Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0479102_C02EB_gabitov_t_h_zanger_etikasy.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
574 Кб
Скачать
☆

11. Рим құқығы жəне мораль

Рим құқығының мəні оның заңды мазмұнымен ғана шектелмейді. Оның адамгершілік

аспектісінің өзі дербес мəнге ие. Рим құқығы адамзат тарихында ерекше орынды иеленген.

И.А.Покровский жазғандай, ол өзін ойлап тапқан халықты артқа тастап, біздің күнімізге жетті жəне

əлемді екі рет жаулап алды.

Алайда, империяның дамуымен ескі патриархалды құрылым жоғала бастады, қарапайым

табиғи шаруашылықтың орнына күрделі экономикалық қатынастар келді. Жаңа өмір əрбір жеке

тұлғаның өз күші мен қабілеттерін барынша пайдалануды талап етті. Рим құқығы да өз сипатын

өзгертіп, бейімделе бастады. Маңызды адамгершілік ерекшеліктерінің бірі оның жеке тұлғалық

бағыттылығы болса, ал негізін құраған тіректер — тұлға бостандығы, меншік бостандығы жəне

шарттар мен өсиеттердің бостандығы болды.

Рим құқығының екінші ерекшелігі болып оның əмбебаптығы табылды. Ол Рим құқығының

халықаралық сауда қатынастарына барынша ден қоюымен байланысты болды. Əрқашан оның

аумағында түрлі ұлт саудагерлері қатынасқан көптеген іскерлік қатынастар қалыптасатын; римдік

магистраттар осы қатынастардан туындайтын дауларды шешуге, осы дауларды шешу үшін

нормалар шығаруға міндетті болатын. Бұл жерде ескі рим құқығы аталған мақсатталаптарға жауап

бере алмады, жергілікті жəне ұлттық ерекшеліктерден тəуелсіз, римдікті де, гректі де, египттікті де,

галлды да қанағаттандыратындай жаңа құқықтың қажеттігі туды. Халықаралық қатынастарда

пайда болатын халықаралық айналымның əдетғұрыптарын өзіне сіңіре білген, жанжақты,

бүкілəлемдік құқық қажет болды.

Тағы да И.А.Покровскийдің сөзіне жүгініп өтелік: “Шын мəнінде бұл құқықты жасаушы бүкіл əлем

еді. Ал Рим болса халықаралық айналымның əр жерде шашыраған əдетғұрыптарын қайта

өңдеуден өткізіп, оны біртұтас жүйеге айналдырған лаборант ролін атқарды. Əмбебаптық жəне

жеке тұлғалық — бұл біртұтастықтың негізгі бастамалары”.

Рим құқығының қалыптасып бітуі атақты заңдар жинағы–император Юстинианның Corpus Juris

Civilisімен тұспатұс келеді. Жаңа халықтардың табиғи экономикалық дамуы оларды халықаралық

сауда қатынастарына алып келеді. Экономикалық даму қайтадан тұлғаны кезкелген феодалдық,

қауымдық жəне патриархалдық құрсаулардан босатуды, жеке тұлғаға қызмет бостандығын, өзінөзі

анықтау бостандығын беруді талап етеді. Рим құқығы қайтадан зерттеушілік пен танысу пəніне

айналады. Ол жергілікті жəне ұлттық заңнамаға ауысады, яғни, рим құқығының рецепциясы деп

аталатын үдеріс жүзеге асады. Мысалы, Германияда 1900 жылға дейін Юстиниан Заңдарының

формальдық əсері сақталып келді, ал олардың материалдық əсері қазіргі кезгі кодекстердің

баптары мен параграфтарында əлі де сақталған. Бекерденбекер ол жазбаша сана, ratio scripta,

деп аталмаған ғой.

Ең таң қаларлығы, рим құқығын демократиялық типтегі мемлекеттер мен саяси режимдермен

қатар авторитарлық (немесе тоталитарлық) типтегі мемлекеттер де өз құқық жүйелеріне сіңіре

білген. Бұл жерде басты айырмашылық — алғашқылары ашық жəне жариялылы түрде жүзеге

асырса, кейінгілері жариясыздықты негізге алған. Мұндай қарамақайшы жағдайлардағы рим

құқығының маңыздылығын қалай түсіндіруге болады? Басқаша айтқанда, алдымен құқықтың

көмегімен адамның əлемі үйлестікке ие болады, оған белгілі бір тəртіптер енгізіледі. Алайда,

пайда бола салысымен бұл тəртіп өз шегінен асып, қарамақайшылыққа айналады. Себебі, рим

құқығы өмірдің өзгеруімен, оның экономикалық жəне идеологиялық көріністерінің өзгеруімен қатар

дамиды.

