Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
багдат реф.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Мөде тәңірқұтының әскери реформасы:

1. Сарнама жебе жасап, өзі қайда садағын тартса жауынгерлерін солай қарай бағыттауға үйретуі.

2. Әскерлерге сап түзеп жүру тәртібін енгізуі.

3. Әскери жаттығулардан кейін сынақ байқаудан өту.

4. Шабуылға жоспарлы түрде шығу.

5. Атты әскерлер жауды ойсырата жеңу үшін екі мәселені берік ұстану керек, біріншісі, тез қимылдап, дұшпанды тарпа бас салу, екінші-жауды шатастырып алдап соғу.

6. Егер жауынгер бір жауын өлтірсе, оған сыйлыққа бір кесе шарап берілген. 7. Әскери тәртіп бұзғандары және жауынгерлік міндеттерінен жалтарғандары үшін өлім жазасы қолданылған.

Шаруашылығы. Ғұндардың тұрақты мекен – жайларына және зираттарына жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинастырылған сүйектерге жасалған анализдер олардың үй жануарларының барлық түрін өсіргендегі айқындалып отыр. Ол қытай жазба деректеріндегі үйір – үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деген хабармен сай келеді. Байкал маңындағы Нижеволгинск қалашығына жүргізілген қазба жұмысының кезінде ғұндардың егін егумен айналысқандарын көрсететін астық қалдықтары табылған. Сонымен қатар, егіншіліктің болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға жіне оны жинап алуға қажетті құралдар табылған.

1940 жылы археологтар Оңтүстік Сібірде Абахан қаласының оңтүстік жағынан 8км жерден қытай өңіріндегі үлкен сарайдың жұртын тапты. Орталық сарай көлемі 144 кв м. оған қосымша қосалқы 15 құрылыс жүелері салынған. Құрылыс материалдарының ішінде қытай үлгісіндегі қаңылтақ кірпіш бар. Өрнегі бар қағылтақ кірпіштерде «Көк ұлы ұзақ өмір жасап мәңгі қуанышқа бөленсін» деген жазуы табылған. Құрылыс астында тастан жасалған жылу жүйесі «Кәң» табылған. Мұдай кәңдер ұйғыр, корея, қытай елдерінде қолданылады.

Діни наным-сенімдері. Әдет – ғұрыптары, ғұндардың діни нанымдары, ата-баба аруағына сенуі – о дүниеге табынудың белгісі. Өліктң орап, екі қабат табытқа салу ол о дүниеде мұздап қалмасын деген ойдан туған. О дүниеде қызмет етеді деп құлдарды бірге қойған. Жауынгерлерге құрбандық ретінде ержүрек тұтқындар шалынған. Ғұндар жыл сайын көктемде өздерінің ата-бабаларына, аспан мен жерге, аруақтарға құрбандық шалған. Тәңірқұт,күн сайын,таңертең шығып келе жатқан күнге,кешқұрым айға тағзым еткен.Әсіресе жаңа туған айдың бірінші күні ерекше құрметтелген.Ғұндар істі бастаудан бұрын айға қарап,ай толық болса бастаған.Жаңа айдың алғашқы тууында мемлекет басшылары, кіші хандар мен уәзірлер Тәрірқұт ордасы жанындағы ғибадатханаға барып, кіші жиын өткізетін болған.Ал айдың бесінші жаңасында барлығы Луң-чыңға барып үлкен жиналыс өткізген. Ғұндардың өзіндік азаматтық құқық заң жүйесі болған.Қанжар не пышақ салып,адамды өлімші етіп жаралағандар өлім жазасына кесілген; ұрлық жасағандар мал-мүлкі түгел тәркіленген. Жеңіл қылмыс жасағандардың беті тілініп, ауыр қылмыс жасағандар өлім жазасына бұйырылған.

