Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ Уразалинов.А.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

2.3.2 Орталық атқарушы органдар

Үкіметпен қатар атқарушы билік органдарының құрылымына арнайы өкілеттікті мемлекеттік органдар кіреді, бұл – салалық немесе салааралық функционалды органдар. Олардың құрылымы Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Республика Президентімен белгіленеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда атқарушы биліктің орталық органдарының ұйымдасқан - құқықтық нысандары болып:

  1. Министрлік

  2. Мемлекеттік комитет

  1. Комитет, департамент, агенттік, Республиканы мемлекеттік комитетіндегі, министрлігіндегі өзге де мемлекеттік басқару органдары олар ведомство деп аталады.

  1. Үкімет құрамына енбейтін комитет, бас басқарма, комиссия, агенттік және өзге де мемлекеттік басқарудың республикалық органы.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Прокуратура сияқты мемлекеттік органдар Республиканың орталық атқарушы органдар жүйесіне кірмейді. Олар Қазақстан Республикасы Президентіне бағынады және есеп береді.

Жоғарыда аталғандар қос органды есепке алмағанда атқарушы биліктің барлық орталық органдары Үкіметке енеді. Ол министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, және өзге де орталық, жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне жетекшілік етеді.[11]

Үкімет министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық, жергілікті атқарушысы органдардың актілерінің әрекет етуін толық немесе ішінара тоқтатады не кейінге қалдырады. Үкімет – Үкімет құрамына

енбейтін орталық атқарушы органдардың жетекшілерін қызметке тағайындайды және босатады, сонымен бірге, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар жетекшілерінің, мемлекеттік комитет төрағаларының министрлердің ұсынысы бойынша республика ведомстваларының жетекшілерін және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады.

Өкілетті және функция сипатына қарай атқарушы биліктің орталық органдары белгілі бір ерекшеліктерге ие. Министрлік – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларымен, сондай-ақ заңдылықта қарастырылған шекте салааралық жетекшілікті жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Мемлекеттік комитет – тиісті мемлекеттік басқару салаларында тұтас мемлекетті саясатты жүргізетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Мемлекетті комитеттердің министрлері мен төрағалары мемлекеттік басқарудың тиісті салаларының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді, жетекшілік етілетін саланың даму жағдайы үшін, Президент және Үкімет актілерінің заңдарының орындалуы үшін жауапкершілік иеленеді.

Мемелекет комитеттерінің министрінде, төрағасында мемлекеттік комитет, министрлік алқасы құрылады. Алқаның сандық құрамы Үкіметпен, ал оның персоналды құрамы Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағасымен министрмен бекітіледі.

Мемлекеттік комитеттермен, министрліктермен қабылданған шешім мемлекеттік комитет төрағасымен қол қойылатын Қазақстан Республикасының мемлекет комитеттерінің қаулысымен, министрдің бұйрықтарымен рәсімделеді. Ведомство Республикада мемлекеттік комитеттерінің, министрліктерінің өкілеттігі негізінде бөлшекті түрде арнайы атқарушылық және бақылаушы – қадағалаушы функцияны жүзеге асырады.