- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
- •Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы.
- •11. Мына етістіктерді пайдаланып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар
- •12. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •13. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлемдер құрастырыңыздар
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мына сөз тіркестерін, сөздерді пайдаланып лепті сөйлемдер құрастырыңыз.
- •6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Автомобиль жолы
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Сәйкестікті табыңыздар.
- •6. Мына сөздерді,сөз тіркестерін пайдаланып, толымды
- •7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •13. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз
- •6. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
- •13. Мәтінді оқып, терминдерді жазып алыңыздар.
- •14. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Автомобильдердің жалпы құрылысы
- •4. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •6. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыздар.
- •7. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •10. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыздар.
- •Автомбиль трансмиссиясы Трансмиссияның қызметі мен түрлері
- •9. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
- •11. Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.
- •12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •13. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.
- •15. Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.
- •16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар
- •Тракторлардың түрлері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
- •9. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
- •10. Мәтінді оқып , термин сөздерді теріп жазыңыздар
- •11. Сөйлемдерден толықтауышты тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.
- •12. Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қойыңыз.
- •13. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •15. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •4. Мәтінге 5 сұрақ қойыңыздар.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •6. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •7. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар
- •8. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, мағынасын есте сақтаңыздар. Ауысым сайын техникалық қызмет көресету.
- •12. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
- •13. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2.Мына сөздердің , сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •3. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Тырмалар
- •Тракторлардың негізгі бөліктері
- •15. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
- •16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Картоп отырғызатын машиналар
- •10. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Көшет отырғызатын машиналар
- •11. Мына сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламаларын беріңіздер.
- •12. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Сүрлем дайындайтын машиналар
- •10. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •11. «Әдіс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар Автомобильді күзгі- қысқы кезеңде пайдаланудағы маусымдық техникалық қызмет көрсету
- •13. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •14. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •8. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- •9. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •10. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •11. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Көктемгі- жазғы кезеңде техникалық қызмет көрсету
- •13. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар
- •Қызылша жинау әдістері.
- •13. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Автомобильдерді ерекше жағдайда пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету
- •14. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •7. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.
- •8. Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыздар
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •3. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
- •Генератор
- •9. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •10. Мәтінді оқып түсініп оқыңыздар.
- •11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мазмұны
14. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
15. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрастырыңыздар.
дәл өлшеу - точное измерение дәлдік бағасы - оценка точности дәлдік шегі - допуск,предел точности доңғалақ - колесо доңғалақ құрсауы- обод колеса дөңгелек ағынша - круглая струя дөңгелек қабықша - круговая оболочка дөңгелектіктің дәлдік шегі - допуск круглости дыбыссыз ілініс - бесшумное зацепление дыбысты тербеліс - звуковое колебание дірілжазғыш - виброграф
|
Бақылау сұрақтары
1. Қазақстанда қай жылы автомобиль шаруашылығы құрылды ?
А. 1921
В. 1924
С. 1926
Д. 1928
Е. 1930
2. Автомобиль өндірісі қандай өнеркәсіптердің өркендеуіне жол ашты?
А. мұнай, химия, металлургия
В. тамақ өнеркәсібі
С. тоқыма өнеркәсібі
Д. алтын өнеркәсібі
Е. жеңіл өнеркәсіп
3. Алғашқы автомобиль жарысы 1984 жылы қай қалада өтті?
А. Мәскеуде
В. Парижде
С. Римде
Д. Верныйда
Е. Орынборда
4.Қазақстанда автомобиль спорты қай жылдан бастап қалыптаса бастады?
А. 1975
В. 1972
С.1970
Д. 1980
Е. 1985
5. Қазақстан спортшылары дүниежүзілік жарыстарға қай жылдан бастап қатыса бастады?
А.1983
В. 1985
С. 1987
Д. 1989
Е. 1981
6. Тұрлаулы мүше – бастауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Білгенің – бір тоғыз,
Білмегенің – тоқсан тоғыз
А. Көсемше
В. Есім
С. Етістік
Д. Есімше
Е. Есімдік
7. Бастауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз
А. Мұғалім дәптерді бес-бестен үлестірді
В. Алты – үшке қалдықсыз бөлінеді
С. Мен – он төрттемін
Д. Биыл молшылдық болды
Е. Ақылмен мыңды,ақырумен бірді көндіресің
8. Бірыңғай бастауыш қандай сөз табынан
Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу
А. Етістік
В. Зат есім
С. Сын есім
Д. Етіс
Е. Сан есім
9. Автомобиль өнеркіәсібін өркендетуде АҚШ қандай әдіс қолданған?
А. желісіз әдіс
В. желілік әдіс
С. жиілік әдіс
Д. жеңіл әдіс.
Е. ауыр әдіс
10. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.
А. Қыс қатты.
В. Екі жерде екі төрт.
С. Татулыққа табыс мол.
Д. Жанымыз ашиды.
Е. Күн ашық.
5 – сабақ
Автомобильдердің жалпы құрылысы
Баяндауыш
1. Сөздікпен жұмыс
Жүйе – система
Құрылысы- строение
Күрделі қондырғы – сложная установка
Науа - кормушка; колода; лоток
жылу энергиясы- тепло энергетика
Тежегіш – тормоз
Аспа – навеска , подвеска
Қозғалтқыш – двигатель
2.Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Тасымал, арнайы мақсат, жер жырту, егін жинау, негізгі жұмыстар, мақсат, жолсыз жерлер, жүк автомобильдері, жеңіл автомобильдер
2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Жеңіл машина, санитарлық жағдай, негізгі механизмдер,басқа жұмыстар, электр энергиясы, жүргізуші, жүк, жүк таситын машина, күрделі, қажет, заңдылық
3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Автомобильдердің жалпы құрылысы
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенмен де, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.
Автомобиль негізінен үш бөліктен тұрады. Олар кузов, қозғалтқыш және шасси.
Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтан да ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.
Қозғалтқыш автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін (көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Осы қозғалтқыштан алынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де, ол жол бетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады. Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтан да қозғалтқыштың басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан айырмашылығы, қозғалтқыштан тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторда энергияның басқа түрлері де алынуы мұмкін. Мысалы, электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с.
Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады. Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
