Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по практике 26.12.12.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

І. Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің мақсаттары, міндеттері және орны

Диплом алдындағы тәжірибе оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Тәжірибені өту барысында студенттер «Ақша, несие, банктер», «Қаржы нарығы және делдалдар», «Бағалы қағаздар нарығы», «Банк ісі», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Биржа ісі және мәмілелер», «Банктік менеджмент және маркетинг» және басқа да арнайы қаржы пәндерін зерттеуде алған теориялық білімдерін бекітіп, компанияда немесе қаржы ұйымдарындағы қаржылық қызметтің тәжірибелік дағдыларын меңгеру керек.

Өндірістік тәжірибе соңғы семестрде өткізіледі және 10 аптаны құрайды.

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе өтудің әдістемелік нұсқаулары студенттерге тәжірибені өтуге көмек ретінде дайындалған. Әдістемелік нұсқаулар «5В050900 - ҚАРЖЫ» мамандығының оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.

Студенттермен диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өтудің мақсаты -

теориялық білімді бекіту және тереңдету, таңдалған мамандық бойынша нақтылы қаржы-экономикалық мәселелерді шешу барысында (банктік менеджмент, бақылау-сараптамалық жұмыстарды жүргізу, инвестициялық портфельді басқару) тәжірибелік біліктілік пен қабілеттілікті дамыту; ғылыми зерттеу және компанияларда жұмыс істеуде ұйымдастырушылық тәжірибесін иемдену; өндірістік тәжірибені өтуді растайтын есептілікті, қорытынды біліктілік жұмысын, сондай-ақ тәжірибе барысында айқындалған өзекті қаржы мәселелері бойынша ғылыми мақаланы даярлауға қажетті мәліметтерді жинау, жалпылау, талдау және жүйелеу; өзіндік жұмысты жүргізу біліктілігін дамыту және зерттеу әдістемесі және есептілікте қарастырылатын мәселелерді шешу барысында қаржы құралдары мен эксперименттік жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру әдістемесін үйрену; студенттердің тәжірибелік жұмысқа дайындығын айқындау.

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе өткізу міндеттері:

  • қаржы-несиелік ұйымның стратегиясын, миссиясын, мақсаттарын,құрылымын; институттар мен компаниялардың өндірістік бөлімшелері және функционалды бөлімдерін зерттеу;

  • бөлімдер мен бөлімшелер мамандарының лауазымды міндеттерін зерттеу;

  • қаржы-несиелік ұйымның қызметін реттейтін нормативті – құқықтық актілер, инструктивті және әдістемелік материалдарды толық зерттеу;

  • ұйымдағы құжаттар айналым жүйесін, есеп беру формаларын зерттеу;

  • ақпаратты өңдеудің және басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі тәсілдері мен әдістерін меңгеру;

  • ұйымның құрылымды бөлімшелері мен фукнкционалды бөлімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіндегі байланыстарын зерттеу; диплом алдындағы тәжірибе өту бойынша әдістемелік нұсқаулардағы мәселелерді нақты және терең білу;

  • тәжірибе бойынша есеп жазу үшін қажетті материалдар, қаржы есептілік мәліметтерін жинау;

  • зерттеу объектісінің қаржылық жағдайын талдау;

  • қаржылық есептілік мәліметтері және басқа да құжаттар негізінде ұйым қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

  • қойылатын талаптарға сәйкес тәжірибе бойынша есеп рәсімдеу және бекітілген мерзімде оны кафедраға тапсыру.

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе өту нәтижесінде студенттер қаржы-несиелік ұйымның қызметінің негізгі бағыттарымен терең танысып, нормативті-құқықтық құжаттарды және ұйымның қаржылық жағдайын талдай білуі керек.

Диплом алдындағы тәжірибе өту бойынша әдістемелік нұсқаулар студенттерге тәжірибе өтуге көмек ретінде дайындалған. Студенттердің өндірістік тәжірибесі – оқыту үрдісінің ажырамас бөлігі, ол өз кезегінде оқу жоспарымен сәйкестендіріліп жүргізіледі және студенттердің мамандығы бойынша тәжірибелік білім мен біліктілікке ие болуына, сондай-ақ теориялық білімін бекітуге, ЖОО-ң және студенттің өзінің қажетті ұйымдар мен мекемелермен іскерлік қатынасын орнатуға мүмкіндік береді.

Күрделі экономикалық жағдайларда қаржылық құралдарды табысты басқару үшін қаржы ұйымдарының мамандары теория, талдау қабілеттіліктері мен тәжірибелік дағдыларды үйлесімді етіп жан-жақты және терең кәсіби білімдерді меңгерулері қажет. Осы талапты орындау тәжірибелік оқыту нысанына маңызды көңіл бөлінетін кадрларды дайындаудың ғылыми-негізделген жүйесінсіз мүмкін емес. Сондықтан студенттердің өндірістік тәжірибесі жоғары кәсіптік білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Тиімді, нақты ұйымдастырылған өндірістік тәжірибе студенттердің академиялық оқуы мен тәжірибелік қызметінің арасындағы үзілісті қысқартуға мүмкіндік береді.

Өндірістік тәжірибеден өткеннен соң студенттер ЖОО-дағы оқу үрдісінің соңғы кезеңіне кіріседі – жинақталған нақтылы мәліметтерге негізделе отырып, дипломдық жұмыс жазып, оны қорғайды.

Аталған оқу-әдістемелік құралы «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге ақпараттық негіз ретінде, диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту және ол бойынша есепті орындауға көмек көрсету мақсатында дайындалды.