- •Бағдарламасы Алматы 2012
- •Мазмұны
- •І. Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің мақсаттары, міндеттері және орны
- •2. Тәжірибені ұйымдастыру, өткізу және басқару тәртібі
- •3. Тәжірибеден өтетін студенттің міндеттері
- •4. Өндірістік тәжірибенің мазмұны
- •4.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы:
- •4.2 Қазақстан қор биржасы (kase ) мен Еуразиялық сауда жүйесінде (етs) диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту бағдарламасы және мазмұны
- •4.3. Қазақстан Республикасының екінші денгейлі банкінде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.5. Қр Сақтандыру Компаниясында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.6. Инвестициялық қорларда өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.7. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты сектор кәсіпорындарында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.8. Орталық Депозитарийде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •4.9. Микронесиелік ұйымдарда, ломбардтарда, несиелік серіктестіктерде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
- •5. Өндірістік тәжірибе бойынша есептілікті құрастыру және қорғау
- •Есептілік құрылымы:
- •Есептілікке қосымшалар:
- •6. Өндірістік тәжірибені өту жөніндегі есептілікті қорғау
- •Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭу «Қаржы» факультетінің IV курс студентінің өндірістік тәжірибеден өтуінің күнтізбелік жоспары
- •Банк бойынша есептілікке қосу үшін қаржылық-экономикалық көрсеткіштер кестелерінің ұсынылатын нысандары (және олардың талдамасы)
4.3. Қазақстан Республикасының екінші денгейлі банкінде диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
№ р/р |
Жұмыстардың атауы мен мазмұны |
1 |
Несиелерді басқару департаменті - потенциалды проблемалық активтер/проблемалық қарыз алушыларды қайта құрылымдау және сауықтыру өызметін жүргізу(соның ішінде профильді емес активтерді); - ірі проблемалы қарыз алушылармен іс-шаралар жүргізу(қарыздарды қайта құрылымдау, тікелей инвестицияларды тартудың сызбаларын іске асыру); - заңды тұлғалардың ірі жобалары бойынша өтініштер қарастыру ( сауықтыру және тұрақтандыру) - сауықтыру мен тұрақтандыруды талап ететін заңды тұлғалардың ірі жобалары бойынша банктің барлық бөлімшелерімен байланысу. |
2 |
Қазынашылық департаменті - банкаралық депозиттердің және Money Market қарыздарын орналастыру, тартудың есебі; - Биржалық және биржадан тыс – Forex нарығындағы форекстік мәмілелер есебі; - қаржыландырудан кейінгі кезеңі бойынша тартылған қарыздар есебі; - реттеу органдарына есеп дайындау. |
3 |
Корпоративті қаржылар департаменті - банк филиалдарымен жұмыс жүргізу, эксперттік қорытынды дайындау,несиелік комитетке шығу, қарыздың берілуін қамтамасыз ету; - банк мүддесіндегі потенциалды клиенттерді айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының кәсіпорындары бойынша ақпарат жинау және өңдеу; - банкке бекітілген клиенттер мен потенциалды клиент болатын кәсіпорындарға мұрағат жүргізу; - заңды тұлғалар тарапынан банктік өнімдер/қызметтерге деген сұранысты анықтау; - потенциалды клиенттерді келіссөздер жүргізу арқылы банкке тарту, қажет болса қызмет көрсетудің альтернативті формалары мен жағдайларын ұсыну; - ақпаратты жинау, өңлеу және талдау жүйесін ұйымдастыру; - заңды тұлғалардың ағымды/жинақ шоттарын ашу, жүргізу және жабу; - заңды тұлғалардың мұрағатын қалыптастыру және сақтау, оны электронды форматта жүргізу; - ҚР заңдарына сәйкес салық инспекциясы органдарына клиенттер шоттарының ашылу/жабылуы жайлы хабарлау. |
4 |
Несиелік тәуекелдер департаменті - ірі жобалар бойынша несиелік тәуекелдерді талдау және бағалау (3 000 000 АҚШ долларынан жоғары немесе теңгедегі эквиваленті); - ірі жоблар бойынша несиелік тәуекелдерді талдау және бағалаудың әдістемелік базасын дайындауға қатысу; - қарыз алушының бизнесінің орналасу жеріне бару немесе қажет болғанда филиалдарға іс-сапар ұйымдастыру; - филиалдармен жобалар бойынша қорытындылар/әдістемелердің бекітілген формаларын қолдануын қамтамасыз ету, сонымен қатар Банктің процедуралары мен шарттарының орындалуы; - ірі жобалардың мониторингін жүргізу бойынша филиалдардың несиелік аналитиктеріне кеңестік және тәжірибелік көмек көрсету. |
