Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_SRSP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

Сақтардың өнері мен саудасы.

Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.

Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әртүрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған.

Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған:

1) жер астындағы әлем

2) орта жер әлемі

3) аспан әлемі

Сақтардың археологиялық ескерткіштері.

Шірікрабат– апассияктардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан.

Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бәбіш Молда қаласы.

1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған Есік қорғаны – б.з.б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада бай жас сақ жауынгері жерленген, оның барлық киімі алтынмен қапталып киіндірілген. Сондықтан ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдары көмілген.

Ежелгі грек тарихшысы Герадот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған. 2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).

Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының очеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.

Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді.

Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа дейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.

Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.

Үйсіндердің саяси құрылымы.

Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасында орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді дағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ұштасып жатты.

Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.

Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.

Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]