Қаңлы

Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар б.д.б. 3 ғ. Қытай жазба деректерінеде қаңжүйлер деп аталса, ал б.з.б 5ғ. Парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» қангха болып кездеседі. Түркі руналық жазуларында Қангю- Тарбанд деген кенттің аты бар. «Қангю, қангха, Қангю –Тарбанд» сөздерінің көрнекті ірі елдерінің жазба деректерінде сақталуының өзі қаңлы тайпалар бірлестігінің жай ғана ру тайпалық деңгейде өмір сүріп қана қоймай, олардың мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, ол елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасағандарын да көрсететін сияқты. Ал қангю немесе қаңлы этнонимінің мағынасы немесе оның пайда болған мерзімі осы күнге дейін белгісіз. Ғылыми пікірлер бойынша қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары делінген.

Қаңлы туралы алғашқы деректердің бірі Византия елшісі Земархтың 568 ж. Түрік қағанатына кетіп бара жатқан жолында Қаңлы елінің үстінен өткендігін хабарлайды. Ал екінші бір деректе қаңлы атауының шығуы Оғыз қағанымен байланысты. Бұл хабар түрік дәуіріне қарағанда кейін шыққанг. Мұнда «Оғызнаме» дастандарында Оғыз қағанының бір жорығында көптеген олжаға ие болып, алып жүруге мүмкіндік болмай тұрғанда әскерлердің арасынан бір шебер кісі шығады. Оның аты Бармақлық Жосын Білік екен. Осы шебер бір қанға жасаған. Үстіне сансыз олжаны тиейді. Ал жанды олжаны қанға тиеп елге келген екен. Міне осы қанға жүргенде дауысы шығып қанға-қанға деп шиқылдаған дауысына күлген Оғыз қаған , саған Қанғалық аты беріліп, қанға аты сақталсын депті. Қаңла аты осыдан шыққан деген ой парсы тарихшысы Рашид –ад-иннің «Жамих ат –тауарих» атты еңбегінде және Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» де кездеседі. Алайда бұлар Қаңлы сөзінің жазба деректеріндегі шыққан кезіне мүлдем сәйкес келмейді.

Қаңлы тайпаларын қытай жазба деректері бойынша, алғыш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н.Я.Бичурин мен Н.В.Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В.В.Бартольд. Ол жазба деректерді қорытындылай келіп қаңлы тайпаларын Сырдарияның орта ағысында өмір сүрген деп тұжырым айтады.

Қаң лылардың орналасуы жайлы «Хан кітабының» «Үйсін мемлекеті баянында» Үйсін мемлекетінің батыс жағы Қаңлынаң орталығына 5000 ли жер десе, ...Ол кездегі Қаңлының астанасы Талас өзені бойындағы қазіргі Талас қаласының төңірегінде болған. Сондықтан Қаңлының шығыс шекарасы Ыстықкөлдің батысы Талас өзенінң жоғарғы ағысы. Сонда Шу мен Талас өзендерінің орта ағысынан батысқа қарайғы жазықтық пен таулы аймақтың бәрі Қаңлының жері болған. Балқаш көлінің батыс жағы да қаңлыларға қараған.

Қаңлылар туралы орта ғасыр кезіндегі хабарды Плано Карпиниден білеміз. Ол монғол жеріне барып қайтқан сапарында Қаңлылардың жерін басып өткендігін олардың қуманша сөйлесетіндерін хабарлайды. Бұл хабар қаңлы тайпаларының түркі тілде сөйлегенін көрсетеді.

Қытай деректеріне қарағанда қаңлы мемлекетінің иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Юегень деп аталатын бес аймақ болған. Оның Юени – Ташкент аймағы болса, екіншісі Юегень –Хорезм аймағы. Ал А.Н.Бернштамның пікірі бойынша, Сусе –Сырдарияның орта ағысы мен Қаратаудың солтүстігі. АлФуму –Сырдарияның орталық ағысындағы Жаңақорған қаласынан солтүстік батысқа қарай Қазалыға дейін болса, ал Ги –Сырдарияның төменгі ағысы. С.П.Толстовтың пікірі бойынша қаңлы тайпаларының саяси орталығы – Хорезм қаласы.