Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0479102_C02EB_gabitov_t_h_zanger_etikasy.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
574 Кб
Скачать
☆

21. Францияның ұлттық полициясының

деонтологиялық кодексі

1 бап

Ұлттық полиция мемлекеттің бүкіл аумағында республикалық институттарды қорғауды

қамтамасыз етуге, қоғамдық тəртіпті сақтауға, азаматтар мен олардың мүліктерін қорғауға қызмет

етеді.

2 бап

Өз міндеттерін орындау барысында ұлттық полиция өз қызметін Адам жəне азамат құқықтары

декларациясына, Конституцияға____________, халықаралық келісімдер мен заңдарға сəйкес жүзеге асырады.

3 бап

Ұлттық полиция заң талаптарын орындаушы барлық азаматтарға қызмет етуге дайын.

4 бап

Ұлттық полиция иерархиялық қағидасына сəйкес, қылмыстық істер жүргізу кодексіндегі заң

полициясының қызметіне қатысты ережелерді ескере отырып ұйымдастырылады; ол ішкі істер

министріне бағынады.

5 бап

Осы деонтологиялық кодекс ұлттық полицияның қызметкерлері үшін жəне полициялық

функцияларды жүзеге асыруға қатысушылардың барлығы үшін міндетті күшке ие.

6 бап

Осы кодексте бекітілген кезкелген ережелерді орындамау тəртіптік санкцияларды тағайындауға

негіз болады; егер бұл əрекеттер қылмыстық кодекске сəйкес заңға қайшы деп сараланса тəртіптік

санкциялар жазаның дəрежесіне əсер етпейді.

7 бап

Ұлттық полицияның қызметкері республикалық институттарға адал болуы тиіс. Ол адал, əділ

болуы жəне ешкімге сатылмауы тиіс. Ол қандай жағдайда болмасын өз қадірқасиетін ұмытпауы

керек. Қоғамға қызмет ету мақсаты болғандықтан, полиция қызметкерінің жүрістұрысы барлығына

үлгі болуы керек. Ол əрбір азаматқа, оның тегіне, ұлтына, əлеуметтік мəртебесіне, саяси, діни

көзқарастарына қарамастан, сыйластықпен қарауы керек.

8 бап

Ұлттық полицияның қызметкері қоғамдық тəртіпті бұзатын əрекеттерді болдырмау мақсатында,

тіпті, қызметтен тыс жерде де, өз еркімен қауіпті жағдайдағы кезкелген азаматқа жəрдем беруі

жəне азаматты тұлғалық немесе мүліктік қол сұғушылықтан қорғауы тиіс.

9 бап

Заңды негізде күш қолдануға, нақты айтқанда, қару қолдануға мəжбүр болған жағдайдың өзінде

де қызметкер бұл əрекетті аса қажеттілік жағдайында ғана жəне қалыптасқан жағдайға қатаң

сəйкестікпен жүзеге асыруы тиіс.

10 бап

Əрбір ұсталған азамат полицияның қорғауында болады, сол себепті де, ол азамат үшін

жауапты болады; мұндай азамат полиция қызметкерлері жəне басқа да тұлғалар тарапынан

ешқандай зорлық, адамдық қадірқасиетті таптауды көрмеуі тиіс.

Жоғарыда аталған əрекеттерге куə болған полиция қызметкері оларды болдырмуға шаралар

қолданбаса немесе болған жайт туралы сəйкес басшыларға хабарламаса, тəртіптік

жауапкершілікке тартылады.

Қарауында көмекті қажет ететін ұсталған адам бар полиция қызметкері медицина

қызметкерлерін шақыруға, ал қажет болған жағдайларда оның өмірі мен денсаулығын сақтап

қалуға байланысты шаралар қолдануға міндетті.

11 бап

Полиция қызметкері қызметтік құпия мен кəсіби құпияларды сақтауды талап ететін қызметтік

міндеттерді орындаумен байланысты ақпараттардан басқа кезкелген ақпаратты еркін түрде

беруге құқылы.

