- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті
- •«Бухгалтерлік есеп »
- •Мазмұны
- •2. Пәннің бастапқы реквизиттері:
- •3. Пәннің жалғастырушы реквизиттері:
- •Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша осөж тапсырмаларын орындау кестесі
- •Әдебиеттер тізімі
- •«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бойынша емтихан сұрақтары
2. Пәннің бастапқы реквизиттері:
Экономика, Микроэкономика, Статистика, Қаржы, Эконометрика,
3. Пәннің жалғастырушы реквизиттері:
ХҚЕС сәкес Қаржылық есеп, Басқару есебі, Басқарудағы талдау, Қаржылық бақылау және аудит.
4. Пәннің сипаттамасы. Оқу пәнi нарықтық экономика жағдайында қаржы саласында студенттердiң теориялық әзiрлiгiн қалыптастыруға, бухгалтерлiк есептi тереңдетiп оқуға және аталған салада бiлiмiн жетiлдiруге бағытталған.
5. Пәннің мақсаты:
Студенттердiң бухгалтерлiк есеп қағидалары мен оны жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi бiлiмiн қалыптастыру, олардың кәсіпорындағы бухгалтерлiк есеп және оның ұйымның қаржылық - шаруашылық қызметiн басқарудағы алатын орны мен мәнi туралы теориялық бiлiм меңгеруi. Өйткенi әр саладағы сәйкес мәселелердi шешуде бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi негiзгi ақпарат базасы болып табылады, ал ұсынылған есеп берудiң нақтылығын және оның нормативтiк - құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгi маңызды болып табылады.
6. Курстың міндеттері: Студенттердi бухгалтерлiк есептiң пәнi және әдiстерiмен, қағидаларымен таныстыру.
Студенттердi бухгалтерлiк есептi қалыптастыру мен жүргiзудi реттейтiн нормативтi - құқықтық құжаттармен таныстыру.
Бухгалтерлiк баланстың мәнi мен құрылымын, мазмұнын және оның құрылу тәртiбiн оқып бiлу, сонымен бiрге, шаруашылық операцияларының баланстың қорытынды сомасына әсерiн анықтай бiлу.
Шоттар жүйесi мен екi жақты жазуды, бағалау мен калькуляциялауды, құжаттау мен түгендеудi, қаржылық есеп берудi құру және табыс етудi оқып бiлу.
Шаруашылық операциясының нәтижесiнде құрал айналымының моделiн жылдам және нақты құра бiлу.
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте бейнелеуді, тіркеуді және қажетті құжаттарды рәсімдей білуді меңгеру.
ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ |
Тақырыптың атауы |
Дәріс сабағының негізгі мазмұнының мақсаттары мен міндеттері. |
Мәселелі сұрақтар |
Сағат саны |
1 |
Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары |
Ұлттық экономикада қолданылатын есеп түрлері. Бухгалтерлік есептің пәні, объектілері Бухгалтерлік есептің әдісі және оның элементтері Есепте қолданылатын өлшем түрлері. |
Әлемдегі бухгалтерлік есеп үлгілері дамуы
|
3 сағат |
2 |
Екі жақтылық принципі және баланстық тендік |
Қаржылық есептілікті пайдаланушылар. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары мен қағидалары. Қаржылық есептілік элементтері. Оларды тану мен бағалау |
Қаржылық және басқару есебі.
|
3 сағат |
3 |
Екі жақты жазу принципі және бухгалтерлік есеп шоттары |
Есептік цикл түсінігі Кіріспе бухгалтерлік баланс Шаруашылық операцияларды тіркеу және оларды бухгалтерлік шоттарда бейнелеу Бухгалтерлік тәртіптің бақылаушы құралы ретінде айналым ведомосінің толтырлуы Уақытша шоттарды жабу және дайындық балансты құру Трансформациялық кестені құру және қорытынды баланс құру |
Бухгалтерлік баланстың түрлері |
3 сағат |
4 |
Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру
|
Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы. Баланста шаруашылық операциялар туғызатын өзгерістер Шоттар және олардың құрылымы, шоттарды жабу тәртібі. Екі жақты жазу және шоттар корреспонденциясы. Жалпылаушы және талдамалық шоттар. Шоттар жоспары.
