Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод по вып курсов работы 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
685 Кб
Скачать
☆
  1. Курстық тапсырманы орындау әдістемесі

Тақырыпты таңдау. Курстық жұмыс «Қаржылық есеп-1» курстары толық оқытылған мерзімге қарай, яғни курс аяқталуға жақын уақытқа қарай жазылады. Бұл уақытқа студент экономикадағы есеп проблемалары, олардың құрылу көздері, шаруашылық процесстері ол үшін үлкен қызығушылық тудырытыны жайлы қорытынды жасай алады. Осы жағдайда зерттеудің, таңдалған тақырыптың кейін дипломдық жұмысқа ұласуын ескеру қажет.

Студент зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтап кафедра меңгерушісіне өзінің зерттейтін тақырыбын бекіттіріп алуына құқысы бар.

Тақырыпты таңдауда қиыншылықтар тұған жағдайда ғылыми жетекшімен кеңесіп, практикалық материалдарды алу мүмкіншіліктері жайлы, әдебиет көздерінің бары жайлы, жекелеген сұрақтарды ашу мәселелері жөнінде кеңес алған дұрыс болар еді.

Тақырып бойынша жұмыстың жоспарын құру және бекіту. Жұмыстың бұл кезеңі студенттің жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Библиографияны құру үшін келесілерді пайдалану қажет:

А) курстық жұмыс бағдарламасында көрсетілген әдебиеттер тізімі;

Б) лекция материалдары және семинарлық сабақтарға дайындалу үшін оқытушы ұсынған әдебиеттер тізімдері;

В) кітапханалардағы техникалық және пәндік каталогтар;

Г) кейінгі жылдары мерзімдік басылымда жарияланған статьялар мен материалдардың көрсеткіштері;

Д) ғылыми жетекшінің кеңестері.

Курстық жұмыс жоспарын студент ғылыми жетекшімен бірігіп отырып құрады. Жұмыстың орындалу процесінде жоспарға кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бірақ, жоспардың қайта өңделуі жетекшінің рұқсатымен болуы керек.

Әдебиеттермен оқу-танысуды нормативтік құжаттардан, инструкциялардан, заң актілерінен бастаған дұрыс болады. Бұл студентке үкіметінің саясатының негізгі бағыттарының нарық қатынастар заңдары мен стандарттарының еңгізілу саласында және олардың бухгалтерлік есеппен байланысты мәселелерін білуге мүмкіндік береді.

Содан кейін тақырып бойынша монографиялық әдебиеттерді және мерзімдік басылымдардың деректерін қолдануды ұсынады. Оқыған әдебиеттерден көшірмелерді жеке парақтарға, жұмыстың қай бөліміне жататынына байланысты жеке жасаған тиімді болады.

Статистикалық анықтамадан алынған мәліметтер жұмыстың теоретикалық бөлімін көркейтеді.

Цитаталарды нақты жұмыстың шығарылу жылын, бет нөмерін көрсетіп көшіру керек.

Қажетті әдебиеттерді дайындап болғаннан кейін, курстық жұмыстың бірінші бөлімін жазуға кіріседі. Бұл жерде берілген сұрақтың қорытындылану мақсатын нақты ойлану керек.

Теоретикалық жағдайының мазмұның бухгалтерлік есеп және статистикалық ақпараттық мәліметтерінен, Қазақстанның экономикасының алдында тұрған мәселелерімен толықтыру қажет.

Кестеде келтірілген сандар талданылуы керек.

Бухгалтерлік есеп бойынша дұрыс мәліметтер нақты бір кәсіпорында жиналатын болғандықтан қандай материалды қай кезеңде қолдану керектігін анықтау қажет. Алдын-ала оқулықтың сәйкес келетін бөлімін қарап шығу, қажетті ақпарат қорытынды есептің қай түрінде, есеп регисторларының қандай түренде берілгендігін тауып алу дұрыс болады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімі, курстық жұмыстың тақырыбының негізі болып табылатын, ұйымның бір бөлімінің бухгалтерлік есебінің сұрақтарын зерттеуі заңды. Берілген бөлімде мынандай сұрақтардың қамтылуы дұрыс болады:

  • берілген саладағы есептің кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің бүкіл жүйесімен байланысу мәселелері;

  • берілген саладағы есептің қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде теориялық негізделуі және баяндалуы;

  • мәселені шешудің түрлі жолдары туралы студенттің көзқарасы;

  • кәсіпорында есептің ұйымдастырылуын оған ұсынылатын талаптармен сәйкестігі.

Есеп сұрақтарын қарастырған кезде құжаттардың айналымы қамтылады, құжаттын маңызы ашылады, негізгі көрсеткіштердің мазмұны және тағы басқалар ескеріледі. Алайда құжаттың қаралуын және оның реквизиттерін жазу қажет емес. Есеп сұрақтарын бухгалтерлік есеп шоттарында, жеке операциялар түрінде жазу қажет.

