Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
багдат реф.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Шаруашылығы

Қаңлы тайпаларның қыстақ кенттеріне және оның аймағына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси өмірінен, әлеуметтік – экономикалық жағынан көптеген материалдар берді. Алғашқы көзге түсетін басты мәселе шикі кірпіштен жасалған тұрғын – жайлардың орындары. Үй- жайлардың жанынан салынған қора –қопсы, шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде жазылғандай қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде өмір сүрді деген. Қазба жұмысының кезінде Қостөбе, Ботайтөбе, Ақтөбе қалашықтарынан ақ егістің де, көк егістің де егілгенін көрсететін дәндер және түрлі тас үккіштер, соққылар, тас диірмендер табылғын. Тұрғанжайлардың ішінде астық сақтайтын ұраларда көп кездеседі.

Мәдениеті

Қаңлы тайпаларының обаларына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарда, олардың әдет – ғұрпы, салт –саналарын баяндайтын көптеген материалдар табылған. Отқа, айға, күнге табылған. Өлген адамдармен құрал –сайман, қару – жарақтар, сән –салтанатты әшекей бұйымдар бірге жерленген, о дүниеге табынған, ата –баба аруағына сиынған.

Қытайдың «Сұй патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде» Қаңлы елінде ата –бабалар мазары бар, әр жылы маусым айында барлық иеліктер жиылып, ата –бабаларына шек беретіндері жазылған.

Қытай деректерінде Қаңлылардың ән –күй, музыка, би өнерлерінің өте жақсы дамығандығы туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Қытай ақсүйектері той –думан жасағанда қаңлы елінің өнерпаздарын шақыртатындығы жазылған. Таң патшалығы дәуірінің ақыны Бй Жүий өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қаңлы елінен келген бишінің өнеріне өлең шығарған.

«Биші бикеш ойқастап,

Оңға , солға бой тастап,

Жауған қардай қалықтап,

Құйындай құйғып шарықтап,

Мүдіруді білмеген,

Бұрала толқып билеген,

Келіпті бикеш қаңлыдан.

Алты айшылық арыдан,

...............................................

Қытайдың «солтүстік патшалық өңірі» шежіресінде қаңлылардың жазу мәдениеті болғандығы хабарланады. Онда «Қаңлылардың жазуы көлденең жазылады, олардың өздері жазған кітаптары бар». Алайда ол жазу қандай жазу екендігі белгісіз. Деректерге қарағанда 13 ғ. Қаңлы тілінің сөздігі жасалған. Сөздік «Таббион Әл –луғат ат түркі әла лисал әл қаңлы»- деп аталған. Сөздіктің авторы Мухаммед ибн Қайыс

Үйсіндер

Н.Мыңжанұлы қазіргі Шыңжаң жері болып отырған Шапшал ауданы мен Моңғол күре ауданының орталығында Тәңір тауының бір бөлігін Үйсін тауы деп аталатынын жазған. Қытайдың ежелгі ханзуша жазба деректерінде, үйсінді «Усон» деп атаған. Толы ауданында «Сары ғусын» деген өзен аттары бар.

Жалпы үйсін сөзі б.д.д. 7 ғасыр қазақ дәуіріне дейін жетуі үйсіндердің ілгері ел болғандығын көрсетеді. Ондай деректер қытай хан –патшаларының «Хан кітпбы», «Үйсін мемлекеті», «Батыс өңір баяны 1,2», «Орта азия тарихы», «Сөз теңізі», «Жібек жолы», «Даван баяны», «Тарихи естелік» т.б. шежірелерінде көптеп жазылған.

Үйсіндердің зерттелуі

Үйсіндердің тарих сахынасына шығуына мүмкіндік туғызған қытай тілінің мамандары Н.Я.Бичурин, Н.В.Кюнер, В.С.Таскин ерекше айтуға болады. Кюнер мен Таскин аударған жинақтардан үйсіндердің шаруашылығы және олардың ғұндармен, қытайлармен жасаған байланыстары т.б. мағлұматтар көптеп кездеседі.

Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы

Қазақстан археологтары үйсін тайпаларының ескерткіштерін зерттеудің барысында көптеген жаңалықтар ашты. Олардың ескерткіштерінің көпшілік орналасқан жерлері Жетісу аймағының Іле өзенінің оң және сол жақ аңғарларында орналасқан. Н.Мыңжаңұлының жазуы бойынша Хыши дәлізінен Іле, Шу, Талас өзендеріне дейінгі ескерткіштердің басым көпшілігі обалар. Ал бұрынға Нарынқол, Кеген, қазіргі Райымбек ауданы болып қайта құрылған аудан жерінен тұрақты қоныс – жайлары табылып, зерттелген. Қоныстарды профессор К.А.Ақышев зерттесе, Іле бойындағы обаларды археолог А.Г.Кушаев зерттеген.

Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері көршілес қырғыз жерінен де табылып археолог ғалымдар М.В.Вояводский мен М.П.Грязновтар зерттеген. Археологиялық материалдар мен жазба деректерді салыстыра отырып зерттеген профессор К.А.Ақышев сақтар мен үйсін тайпаларын мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген тұжырым жасаған.

Чын Кивейдің пікіріне қарағанда Үйсіндердің ата –мекені «сиуңлардың батыс жағында», ол қазіргі Шиңжиаңның Алтай аймағында. Ал бұлардың қоныс аударуы үш рет болған деп көрсетеді. Оның біріншісі б.з.д. 177 жылы Сиуңнулардың бір бөлігі Шыңыс Тужиуаңынан жеңіліп, тұтқындалып, сиуңну мемлекетінің құлы болуы. Екіншісі- б.д.б. 162-161 жылы Кын Мо елін бастап, Сиуңнудың солтүстігіне көшуі. Бұл қазіргі Шиңжиаңның тәңір тауының орта белінде. Үшіншісі – б.д.б. 160 жыл Күнби Лаушаң тәңірқұтының Сиуңну өлгенін және Сиуңну мемлекетінің әлсірегенін пайдаланып, қайтадан елін бастап, сақтардың ата –мекеніне көшіп баруы. Бұл –қазіргі Іле өзені мен Ыстықкөл аймағы.