Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ Уразалинов.А.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

2.2.2 Жергілікті өкілді органдар

Қазақстан Республикасының Конституциясы және ағымдағы аңдары өкілетті органдар құзыретін қалыптастыру тәртібін белгілейді. Осы және басқа мәселелер 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңмен, Президенттің 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар – тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктер халықтарының еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, оларды жүзеге асырылуын бақылайды.

Мәслихат облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қала мен қаладағы ауданнан басқа) халықтарының өкілді органы болып табылады.[9]

Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды. Мәслихаттың өкілеттілігін Сенат заңда белгіленген негіз бойынша немесе өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданған жағдайда мезгілінен бұрын тоқтатуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының жиырмаға жасқа толған азаматы Мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматтары тек бір ғана мәслихатқа депутат бола алады. Сотпен қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімі бойынша еркінен айыру орындарында айыбын өтеушілер сайлауға қатыстырылмайды.

Мәслихаттың шешімдері ресми жариялануы және оны тиісті аумақтарда жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар мен азаматтар міндетті түрде орындаулары тиіс.

Мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес келмейтін шешімдері мәслихаттардың өздері арқылы немесе сот тәртібімен кері қайтарылуы мүмкін.

Мәслихат өз өкілеттілігін тұрақты және уақытша комиссиялар, депутаттар арқылы сессияларда жүзеге асырады. Сессия мәслихат қызметінің басты нысаны болып табылады. Оның мемлекеттік биліктің өкілді органы ретіндегі табиғаты мәслихаттың сессиялық нысандағы жұмысында толық көрінеді. Сондықтан Конституциямен және заңдармен мәслихат билігіне берілген мейлінше маңызды мәселелерді ол сессияларда шешеді.

Жаңа сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген, құрамында депутаттардың кем дегенде төрттен үші болатын мәслихат сайлауының қорытындысы шыққан күннен әрі кеткенде отыз күннен кешіктірмей тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады. Кезекті және кезектен тыс сессия болады.

Мәслихаттың кезекті сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жылына кем дегенде төрт рет шақырады. Мәслихат сессиясы төрағасының жеке бастамасы немесе осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кем дегенде үштен бірінің ұсынысы, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясын кезектен тыс сессия өткізу туралы шешім қабылданған күннен әрі кеткенде бес күннен асырмай мәслихат сессиясының төрағасы шақырады. Кезектен тыс сессияда оның шақырылуына негіз болатын ерекше мәселелер қаралады.

Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.

Мәслихат өзінің өкілеттік мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны бестен аспауы қажет.