Калькуляцияға арналған тақырыптарға калькуляцияның кәсіпорында қабылданған тәжірибесін бейнелеу керек, өзіндік құнды есептеу әдісінің ерекшеліктерін, оның бақа әдістерін айырмашылығын белгілеген көрсету және талдау керек, өнімнің өзіндік құнын бағалауға мысалдар келтіру және өндіріске жұмсалатын шығындардың есебінің әдістемесін бейнелеу қажет етіледі.

Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша студент өзі ойын қорытындылап жазады. Қорытынды бухгалтерлік есептің жетілдіріне бағытталған нақты ұйымдастырылған және негізделген кепілдемелердің қысқа мазмұны болып табылады.

Қолданылатын әдебиеттер тізіміне курстық жұмысты орындау барысында пайдаланылған барлық ғылыми еңбектердің аттары жазылады.

Қосымшалар. Қосымша бетте шығарылған иллюстрацияландың саны мен сапасы студенттің тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды тереңірек үйренгендігін дәлелдейді. Сондай-ақ таңдалып алынған тақырыптың мұқият зерттелгендігін көрсетіп, ұсыныстардың және қорытындылардың негізділігін растайды. Студенттің ұсыныстары курстық жұмыс талапқа сай орындалған болып есептелінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Александер Д., Бриттон А., Йориссен Э. Международные стандарты финансовой отчетности.- Москва «Вершина»,2005 г.

  2. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт): оқулық ретінде Алматы экономика және статистика академиясының ғылыми кеңесі ұсынған, Алматы: Таугуль-Принт, 2006.

  3. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары. Алматы Қаржы Қаражат 1995 ж.

  4. Бухгалтерское дело: Учеб. Пособие для вузов\ Под ред. Проф. Л.Т. Гиляровской.-М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.-382 с.

  5. Ержанов М.С.,Ержанова С. «Есеп саясаты» Алматы 1997.

  6. Жакипбеков С. Тауарлы- материалдық қорлар есебі, Алматы, 2000 ж.

  7. Кеулимжаев К.К. и др. «Қаржылық есеп» Алматы, 2003 г.

  8. Под редакцией Р.М. Рахимбековой «Финансовый учет на предприятии», учебник. Издательство «Экономика» Алматы 2003г.

  9. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Алматы 2005 ж.

  10. Нидлз Б. И др. Принципы бухгалтерского учета / Под ред. Я.В.Соколова. – 2-е изд., стереотип. – М.: Финансы и статистика, 1994.

  11. Палий В. Ф., Соков Я.В. «Теория бухгалтерского учета». М.: Финансы и статистика, 1988.

  12. Пачоли Л. «Трактат о счетах и записях» / под ред. Я. В. Соколов. М.: Финансы и статистика, 1994.

  13. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі, Алматы; Экономика

  14. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы «Экономика», 2000.

  15. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. М., 1996.

  16. Kieso D.E. Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992.

  17. Ряжнова О.В. Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности. М.: ЭКЗАМЕН, 2002.

  18. Толешова Г. Дамыған қаржылық есеп: оқулық. Алматы: Экономика, 2005 ж.

  19. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы -1997ж

  20. Радостовец В.Н. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»Алматы: 2002-

Қосымша әдебиеттер«

  1. Қаржылық есеп-1» пәні бойынша ПОӘК

  2. www..minfin.kz:

  3. ҚЕХС 1 «Қаржылық есеп беруді көрсету»

  4. ҚЕХС 2 «Қорлар (запастар)»

  5. ҚЕХС 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп берулер»

  6. ҚЕХС 16 «Негізгі құралдар»

  7. ҚЕХС 18 «Пайда (түсім)»

  8. ҚЕХС 19 «Жұмысшыларға сыйақылар»

  9. ҚЕХС 23 «Займдар бойынша шығындар

  10. ҚЕХС 36 «Активтердің құнсыздануы»

  11. ҚЕХС 38 «Материалдық емес активтер»

Нормативтік заң актілері

  • 1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-ІІІ заңы

  • ҚР ҚМ «Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекіту туралы» 22.06.07 жылғы № 221 бұйрығы.

  • ҚР ҚМ «Қаржылық есептіліктің нысандарын бекіту туралы» 22.12.05 жылғы № 427 бұйрығы.

  • ҚР ҚМ «Бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарын бекіту туралы» 22.05.07 жылғы № 185 бұйрығы.

  • Қазақстан Республикасынық салық кодексi. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы 2009 жылдың 1 қаңтарынан күшiне ендi. Алматы: Юрист 2009

Ф.7.14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

_______________________________кафедрасы