Республика кезеңінің алдындағы патшалар заманында рим құқығы мемлекеттік құрылымның

негізгі элементтерін анықтады, олар: патша, сенат, халық жиналысы. Патша мемлекеттің жоғарғы

басшысы болып табылады, оның қолында мемлекеттік биліктің барлық функциялары

жинақталған. Ол — халықтың бас қолбасшысы да, ішкі тəртіпті сақтаушы да, құдайлардың

алдындағы халық өкілі де. Қолбасшы ретінде ол əскери күштерді басқарады, командирлерді

тағайындайды. Ішкі тəртіпті сақтаушы ретінде ол сот жəне қылмыс жасаған адамдарды жазалау

құқығын, тіпті, өмір мен өлім құқығын да иеленеді. Жоғарғы абыз ретінде ол жалпыхалықтық

рəсімдердің жүзеге асыру тəрітбін анықтайды.

Əртүрлі куриялардан құралған халық жиналысы жаңа заңдарды, азаматтық, жеке құқықтық

өмір, ішкі жəне сыртқы саясат (мысалы, соғыс жариялау, бейбіт келісімге келу жəне т.б.)

мəселелерін талқылады. Бұл құрылым қазіргі кездегі құрылымды еске түсіреді. Əртүрлі

режимдерде аталған үш элементтің тек мəні, жариялығының немесе жариясыздығының дəрежесі

ғана өзгереді.

Бұл жерде тағы да бір қызық мəселе туындайды. Биліктің жариялығы немесе жариясыздығы

мəселесі саясаттанушылар мен философтарды бұрыннан бері ойландыруда. Мысалға,

К.Поппердің “Ашық қоғам жəне оның жаулары” атты еңбегін алайық. Мұнда жариясыздықты

(жабық қоғамды) автор мемлекеттегі ішкі тоталитарлық ұлтшылдықтың болуымен, тайпалық

психологияның оянуымен, ұжымдық жауапкершіліктің моральдық қағидаларының кең таралуымен,

басқа ұлттар мен барлық басқаша ойлаушыларға деген жаулық қарымқатынаспен

байланыстырады.

Республика кезеңіндегі рим құқығы тарихының да саяси өмірдің талабы — адамгершілік

нормалардың пайда болу көзқарасы тұрғысынан маңызы зор болды. Рим аумағының кеңеюі

мемлекеттік құрылымды ұйымдастыруда əртүрлі аумақтардың ерекшеліктерін ескеру қажеттігін

тудырды. Олардың тұрғындары əртүрлі азаматтық мəртебеге ие болды жəне осының нəтижесінде

екіге бөлінді:

1. Барлық құқықтарды иеленген толық құқылы азаматтар. Бұлар ерекше санатқа жатқызылды.

2. Азаматтық қатынастар саласында толық құқыққабілеттікті иеленген, алайда, саяси

құқықтарды иеленбеген азаматтар. Олар мекендеген аумақтардың ішкі автономиясы шектеледі,

ал оларды басқару үшін Римнен ерекше префекттер жіберіледі.

Риммен күресте айқын жеңіліске жеткен қауымдастықтар өздерінің ішкі дербестігінен, ішкі

басқарудан айырылды, енді оларды Римнен жіберілген өкілдер басқаратын болды. Ал Римге өз

еркімен берілу əлсіз болса да, белгілі бір шарттың элементін білдірді. Мұндай өз еркімен көну

болмаған жерлерде, оккупация, яғни, жаулап басып алушылық жүзеге асырылатын, ал сол

жерлердің тұрғындары əскери тұтқындар ретінде құлдарға айналатын. Осы кезеңде (б.э. дейінгі

45 ж.) қалалық құрылымның əлеуметтік заңдары жасалып, Римнің билігіндегі, алайда Италия

аумағынан тыс жерлерге — провинцияларға қатысты ерекше заңды қатынас анықталады.

