Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару есебі.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.Өндірістік қосалқы шығынның аутықуы

Өндірістік қосалқы шығынның ауытқуы ауыспалы және тұрақты өндірістік шығынның ауытқуына келесідей бөлінеді: Ауыспалы қосалқы шығынның ауытқуы:

  1. Пайдаланудың аутықуы;

  2. Тиімділіктің ауытқуы;

  3. Жалпы ауытқу (икемді сметадан ауытқу).

Тұрақты қосалқы шығынның аутықуы:

  1. Пайдаланудың аутықуы;

  2. Тиімділіктің ауытқуы;

  3. Жалпы ауытқу (икемді сметадан ауытқу).

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

  1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

  1. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

  2. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

  3. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

  4. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет.

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауытқу дегеніміз не?

  2. Ауытқу түрлерін атаңыз?

  3. Нормативтік шығындарға түсінік беріңіз?

  4. Нормативтік әдістің модификацияларына тоқталыңыз?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

  2. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. М., Аудит, 1998 г. *

  3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

  4. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г. *

  5. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.