Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод по вып курсов работы 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
685 Кб
Скачать
☆

1.5. Курстық жобаны (жұмысты) рәсімдеу

Курстық жобаның (жұмыстың) мәтіндік бөлігін рәсімдеу

Курстық жобаның (жұмыстың) мәтіндік бөлігі А4 (210x297 мм) форматындағы - МЕСТ-2.301 қағазының бір жақ бетінде орындалады, кестелер мен көрсетулерді орындауда АЗ (297x420 мм) форматындағы қағазды пайдалануға рұқсат беріледі. Курстық жобаның (жұмыстың) көлемі 25-35 парақты құрайды.

Құжаттың мәтін бөлігін келесі тәсілдерді пайдалана отырып орындайды:

- жазбаша - әріптер мен цифрлардың биіктігін 2,5 мм кем емес. Цифрлар мен әріптерді бүкіл құжатта бойында анық жазу керек (тушь, қара сия немесе шарикті каламды пайдаланып, бірдей түсте - көк, көкшіл, кара);

- ЭЕМ басып шығаруды баспа және графикалык жабдықтарды пайдалана отырып. Шрифті – Тіme New Roman, қарапайым, 14 нұсқа, қатарлардың арасындағы интервал - бір. Бір мәтінді құжатта түрлі-түсті пастаны қолдануға, және сызып көрсетулерге жол берілмейді.

ЭЕМ басылған құжатқа жекелеген сөздер, формулалар, шартты белгілерді қолмен жазуға, сондай-ақ көрсетулерді қара тушпен немесе қара сиямен жазуға рұқсат етіледі.

Парақтың төрт жағынан мәтіннен бос орындар қалдыру қажет. Сол жақ бетте – 3 см, оң жақта – 1см, жоғары және төменгі жақтарынан - 2 см кем емес.

Мәтінде абзацты қолмен жазуда 7,5 мм тең бос орын тастап бастайды, ал ЭЕМ пайдалануда мәтіннің төртінші белгісінен бастап жазады.

Құжатты орындау кезінде анықталған әріптік қателер, тізімдік қателер және графикалық қателер, ак түсті бояумен мәтінде (графикада) түзетуге енгізуге немесе қара бояумен, паста, туш қолдана отырып қолмен түзетуге болады.

Бұрынғы мәтіндегі (графика) қателерден қалған толықтай жойылмаған іздерді қалдыруға, мәтіндік құжаттарды бүлдіруге жол берілмейді.

Курстық жобаның (жұмыс) кұрылыстық элементтерінің аталуылары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» жұмыстың құрылыстық элементтерінің тақырыптамалары болады.

Курстық жоба (жүмыс) тараулар мен тараушаларға бөлінуі тиіс. Әрбір тармақпен тармақшада түгелденген ақпарат болуы тиіс.

Тараулардың аталуы, жалпы алғанда, курстық жоба (жұмыс) тақырыбын айқындауға тиісті, ал тараушалардың аталуы, жалпы алғанда, сәйкестелген тарауды айқындауға тиісті.

Тараулар мен тараушалардың аталуы өз мазмұнын айқын және қысқаша бейнелеуі тиіс.

Тараулар курстық жобаның (жұмыстың) бүкіл шегінде араб цифрларымен белгіленген кезектілік номері болуы және абзацтан басталуы шарт. Тараушалар әрбір тараудың шегінде номерленуі тиіс. Тараушаның номері тараулар мен тараушалардың нүкте арқылы бөлінген номерлерінен тұрады. Тарауша номерінің соңына нүкте қойылмайды. Тараулар тараушалар сияқты бір немесе бірнеше бөлімдерден тұрады.

Әрбір тармақтар мен тармақшалардың аталуын абзацтан бастап, атауды әріппен, соңына нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.

Атауларда сөздерді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Егер атау екі сөйлемнен тұратын болса, онда олар нүкте арқылы бөлінеді. Тараулар мен тараушалардың атаулары жартылай қалың шрифтпен жазылады.

Құжатты орындау кезінде тараулардың атаулары мен мәтіндер арасы: қолмен жазуда - 15 мм, ЭЕМ колдануда - 2 ендірудей болуы керек. Тарау мен тарауша атауларының арасы, сондай-ақ тараулар мен мәтін атаулары арасы - колмен жазғанда- 8 мм, ЭЕМ пайдаланганда- 1 ендіру болуы шарт.

Атаулар мен келесі мәтін бір парақта орналасуы керек. Атауды бір парақтан келесі параққа көшіруге тиім салынады.