Сонымен, төмендегідей қорытындыға келуге болады: тұрғындардың табиғи факторлардан

(аумақтық, географиялық жəне т.б.) туындаған теңсіздігі құқықта бекітілген болатын.

Ежелгі Рим тарихын үш кезеңге бөлуге болады: патшалық кезең (б.э.дейінгі 754—510 ж.ж.);

республикалық кезең (б.э. дейінгі 509—28 ж.ж.); императорлық кезең (б.э. дейінгі 27 ж.— б.э. 476

ж.). Содан кейін империяның құлдырап, құлауы жəне оның екіге бөлінуі орын алды: Батыс

империя (астанасы — Рим) жəне Шығыс империя (астанасы — Константинополь).

Республикалық Римдегі мемлекеттік билік элементтері болып халық жиналысы, сенат пен

магистратура табылды.

Халық жиналыстарында халық үстемдігінің идеясы айқын көрініс тапты. Жиналыс белгілі бір

тəртіппен ұйымдастырылады, оның бірнеше түрлері болады. Жиналысқа заң жобалары

ұсынылады, ал дауыс беру ашық жəне жабық (жазбаша) нысандарда жүзеге асырылады.

Магистратуралар – жергілікті жерлердегі билік. Магистраттар — мемлекеттік “ұлылықтың” өкілдері.

Магистарттың лауазымы — қызмет емес, атақ, даңқ, бұл билік сайланбалы жəне ақысыз сипатқа

ие. Алайда, оның өзіндік шектеулері де болған: магистраттар бір жылға ғана сайланатын, алқалық

қағида орын алған, лауазымдық əрекеттер үшін сот алдында жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі

(жауапкершілік қағидасы).

Бұл құрылымның өзіндік кемшіліктері де болған. Қазіргі күндегідей, өз кандидатурасын белгілі

бір лауазымға ұсынғысы келген тұлға міндетті түрде үгіттеу жұмыстарын жүргізетін. Ал бұл кезде

сатып алушылықтар орын алатыны белгілі. Бұған дəлел ретінде, сол кездің өзінде заңға қайшы

жүргізілген үгіттеулермен күреске бағытталған заңдардың болғандығын айтып өтуге болады.

Цензура қоғам өмірінде əртүрлі рольді иеленді. Республиканың гүлдену кезеңінде ол саяси өмірге

өзінің əсерін тигізіп отырды.

Плебейлерді магистратуралардың заңсыз əрекеттерінен қорғау мақсатында халық трибундары,

яғни, белгілі бір дəрежедегі бақылаушылар, магистратураларға қарсы магистратура құрылды.

Олар біртіндеп əлеуметтік жағдайы төмен халық тобын қорғау мақсатында бекітілген жалпы

нормаларға наразылық білдіру құқығын иеленді.

Аталған кезеңнің құқықтық дамуының қорытындысы болып екі қайнар көзге сүйенген құқық

жүйесі табылды. Ол қайнар көздер:

— цивильдік құқық (азаматтық заңнама нормаларының жүйесі);

— адам құқықтары: бұл нормалар түрлі мемлекет жəне ұлт өкілдері қатынасқан халықаралық

сауда айналымының жалпы əдетінен алынды. Өз мазмұны бойынша бұл құқық жалпыхалықтық

сипатқа ие, ол бостандықтардың көптігімен жəне икемділігмен ерекшеленді.

Оның көптеген ережелері Римдік арнайы нормаларды ысырып, əдетғұрып немесе заң

жолымен преторлық эдикттен азаматтар арасындағы айналымға өтті. Бұл ережелердің оң мəні —

Рим заңгерлерін барлығымен бірдей мойындалған ережелерден құралған (мысалы, туыстық,

атаананы сыйлау жəне т.б.) барлық халық үшін жалпы құқықтың бар екендігін түсінуге

итермелеуінде. Мұндай жалпылықтың себебін түсінуге тырысқан олар мұның мəні адамның

табиғатында (немесе, тіпті, барлық жануарлар табиғаты) деп пайымдады. Бұл көзқарастың

нəтижесінде табиғатпен байланысты құқықты табиғи құқық немесе jus naturale деп атай бастады.

И.А.Покровскийдің ойынша, “адам құқығы” мен “табиғи құқық” түсініктерінің пайда болуы заң

ойларының əлдеқайда кең сала — құқық философиясына алғашқы қадам басқаны туралы

дəлелдейді деп түсінді.

