Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557 Кб
Скачать
☆

Қызылша жинау әдістері.

Қызылша жинау технологиясына бірінен кейін бірі кезекпен атқарылатын бірнеше жұмыс кіреді. Олардың негізгісі – қызылша тамыр жемістерін қазып алу және сабақтарынан, жабысқан топырақтардан тазарту. Осы жұмыстардың орындалуы агротехникалық талаптарға сай болуы тиіс.

Қызылша жинайтын машиналар тамыр жемістердің кем дегенде 98% шамасын қазып жинауы, ал оларды кесіп тазарту кезіндегі қант шығыны 3-5 % шамасынан аспауы тиіс. Сол сияқты тамыр жемістердегі топырақ қоспасы 10% шамасынан аспауы, өсімдік сабақтарының араласуы 0,5% шамасынан артық болмауы керек. Сабақтар кесілген жазықтығы қант «жинақталған» аймақтан төмен және тамыр жемісте қалған сабақтың ұзындығы 2 см шамасынан артық болмауы тиіс.

Қант қызылшасы негізгі екі түрлі технологиялық тәсілмен жиналады. Олар: бір фаздық және екі фаздық тәсілдер. Бір фаздық технологиялық әдісте қызылшаның тамыр жемісін сабақтарымен қоса қазып алады, одан кейін сабақтарын кесіп, топырақтан тазартады. Ал екі фаздық технологияда қант қызылшасының тамыр түйнектерін қазбай тұрып, сабақтарын қырқып, шауып алады, осыдан кейін топырақтан қазып, тазартады. Осы технологияға сәйкес комбайндар да екі түрлі етіп шығарылады.

Бір фазды технологиямен жұмыс істейтін комбайндарды жұлатын комбайндар деп атайды. Ол комбайндармен қызылшаны сабақтарынан тарта жұлып, қазып алады. Сондықтан жұлатын комбайндарды сабағы күшті дамыған және қурап кетпеген қызылшаларды жинау үшін қолданады. Екі фазды технологиямен жұмыс атқаратын машиналарды алдын ала сабақтарын кесетін комбайндар деп атайды. Жинау кезінде сабақтары қурап кететін қызылшаларды жинағанда сабағын алдын ала кесетін комбайндарды қолданады.

6.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Қызылшаны қандай тәсілдермен жинайды?

б) Қызылша жинау технологиясына қандай жұмыстар кіреді?

в) Қызылша жинайтын қандай комбайндарды білесіз?

7. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздерді, сөз тіркестерін жазыңыз .

8. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

9. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыз, сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

1. Солтүстік Қазақстан жағдайында шілде-тамыз айларында қызылша өнімі жиналады, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады. 2. Өсіп - даму кезеңінде өсімдіктерде 50 -70 тіпті 90 - 100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25 -тен 70 күнге дейін созылады. 3. Тұқымы 4 - 5° жылылықта өсе бастайды, алайда қаулап көктеуі +20° температурада болады.

10. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша өсіріледі. 2. Қызылша – екі жылдық шөптесін өсімдік. 3. Қызылша- тұзға төзімді өсімдіктердің бірі. 3. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен кейін 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі.

11. «Тәсіл» сөзімен тіркескен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.

12. Сөз тіркестеріндегі сәйкестіктікті табыңыз.

Свеклорезка Қызылшашы, қызылша өсіруші

Свеклопогрузчик қызылша турауыш

Свеклочиститель Қызылша қазғыш

Свекломойка Қызылша тиегіш

Свеклокопатель Қызылша жуғыш

Свекловодство Қызылша тазалауыш

Свекловод Асхана қызылшасы

Свекла кормовая Мал азықтық қызылша

Свекла столовая Қызылша кескіш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]