12 бап

Ішкі істер министрі ұлттық полиция қызметкерлерін олардың өз қызметтік міндеттерін атқару

барысында немесе қызметтік ісқимылдар үдерісінде қорқытудан, зорлықтан, билікті өзіндік

иемденуден, өтірікөсектен, қорлаудан қорғайды.

13 бап

Билік берілген басшы əмір беру функцияларын атқарады. Ол шешімдер қабылдап, олардың

орындалуын талап етеді; ол өз шешімдерін бұйрықтары арқылы білдіреді. Бұйрықтардың нəтижелі

орындалуы үшін олар нақты болуы керек жəне қажетті түсіндірулері болуы қажет.

14 бап

Басшы өзі берген бұйрықтары үшін, олардың орындалуы мен салдары үшін жауапты болып

табылады. Егер ол өз қарамағындағылардың біріне өзінің атынан əрекет етуді тапсырса, оның

жауаптылығы толығымен сақталады; бұл қарамағындағылардың өз функциялары жəне берілген

бұйрықтар шегіндегі əрекеттеріне де қатысты.

Полиция қызметкері басшының берген бұйрықтарын дəл орындауға міндетті. Ол оларды

орындағаны немесе орындамағанының салдары үшін жауапты болып табылады

15 бап

Басшы бұйрықтарын өзінің тікелей қарамағындағы қызметкерлерге береді. Егер жедел

қажеттілік бұл тəртіпке бағынуға кедергі жасаса, аралық буындардың басшылары бұл жөнінде

жедел түрде хабарландырылуы тиіс.

16 бап

Полиция функцияларын жүзеге асыруға əскери немесе азаматтық билік өкілдері шақырылған

жағдайларды есептемегенде, егер бұл жалпы тəртіптік ережелермен көзделген қажеттікке сəйкес

жүзеге асырылмаса, ешбір басшының қызмет ету саласы оның құзіретінен тыс полиция

қызметкеріне бұйрық беруге құқығы жоқ.

17 бап

Берілген бұйрық заңға қайшы сипатта болып, қоғамдық мүдделерге зиян келтіру мүмкіндігі

айқын жағдайларды есептемегенде, басшының қарамағындағы қызметкер оның барлық өкімдері

мен бұйрықтарын орындауға міндетті.

Егер қызметкер берілген бұйрықтың жоғарыдағыдай сипаты бар деп тапса, ол осы бұйрықты

берген басшыға аталған бұйрықтың заңға қайшы сипатын нақты жəне айқын көрсетіп, оған

келіспейтіндігін білдіруге міндетті. Егер бұйрық қайталанса, жəне егер қызметкердің түсіндіруі мен

талдауына қарамастан, басшы оның орындалуын талап етсе, қызметкер бұйрықты берген

басшының тікелей бастығына жүгіне алады. Бұл бастық бұйрықты орындаудан бас тартушы

қызметкердің негіздемесін қарауға міндетті.

Бұйрықты орындаудан бас тарту жоғарыда аталған жағдайларға сəйкес келмесе, қызметкер

жауапкершілікке тартылады.

18 бап

Полицияның əрбір қызметкері өз басшылығына берілген бұйрықтардың орындалғандығы

туралы, қажет болған жағдайларда, оларды орындауға кедергі болған себептер туралы баяндап

отыруға міндетті.

19 бап

Ұлттық полиция мен əкімшілік басшылықтың заң полициясы функцияларын атқару

барысындағы қызметін прокуратурамен қатар, жоғары тұрған басшылар, бас əкімшілік инспекция

қадағалайды. Бұл ұлттық полицияның жеке құрамына қатысты жүзеге асырылады.

20 бап

Мемлекеттің жəне жергілікті жерлердің ішкі істер министрі Француз Республикасының ресми

Журналында жарияланған осы декреттің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

(Парижде жарияланған, 18 наурыз 1986 жыл: Мемлекеттің жəне жергілікті жерлердің ішкі істер

министрі).