Үлгі

1 Түрі және негізгі көлемдері

Құжаттың бірінші тармағының тармақшалар нөмірлеуі

2 Техникалық талаптары

Құжаттың екінші тармағыныц тармақшалар нөмірлеуі

Курстық жобаның (жұмыстың) әрбір тарауын жаңа парақтан (беттен) бастау тиіс. Бір тармақтын ішіндегі тармакшалар мен мәтін арасы екі жолдық шегініспен бөлінеді.

Курстық жобаның (жұмыс) мәтін парақтарында бос кеңістік қалдыруға болмайды. Құжаттың барлық беттері (тараудың соңғы бетін есепке алмағанда) толтырылуы тиіс.

"Мазмұны" және "Аннотация" сөздерін жартылай қалың шрифтпен жазуға болады. Мазмұнға енгізілген атауларды, атауды әріппен бастап қатардағы әріппен жазады.

Үлгі:

Мазмұны

Тапсырма;

Аннотация;

Нормалы сілтемелер;

Анықтамалар;

Белгілеулер мен қысқартулар;

Кіріспе;

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қосымшалар

Курстық жобаның (жұмыстың) беттерін нөмірлеу.

Курстық жобаның (жұмыстың) беттерін араб цифрымен, бүкіл мәтін бойынша үздіксіз нөмірлеуді сақтап нөмірлеу тиіс. Беттің нөмірі парақтың ортасына төменгі жағында нүкте койылмай жазылады.

Титулды парақтын нөмірі үздіксіз нөмірлеуден тұрады. Титулды парақта нөмір койылмайды.

Жеке парақтарда орналасқан суреттеу мен кестелер курстық жобаның (жұмыс) жалпы нөмірлеумен белгіленеді.

АЗ форматты парақтағы суреттеулерді, кестелерді бір бет ретінде санау керек.

Курстық жоба (жүмыс) беттерін және курстық жоба (жұмыс) құрамындағы қосымшаларды үздіксіз нөмірлеумен нөмірленеді.

Формулалар мен теңдіктер

Формулалар мен тендіктерді мәтіннің ішінен жеке жолға бөліп шығару тиіс. Әр формула немесе теңдіктің жоғары және төменгі жағынан бір бос жолдан кем емес аралық қалдырылуы тиіс. Тендік бір жолға сыймаған жағдайда олар теңдік белгісінен (=), қосу (+),минус (-), көбейту(х),бөлу (:) немесе басқа да математикалық белгілерінен кейін тасымалданады, келесі жолда белгілер қайталанады.

Символдар мен сандық коэффициенттері мағынасының түсіндірмесін формула маңында, берілген кезектілікті сақтай отырып, көрсету тиіс.

Курстық жобадағы (жұмыс) формулалар, жұмыс мөлшерінде, дөңгелек жақшалардың ішінде араб цифраларымен, парақтың оң жағында бір жолда реттік нөмірлеу арқылы нөмірленеді.

Үлгі:

А=а:в (])

В=с+д (2)

Формулада реттік нөміріне мәтінде сілтеме жасау жақша арқылы беріледі, мысалы: Үлгі - (1) формуласында.

Тараулардағы формулаларды нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда формула нөмірі тараудың және формуланың нөмірінен тұрады, нүкте аркылы бөлінеді, мысалы: (3.1).

Қосымшада орналасқан формула, жеке нөмірлеу арқылы, араб цифраларымен, әрбір цифрдің алдынғы жағына қосымшаны белгілеп әрбір қосымшаның көлемінде нөмірлеу тиіс, мысалы: (В.І) формуласында.

Иллюстрацияларды рәсімдеу

Курстық жұмыста (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет. Курстық жұмыста (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңгай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен реттік номермен нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу ғана болса, онда ол «Сурет 1» атауымен белгіленеді, «Сурет» сөзі және олардын атаулары жолдың ортасында орналасады.

Тараулар шегінде иллюстрацияларды нөмірлеу рұқсат етіледі. Бұл жағдайда иллюстрация номері тараудың және иллюстрацияның реттік номерінен құралады, нүктелер аркылы бөлінеді. Мысалы: Сурет 1.1.

Иллюстрациялар, кажетті жағдайда, атаулар мен түсіндірмелерге ие болады (сурет астындағы мәтін). «Сурет» сөзі және атауы сурет астына түсіндіру мәліметтерінен кейін келесі үлгіде жазылады.

Қыисықты көрсету: 1.2 - бактериялар; 3,4 - актиномицеттер; 5,6 - саңырауқұлақтар 1,3,5 - 0,1% топырақтағы мұнай; 2,4,6 - 10% топырақтағы мұнай;

Сурет 1. Микроорганизмдердің ретпен өсу кинетикасы

Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде « 2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде « 1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс

Мысал:

1-суретте 30°С-де 50%-ті ылғал топырақта мұнаймен былғанған топырақка арналған микроорганизмдердің ретпен өсу кинетикасы көрсетілген.

