Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2001.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
784 Кб
Скачать
☆

Биология

1. Cағақты жапырақ болады

A) Бидайда

B) Жүгеріде

C) Күріште

D) Қайыңда

E) Алоэда

2. Тұқым өнген кезде алғаш пайда болатын мүше -

A) бүршікшесі.

B) ұрық сабақшасы.

C) ұрық жапырақшасы.

D) ұрық тамыршасы.

E) тұқымжарнағы.

3. Бұршақтұқымдас өсімдік тұқымдары өте бай:

A) Майларға.

B) Ақуызға (нәруызға)

C) Минералды затқа.

D) Крахмалға.

E) Суға.

4. Саңырауқұлақтың жемісті денесінің жіпшумақтан өсіп дамуы:

A) Ауа жетіспегенде.

B) Спорасы 20-25 см терең орналасқанда.

C) Ауа, ылғал, жылу жеткілікті болғанда.

D) Жылу жеткіліксіз болғанда.

E) Топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда.

5. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктер:

A) Көпжасушалылар.

B) Қос ядролы қарапайымдылар.

C) Біржасушалылар.

D) Жасушасыздар.

E) Ядросыздар.

6. Өрмекші тәрізділерге жататындар:

A) ақ планария

B) дафния

C) айқұлақ

D) аскарида

E) кенелер

7. Гемоглобин дегеніміз:

A) Күрделі ақуыз.

B) Күкіртті зат.

C) Органикалық емес зат.

D) Ақуызды емес зат.

E) Жәй ақуыз.

8. Тынысалу мүшелерінің ауруына жататыны

A) серрозит.

B) туберкулез.

C) атеросклероз.

D) кариес.

E) мешел.

9. Биосфера туралы ілімді жазған -

A) C.C.Четвериков.

B) И.И.Шмальгаузен.

C) Н.И.Bавилов.

D) A.Н.Cеверцов.

E) B.И.Bернадский.

10. Жылан айыр тілімен

A) сипап сезеді

B) шағады.

C) естиді.

D) қорегін ұстайды.

E) қорегін жұтады.

11. Аралас секреция бездеріне жататын.

A) Қалқанша безі

B) Бүйрек үсті безі

C) Ұйқы безі

D) Гипофиз

E) Тер безі

12. Есту рецепторының жұмысының бұзылу себебі

A) жүгіру

B) кітап оқу

C) дене қимылымен көп айналысу

D) жиі-жиі шомылу

E) үнемі қатты музыка тыңдау

13. Жүрек бұлшық еті тұрады:

A) Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан.

B) Көлденең жолақты бұлшық еттерден.

C) Сіңірлерден.

D) Қаңқа ұлпасынан.

E) Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан.

14. Ішек-қарын ауруларына жататыны:

A) Пневмония.

B) Гемофилия.

C) Скарлатина.

D) Холера.

E) Дифтерия.

15. ... дәрумені жетіспегенде қан аздық ауруына ұшырайды

A) В12

B) Д

C) H

D) В1

E) А

16. Көмірсулар мен майларды синтездеуге қатысатын органоид:

A) Жасуша орталығы.

B) Митохондрия.

C) Гольджи комплексі.

D) Лизосома.

E) Тегіс бетті эндоплазмалық тор.

17. Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың ... қызметіне байланысты:

A) тасымалдау.

B) катализаторлық.

C) қозғалысты қамтамасыз ету.

D) хабар беру.

E) құрылыс материалы.

18. Эктодерма дегеніміз :

A) ішкі ұрық жапырақшасы.

B) сыртқы ұрық жапырақшасы.

C) бір қабатты шар тәрізді іші қуыс ұрық.

D) ұрық дамуының қос қабатты сатысы.

E) ұрықтың үшінші қабатының түзілуі.

19. Қоректік тізбектегі ағзалардың орналасуы:

A) Сұңқар – сарыбас жылан – тышқан – ас бұршағының тұқымы.

B) Сарыбас жылан – тышқан – сұңқар – бұршақ тұқымы.

C) Ас бұршағының тұқымы – тышқан – сарыбас жылан – сұңқар.

D) Бұршақ тұқымы – сұңқар – тышқан – сарыбас жылан.

E) Тышқан – сарыбас жылан – бұршақ тұқымы – сұңқар.

20. Жемісі жел арқылы таралатын-

A) үйеңкі.

B) інжугүл.

C) итошаған.

D) сары қараған.

E) шетен.

21. Кіндігі жуан, етжеңді және орауыштары бар гүлшоғыры :

A) Шашақ

B) Қалқанша

C) Собық

D) Масақ

E) Шатыр

22. Жалпақ құрттардың қанайналым мүшесі:

A) Жоқ.

B) Қолқатамыр.

C) Көктамыр.

D) Салатамыр.

E) Бар.

23. Cоя мен тарының отаны

A) Орталық Aмерика орталығы.

B) Оңтүстік Aзияның тропиктік орталығы.

C) Шығыс Aзия орталығы.

D) Жерорта теңізі орталығы.

E) Оңтүстік Батыс Aзия орталығы.

24. Aдамдағы атавизм белгілері-

A) адам қаңқасындағы құймышақ.

B) құлақ қалқаны.

C) соқыр ішек өскіні.

D) қалың түктілігі.

E) үшінші қабақ.

25. Капуста ақ көбелігінің, қысқы тыныштық күйі:

A) Ересек күйінде

B) Жұмыртқа күйінде

C) Жұмыртқа және жұлдыз құрт

D) Тек жұлдыз құрт сатысында

E) Қуыршақ сатысында

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]