География
1. Бағдарлауға арналған құрал A) Транспортир B) Азимут C) Анероид D) Компас (тұсбағдар)+ E) Рулетка |
2. Жер шарындағы ең үлкен алабты өзен: A) Миссисипи. B) Амазонка.+ C) Лена. D) Конго. E) Еділ. |
3. Тірі организмдер таралған жер қабығы: A) биосфера+ B) метосфера C) гидросфера D) тропосфера E) атмосфера |
4. Климат жағдайы ыстық елдердің тұрғындарының .... болып келеді. A) терісінің түсі қара, бұйра шашты+ B) терісінің түсі сары және көзі ашық C) жақ сүйектері сопақ және терісі ашық түсті D) танауы қысаң, шаштары бұйра әрі қысқа E) танауы қысаң, көздері қысық |
5. Африканың ең құрғақ аймағы. A) Сахара.+ B) Мадагаскар. C) Саванналар. D) Джунгли. E) Калахари. |
6. Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы: A) Н.Баранский. B) И.Герасимов. C) Қ.Сәтбаев. D) С.Неуструев. E) И.В.Мушкетов. |
7. Ауа райын болжайтын адамдар. A) Геологтар. B) Синоптиктер.+ C) Экологтар. D) Гидрологтар. E) Гляциолоролог. |
8. Обь өзенінің ірі сол жақ саласы. A) Аягөз. B) Үлкен өзен. C) Ертіс.+ D) Ойыл. E) Арыс. |
9. Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі ең шеткі облысы. A) Ақтөбе. B) Қарағанды. C) Батыс Қазақстан. D) Солтүстік Қазақстан.+ E) Павлодар. |
10. Жазықтардағы табиғат зонасының ауысуын ... деп атайды. A) биіктік зоналылық. B) ландшафт. C) географиялық қабық. D) ендік зоналылық.+ E) антропогендік кешен. |
11. Сауыр-Тарбағатай жотасынан солтүстікке қарай ... орналасқан: A) Сырдария аңғары B) Балқаш маңы қазаншұңқыры C) Зайсан қазаншұңқыры D) Іле қазаншұңқыры E) Алакөл қазаншұңқыры |
12. Қазақстан аумағында орманды дала зонасының алып жатқан көлемi ... % (пайыз). A) 2. B) 14. C) 2,5.+ D) 44. E) 26. |
13. Қазақ тілі ... тіл семьясына жатады. A) Үндіеуропалық B) Ағылшын C) Алтай+ D) Орал E) Қытай-тибет |
14. Қант өнеркәсібі жақсы дамыған облыстар. A) Қызылорда, Қаратау. B) Талғар, Талдықорған. C) Алматы, Жамбыл.+ D) Шымкент, Тараз. E) Түркістан, Жанатас. |
15. Қазақстандағы жалғыз Шығыс Қазақстан ғана өсіретін мал түрі: A) Шошқа. B) Түйе. C) Жылқы. D) Құс. E) Марал. + |
16. Орталық экономикалық аудандағы үш өнеркәсіп торабы: A) Қарағанды-Теміртау, Балқаш, Жезқазған. + B) Қоңырат, Саяқ, Шахта. C) Қарағанды, Атасу, Кеңгір. D) Теміртау, Шахта, Кеңгір. E) Саяқ, Балқаш, Атасу. |
17. Ірі газ қоры бар елдер: A) Украина, Франция. B) Нидерланды, Германия. C) Суринам, Гвинея. D) Кувейт, Норвегия. E) Ресей, АҚШ. + |
18. Табиғи газ өндіруден алдыңғы орында: A) Ресей.+ B) Ұлыбритания. C) Канада. D) Индонезия. E) Өзбекстан. |
19. Латын Америкасының Солтүстіктен Оңтүстікке дейінгі ұзындығы: A) 5 мың км. B) 13 мың км.+ C) 23 мың км. D) 7 мың км. E) 17 мың км. |
20. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін басты себеп: A) Өсімдіктер. B) Температура. C) Тұздылық. D) Жел.+ E) Жануарлар. |
21. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болып келу себебі ... байланысты. A) жердің орбиталық қозғалысына. B) күнмен түннің ауысуына. C) зат және энергия айналымына.+ D) өсімдіктерден оттегінің бөлінуіне. E) температура режимі мен жауын-шашын мөлшеріне. |
22. Алматы мемлекеттік қорықшасын ұйымдастыру мақсаты: A) Палеонтологиялық. B) Биологиялық.+ C) Гидрологиялық. D) Климаттық. E) Геологиялық. |
23. Еуропаның конституциялық монархиялы елдері. A) ГФР, Австрия, Ирландия B) Греция, Португалия,Ұлыбритания C) Бельгия, Испания, Швеция+ D) Италия, Финляндия, Дания E) Чехия, Словакия, Польша |
24. Геотермалды энергияны пайдаланатын ел: A) Румыния. B) Польша. C) Югославия. D) Исландия+. E) Болгария. |
25. Ресейдегі ең ірі темір кені бассейні: A) Подмосковный. B) Курск магнит аномалиясы.+ C) Қиыр Шығыс. D) Печора. E) Ямал.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