Бұл түсініктермен “əділеттілік” түсінігі де тығыз байланысты. “Əділеттілік” түсінігі мораль мен

əлеуметтік саясат қағидаларын қамтитын категория ретінде түсіндірілді. Цицерон мемлекетті

халыққа тəн іс, оның барлық еркін мүшелерінің жалпы мүддесінің көрінісі, сонымен қатар, осы

мүшелердің келісілген құқықтық қарымқатынасы, құқықтық құрылым, “жалпы құқықтық тəртіп”

ретінде түсіндірді. Ол, өзі үшін ерекше беделге ие ежелгі грек ойының өкілдеріне сүйене отырып,

мемлекеттік құрылымқұруға деген ұмтылыс — адамдардың əлсіздігі мен қорқынышы емес, ал

олардың бірігіп өмір сүруге деген тумысынан берілген табиғи қажеттілік. Цицеронның

ойынша, мемлекеттің пайда болуы табиғаттың жалпы талаптарына, соның ішінде, адам

табиғатының талаптарына жауап береді. Адамдарда табиғаттың өзінен сана мен əділеттілік

негіздерінің болуының, құдай бастамаларын түсінуінің нəтижесінде ғана белгілі бір тəртіпке

бағынған адамдық қарымқатынастардың, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мүмкін болды.

Басқарудың үш нысанын (патша билігін — монархияны, аристократтар билігін —

аристократияны, халық билігін — демократияны) талдай келе, ол ең қолайлы нысан ретінде осы

үш билік нысандарының жақсы жақтарын өзіне сіңіре білген аралас нысанды санады. Себебі, таза

күйінде олардың əрқайсысының өзіне тəн кемшіліктері бар. Жалғызілікті басқарушының немесе

белгілі бір топтың тираниясы — мемлекет нысаны белгілерін жоғалтады, себебі, бұл жерде

мемлекетті ортақ іс жəне халық мұрасы деп түсіну орын алмайды.

Цицерон мемлекеттің аралас түрін жақтай отырып, тəжірибедегі саясаткер ретінде жоғарғы топ

пен төменгі топ мүдделерін білдіретін көзқарастардың ішінде “ортаңғы” позицияны ұстанды. Оның

пайда болып келе жатқан əскери диктатураға қарсы тұруы өлімге алып келді: ол сотсыз өлім

жазасына тартылатындар тізіміне қосылып, басын алып тастау арқылы өлтірілді.

Табиғи құқық — ең жоғарғы, шынайы заң. Құқық адамның шешімдерімен, қаулыларымен емес,

табиғат арқылы орнықтырылады. Адамдар қалыптастырған заң табиғаттағы тəртіпті бұзбайды.

Адам заңдарының табиғатқа (немесе табиғи құқыққа) сəйкес келуі немесе қайшы келуі олардың

əділеттілігінің немесе əділетсіздігінің өлшемі болып табылады. Əділеттіліктің көрінісі төмендегідей:

кімдекім саналы түрде басқарса, əйтеуір бір күні біреуге бағынуы мүмкін, кім біреуге саналы түрде

көнсе, əйтеуір бір күні басқаруы мүмкін.

Цицеронның ілімінде жазбаша құқықты (табиғи құқықпен салыстырғанда) жеке жəне бұқаралық

деп бөлу орын алған. Рим құқығы тұтасымен жəне Цицеронның шығармашылық мұрасы кейінгі

мəдениетке, христиан ойшылдарының, Қайта өрлеу кезеңі қайраткерлерінің, француз

ағартушыларының көзқарастарына зор үлесін тигізді.

Біз талдап өткен тарихи оқиғалардың қазіргі кездегі төмендегідей құбылыстарды түсінуде

маңызы зор: Отан тұтастығының адам санасынан алшақтығы, өмірден алыстау, қаржықаражатты

алдау, зорлау жолдарымен табуға ұмтылу. Кейбіреулер өздеріне əртүрлі бағыттағы

философиядан жұбаныш табады: стоицизм, эпикуреизм, скептицизм. Рим əлемінің əлсіздігі, оның

жағдайы “христиан дінінен көрініс табатын жоғарғы рухтың қиналуына айналды”.