

  3. Диалогтық терезеде, құрылатын файлдың атын: Adres.txt деп теріп <Enter>-ді басыңыз. NC программасының редакторының терезесі ашылады. Терезенің тақырыбында құрылатын файлдың атын және директориясын көресіз: A:\CLASS\Adres.txt. Редактор терезесінің төменгі жағында фунционалдық пернелер қызметтері көрсетілген;

  4. Орыс әрпіне ауысып, өзіңіздің тұрған мекен жайыңыздың адресін теріңіз;

  5. F2 – функционалды пернесін басып жазылған мәтінді сақтаңыз;

  6. Esc - пернесін басып NC программасының редакторынан, панельге шығасыз;

  7. Құрылған Adres.txt файлының мазмұнын көру үшін, курсорды файл атына қойып F3 пернесін басыңыз. Панельге Esc – пернесімен шығасыз;

  8. Құрылған Adres.txt файлының мазмұнын түзету үшін, курсорды файл атына қойып F4 пернесін басыңыз. Панельге Esc – пернесімен шығасыз;

  9. Adres.txt файлының мазмұнын толықтырып қайта сақтаңыз. Мазмұнын мұғалімге көрсетіңіз.

Файлды,каталогты жою тәртібі:

(А:\ дискісін тазарту) Ескерту: NC – де файлмен каталогты жоюдың айырмасы жоқ.

  1. Міндетті тұрде панельдің біреуінде А:\ дискісі ағымды екеніне көз жеткізіңіз!

  2. CLASS каталогына кіріңіз;

  3. Өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз. Курсорды Adres.txt файл атына қойыңыз;

  4. F8 - өшіру функционалды пернесін басыңыз. Файлды жою туралы диалогтық терезе шығады;

  5. Шыққан диалогты мұқият оқып, курсорды «Удалить» сөзіне қойып <Enter>–ді бассаңыз Adres.txt файлы жойылады;

  6. Осы тәртіппен ішкі және сыртқы CLASS каталогтарды жойыңыз;

  7. C:\ дискісіне көшіңіз.

Тапсырма:

  1. "Norton Commander" іске қосыңыз.

  2. Экранның сыртқы түрін қараңыз.

  3. Курсор рамкасын панельдің соңғы жолына, одан соң алғашқы жолына қойыңыз.

  4. Курсорды файлдың атына, одан соң каталогтың атына қойып, қалып-күй жолының қалай өзгеретініне назар аударыңыз.

  5. Басқа панельді белсенді етіңіз.

  6. Панельдерді басқаруға арналған клавишаларымен экранның сыртқы түрін өзгеріңіз.

а) екі панельді де экраннан алып тастап, қайта шығарыңыз.

б) экраннан белсенді емес панельді алып тастап, қайта шығарыңыз.

в панельдердің орнын ауыстырыңыз;

г) сол жақ панельді экраннан алып тастап, қайта шығарыңыз.

д) оң жақ панельді экраннан алып тастап, қайта шығарыңыз.

е) оң жақ панельде дискіні ауыстыру;

ж) сол жақ панельде дискіні ауыстыру;

  1. NC анықтамасын шығарып, мына тақырыптамен танысыңыз:

а) "Сведения о Norton Commander",

б) "Информация о системе",

в) "Обмен панелей",

г) "Вкл/Выкл панелей",

д) "Редактирование файла",

е) "Просмотр файла".

  1. student каталогында өз тобыңыздың каталогын жасаңыз.

Берілген нұсқа бойынша каталогтар ағашын құрыңыз.

ZAKON

KODEKS

SYD

DELO

DELO_1

ISK

YSTAV

ZAKON

KODEKS

SYD

DELO

DELO_1

ISK

YSTAV

  1. Каталогтар ағашының схемасын қараңыз..

  2. Текстік файлдар жасаңыз:

а) KODEKS каталогында - a1.txt және a2.txt

б) DELO каталогында - a3.txt және a4.txt

в) ISK_3 каталогында - a5.txt және a6.txt

г) PYNCT каталогында - a7.txt және a8.txt

д) SYD каталогында - a9.txt және a10.txt

  1. Жасалған файлдарды қарап, әрбіреуіне бір сөзден қосыңыз.

  2. Norton Commander-ден шығыңыз.