|
Шоттардың сыныптамасы және шаруашылық операцияларын екі жақты жазу әдісі негізінде тіркеу |
3сағат |
5 |
Кірістер және ақша қаражатының есебі тәртібі
|
Есептік цикл түсінігі Кіріспе бухгалтерлік баланс Шаруашылық операцияларды тіркеу және оларды бухгалтерлік шоттарда бейнелеу Бухгалтерлік тәртіптің бақылаушы құралы ретінде айналым ведомосінің толтырлуы Уақытша шоттарды жабу және дайындық балансты құру Трансформациялық кестені құру және қорытынды баланс құру. |
Қорытынды балансты құру |
3 сағат |
6 |
Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны тәртібі.
|
ТМЗ түсінігі, оның бағасы мен сыныптамасы. ТМЗ –ның үздіксіз және мезгіларалық есеп жүйесі.ТМЗ баға беру әдістері.ТМЗ ұйымдастыру есебі.Қойма мен бухгалтерияға түскен тауарлардың құжаттарын орналастыру.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың құқықтық нысандары Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың құқықтық нысандары |
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың құқықтық нысандарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың құқықтық нысандарын таңдау
|
3 сағат |
7
|
Айналымнан тыс активтер: есебі және тозуы
|
Негізгі құралдардың түсінігі мен сыныптамасы. Негізгі құралдарға баға беру әдісі. Тозу түрлері. Амортизацияны есепке алу нормалары және әдістері. Материалды емес активтер, оның түрлері және сыныптамасы. Материалды емес активтердің бағасы және есебі. Материалды емес активтердің есебін ұйымдастыру.Ағымдағы активтер.Ағымдағы активтерге анықтама және оның эквиваленті, олардың ұзақ мерзімді активтерден (айналымдағы емес) айырмашылығы, жіктелуі. Кассадағы ақшалардың есебі. Бастапқы құжаттама, оның құрылуы. Кассалық кітапшаны жазу тәртібі. және журнал құрастыру. |
Қолма-қолсыз ақша төлемдері. Қолма-қолсыз ақша төлемдерінің формасы |
3 сағат |
8 |
Шығыстар есебі тәртібі
|
Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттеме түсінігі, есебі және оның пайда болуы. Субъект міндеттемесінің есептеу түрлері. Басқа да міндеттемелер. ҚҚС, жерге төленетін салық акциздер, көлік құралдары. Төлеу және аудару тізімі. Бюджет төлемдері. Дебиторлық қарыздардың бағасы және танылуы.Алынған шоттар. Саудалы және ақшалай жеңілдіктер.Қызметтеркерлердің дебиторлық қарыздарының есебі және басқа да дебиторлық қарыздар. ҚҚС-ты қайтару. |
Күмәнді қарыздарға баға беру және баға беру жолдары. |
3 сағат |
9 |
Меншікті және тартылған капиталдың есебі тәртібі
|
Капитал түсінігі және жарғылық капиталының құрылуы. Субъект түріне байланысты жарғылық капиталының құрылуы және оның мәні. Басқа да капиталдын құрылуы. Резервтік капиталдың құрылуы, оның мәні және төленбеген немесе қосымша төленген капитал. |
ТМЗ шоттағы қозғалысының бейнеленуі.Қаржы есеп-қисаптарында ашылуы. |
3 сағат |
10 |
Қаржылық есеп беруді дайындау
|
Есеп беру, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның қаржылық және мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі. Бухгалтерлік балансты құру. Ақша қаражатын қозғалысы туралы есеп берудің тікелей және жанама әдісі. Қорытынды есеп берудің өзара байланыстылығы. |
Негізгі құралдарды жою және есептен шығару. |
3 сағат |
|
Барлығы, 30 сағат |
|
|
|