5 |
Операциондық қызмет есебі және оны қолдау департаменті - филиалдар бойынша несиелік емес өнімдерді сатудың жылдық көлемін жоспарлау; - филиалдарда бизнес-жоспарлардың орындалуы бойынша есеп дайындау және жоспарлардың орындалуын бақылау; - банк филиалдарының операциондық қызмет жұмысшыларын ынталандыру жүйесін жетілдіру, бонустар есептеу. |
6 |
Бөлшек бизнес департаменті - Банктің ішкі нормативті құжаттарына сай жеке тұлғаларға қарыз беруді іске асыру; - тұтыне несиесі нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізу, соның ішінде бәсекелес банктердің несиелеу шарттары бойынша; - жеке тұлғалардың ағымды/жинақ/маталлдық шоттарын ашу, жүргізу және жабу; - ҚР заңдарына сәйкес салық инспекциясы органдарына клиенттер шоттарының ашылу/жабылуы жайлы хабарлау. |
7 |
Банктік карточкалар департементі - авторизациялық талаптарына және банктің төлем карточкалары бойынша клирингтік операцияларына тәулік бойы мониторинг жүргізу; - авторизациялық талаптар процесінде алаяқтық операцияларды онлайн блокировкалау; - қолма-қол ақша құралдарын шұғыл түрде беру бойынша карталар ұстаушыларға қызмет көрсету және төлем карточкаларын GCAS қызметі арқылы шұғыл ауыстыру; - клиенттерге қоңырау шалу. |
4.4. ЖЗҚ-да (жинақтаушы зейнетақы қорында) диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы
№ р/р |
Жұмыстардың атауы мен мазмұны |
1 |
ҚР, ҚР ҰБ-ң ЖЗҚ-ң қызметін реттейтін құқықтық нормативтік және заңнамалық актілерімен танысу. ЖЗҚ-да корпоративті басқарудың Жарғысы мен Кодексінің мазмұнымен танысу. ҚР-ң жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы және оның ҚР қаржы жүйесіндегі маңызын зерттеу. |
2 |
ЖЗҚ-ң қызметімен танысу: миссиясы, стратегиялық мақсаты, міндеттері, қызмет түрлері, ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы, менеджменті. |
3 |
ЖЗҚ-ң құрылымымен танысу: міндеттері, функциялары, құрылымы, қызметкерлер міндеттерін бөлу, қызметтік ережелері, департаменттер/бөлімдер арақатынасы. |
4 |
Қор салымшылары: міндетті зейнетақылық жарналар бойынша салымшылар саны, ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар бойынша салымшылар саны, халық топтары, қызмет түрлері бойынша ранжирлеу. |
5 |
|
6 |
Қордың Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүргізетін ұйымдарда инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің құрылымын және ЖЗҚ-ң инвестициялық портфелін талдау (ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, аффинирленген алтын, ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары). |
7 |
Қордың номиналдық табыс коэффицентін талдау және ҚР ЖЗҚ бойынша 5 жыл көлеміндегі инфляция индексін ескере отырып салыстырмалы талдау жасау. |
8 |
ЖЗҚ-ң қаржылық жағдайына (капиталдың, активтерінің және оларды орналастырудың құрамы мен құрылымы, оларды орналастыру; қаржылық инвестициялар мен қолданылатын қаржы құралдары; табыстар мен шығыстар, пайда/шығындар; рентабельділіктің, өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың қаржылық коэффиценттері; зейнетақы төлемдері бірліктерінің таза құны, зейнетақы жарналарының бірлігінің таза құны) талдау жасау. ЖЗҚ-ң пруденциалдық нормативтері және олардың орындалуы. Қордың мақсатты бағытталымына сәйкес бүкіл өмірлік циклі бойында қалыпты қызмет етуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамсыздандырылуы. Қордың мақсатты бағытталымына, қызмет ету сенімділігіне, қызметінің экономикалық тиімділігіне, зейнетақылық активтердің өтімділігіне, қатысушылардың зейнетақылық жинақтарының қайтарымдылығына сәйкес бүкіл өмірлік циклі бойында қалыпты қызмет етуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамсыздандырылуы тұрғысынан қарастырғанда қаржылық жағдайының сипаттамасы. |
9 |
ЖЗҚ-ң қаржылық жоспарлауы: жоспарлау тәжірибесі, стратегиялық және оперативті қаржы жоспарын негізгі баптар бойынша жасау. Қордың болашақтағы міндеттемелерін өтеу мүмкіндіктері. |
10 |
ЖЗҚ-ң тәуекел-менеджменті. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қордың құралдарын инвестициялау саясаты. Зейнетақы жинақтарының қайтарымдылығы. |