10.5 Қосымша.

Қосымшалар осы курстық жұмыстың (жобанын) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

Курстық жұмыстың (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне карай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады. Қосымшалар курстық жұмыстың (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ реттік нөмірлері болуы тиіс.

Қосымша орыс алфавитінің бас әріптерімен, Ё, 3, Й, О, Ч, Ь, Ы,Ъ. әріптерін қоспағанда А әріпінен бастап көрсетіледі.

Қосымша атауын латын әріптерімен де көрсетуге болады, I және О қоспағанда.

Егер кұжатта бір ғана косымша болса, онда ол «Қосымша А» деп көрсетіледі.

Кесте құру

Кестені жақсы көрсету мен көрсеткіштерді талдауда ыңғайлы болуы үшін кұрады. Кестелердің атауы оның мазмұнын ашып, нақты және қысқа болуы шарт. Кестенің атауын кестенің үстіне, абзацтан, келесі жолға «кесте 1» деген сөзден кейін орналастыру керек.

Бірінші рет көрсетілген немесе келесі бетте көрсетілген кестені мәтіннен кейін орналастыру керек.

Барлық кестелерге курстық жұмыста (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы кажет.

Кестені рәсімдеу мысалы:

5-кестеде белгілі мөлшердегі аборигендік микрофлораға мұнаймен былғанған топырақтың әсер ету дәрежесі көрсетілген.

5-кесте

Белгілі мөлшердегі аборигендік микрофлораға мұнаймен былғанған топырақтың әсер ету дәрежесі

Топырақтар пробалрымен типтерінің нөмірі

Мұнайдың құрамы, %

lg клеткалар концентрациялары, КОЕ/г

бактериялар

актиномицеттер

саңырауқұлақтар

10

Құба-сұрлі

0,1

6,1

6,5

7,1

1

6,7

7,1

7,3

5

7,8

7,1

8,2

7

7,7

6,7

8,0

10

5,6

5,0

6,3

Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады.

Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай -тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: «Кесте 3.1».

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұксат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықлен бөлінуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер

Құжаттың мәтін бөлігінің соңында әдебиеттердің тізімі келтіріледі. Тізімдер мен сілтемелерді мәтінде жасау МЕСТ 7.1-2003-ке сәйкес болады. Әдебиеттер тізімі кұжаттың мазмұнына ендіріледі.

Қолданылған дерекреге сілтеме төрт бұрышты жақшаның ішінде болу керек.

Дерек көздері туралы мәлімет курстық жұмыста (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Курстық жобадағы сызбалар, схемалар және мәтіндік құжаттарды рәсімдеудің ортақ ережесі.

Парақ форматтары МЕСТ 2.104-ке сәйкес аныкталады. Сызба парақтарына ішкі және сыртқы рамка сызып (бетті қиып сызып ). Қажетті жағдайда сызба беті ішкі және сыртқы рамкалар аралығында белгіленген бөліктерге бөлінуі мүмкін.

Сызбадағы және мәтіндік құжаттағы басты жазулар МЕСТ 2.104 бойынша орындалып схеманың және сызбаның 1- формасына (Д қосымшасына) сәйкес болуы керек; мәтіндік құжаттарда: басты беттерде форма -2 бойынша. Сызбаның және схеманың келесі беттерінде 2а формасын қолдануға болады. Тараулардағы негізгі жазу және қосымша тарауларда МЕСТ 2.109, МЕСТ 2.102, МЕСТ 2.601, МЕСТ 2.602, МЕСТ 2.701, МЕСТ2.201, МЕСТ 2.302, МЕСТ 2.503 стандартарының атауларымен сәйкестігін көрсетеді.(Қосымша Д).

Құжаттың спецификациясы МЕСТ 2.108 сәйкес, бірлік жиынтығының жүйесін анықтайтын, комплексте және комплектте, керекті бастапқы құжат болып саналады.

Графикалық құжаттар МЕСТ 3.301 стандарты форматы МЕСТ 2.104 негізгі жазуы бойынша орындалуы керек (Қосымша Д).

Сызбаларды, схемаларды, эскиздерді орындау кезінде КҚБЖ (ЕСКД), ТҚБЖ (ЕСТД), ЖҚБЖ (ЕСПД), (СПДС), МЕСТ 2,701, сонымен катар СТ ОҚМУ 4.02-2008 стандарттарымен орнатылған ережелер сақталуы тиіс.