Жастардың белсенділіктері жөнінде жалпы түсінік
Белсенділік - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты. Белсенділік, элементарлық белсенділік , биологиялық белсенділік , әлеуметтік белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр ғылым өз әдісіне сай зерттейді. Әлеуметтанудағы белсенділік адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі. Мұны саяси белсенділік, әлеуметтік белсенділік және психикалық белсенділік деп бөледі: Саяси белсенділік - жеке тұлғаның не әлеуметтік топтың саяси процеске араласу деңгейін білдіретін ұғым. Бұл белсенділік әлеуметтік топтың өзі көздеген мақсаттарына сай саяси жүйеге ыкпал етіп, оны өзгертуге ұмтылуынан байқалады. Әлеуметтік белсенділік - белгілі бір тарихи кезенде әлеуметтік топтың, қауымның қоғам алдына қойылған міндетті саналы түрде шешуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы. Әлеуметтік белсенділік қоғам өмірін әртүрлі аясында (саяси-қоғамдық істерде, еңбек, мәдениет және тұрмыс саласында) көрініс береді. Психикалық белсенділік - субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысыңдағы іс-әрекетінің жігерліліп. Ол жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай әсерленуіне, мінез-кұлқына, шешім қабылдау қабілетіне байланысты. Психологиядағы белсенділік - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс-әрекетпен байланысты бағаланады. Психологияда белсенділікті тұлға белсенділігі, ситуацияға үстем белсенділік , іздену белсенділігі, шектен асқан белсенділік деп бөледі. Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық селқостық, т.б.) жеңеді белсенділіктің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шектен аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез. Іздену белсенділігі - міңез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады. Оның психикалық көріністері -жоспарлау, киялдау, т.б.; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі. Бүгінгі таңда республика бойынша, барлық жастар ұйымдары қызметтерінің белсенділігі байқалады. Жастар ортасында сана-сезімнің артуы байқалып, жауапкершілік, парыз және бастамашылық сезім орын алуда.
1.2. Белсенділікті дамыту жолдары
Үш мемлекеттің жастар саясатындағы айырмашылықтары: Ұлыбританияда жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Білім министрлігінің Жастармен жұмыс бойынша басқармасы мен Балалар және жастар істері бойынша комитетінің құзырында жатады. Ал Швецияда бұл Мәдениет министрлігінің құзырында. Британдық парламенттік құрылымдарда жастар мәселесі бойынша комиссиялар жоқ, ал Швецияда жергілікті деңгейде Мемлекеттік жастар кеңесі және басқа да тәуелсіз жастар кеңестері жұмыс істейді. Ал Қазақстанда бұл сала Білім министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, жастар ұйымдарын бірнеше топқа бөлуге болады. Мәселен, біріншіден, мемлекет тарапынан құрылған ұйымдар, екінші, саяси партиялардың жастар қанаттары, олар партия тарапынан қолдау алып, солардың есебінен қаржыландырылып отырады. Осы ретте алдыңғы қатарда тұрған, еліміздің белді партиясы болып саналатын «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен құрылған «Жас Отан» жастар қанатының жасап жатқан жұмыстарын ерекше бөліп айтуға болады. Үшіншісі, өз беттерімен, жеке өздерінің бастамашылығымен құрылған топтар деп қарастыруға болады. Соңғы кездерде жастар арасында көптеген сауалнамалар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде жастарды толғандырып жүрген мәселелер мен олардың талаптарын анықтау мүмкіндігі туды. Мәселен, ең бірінші кезекте қазіргі таңда өзіміздің Орал қаласындағы жоғарғы оқу орындарымен, колледж және кәсіптік білім беру базасындағы студент жастарын салыстырсақ еш айырмашылық жоқ, өйткені қазіргі таңда техника дамыған уақыт сол себепті де кез келген студент өзі қалаған идеясын айтып түрлі жаңалықтарын ашып, еш кедергісіз қолдаушы адам болса жоғарғы деңгейде жұмыстана алады. Оған дәлел университет ішінде және сыртында түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Студенттер белсенділігін арттыруда өмірлік ұстанымның рөлі ерекше. Бұл тұлғаның дүниетанымдық, моралдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы болып табылады. Өмірлік ұстаным негізінде студенттер өз әрекетін белсенді немесе баяу етіп көрсетеді. Дәлірек айтсақ, белсенді деп отырғанымыз, олар айналасындағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылады, ал баяу дегеніміз, қалыптасқан тәртіппен салтты және норманы сақтаумен шектеледі. Жеке тұлғаның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы ретінде өмірлік ұстаным адамгершілік бағытта ол тұлғаның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен, ар-ожданынан, идеялық бір бағыттылығынан байқалады.
