2.1. Белсенділік сапаны қалыптастыру бойынша тренингтік бағдарлама
Қоғамда болып жатқан өзгерістердің жоғары мектепке әсері студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі арқылы студенттердің бойында лидерлік сапаларды дамытуға арналған жаңа бір өзгерісті қажет етті. Студент тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы тек пәндік-білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, көшбасшылық сапалардың даралығына деген сұраныстарды алға қойып отыр. Бүгінгі оқытушы да, студент те ойлау икемділігі дамыған, жан-жақты, коммуникативтік қабілеттері жоғары, лидерлік қабілеті, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені қазір қоғам белсенділік танытып болашақты алға бастайтын қоғам. Біз ұсынып отырған арнайы курсты университетте жастар даму орталығы негізінде белсенді студенттерге өткізіліп белгілі қорытындылар алынған болатын, келесі кезекте жастар ұйымдары негізінде жүргізуге болады. Оның мақсаты тұлғаның өзінің даралық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін танып білуі арқылы өзіндік қажеттіліктерін айқындауға, өзін-өзі тануы, өзіне сенімін нығайтуға, айналамен қарым-қатынастық әрекеттерін өзгерте отырып, өзін-өзі басқару жүйесі негізінде көмектесу. Сондықтан да төмендегі теория мен практикасы байланысқан сабақты өткізуді ұсынамыз.
Көшбасшылық сапа тренингі
Мақсаты: Көшбасшылық қабілетті дамыту: Міндеттері:
Жұмыс атмосферасын қалыптастыру;
Көшбасшылық қабілетті дамыту;
Өзіндік ресурстар мен мүмкіндіктерді ұғыну;
Ұйымдастыруда талап етілетін кеңістік – заттық құралдар:
Кабинет(16 метрден аз емес), сапалы дәстүрлі оқу аудиториясы секілді жарамды ойын аудиториясы.
Еркін қозғалатын үстелдер мен орындықтар.
Талап етілетін қажетті жабдықтар:
А4 формат беттер;
Бланк;
Скотч;
Маркерлер;
Қалам;
Кезең |
Уақыт |
Мазмұны |
Ескертулер мен құрал-жабдықтар |
|
15 мин |
«Транспорттық құрал» Қатысушылардың әрбіреуі машинаның бөлшегі бола отырып машина құру қажет. Ал құрылған машина есікке дейін бірнеше метр жүріп өтуі тиіс. Талдауға арналған сұрақтар:
|
|
Көшбасшы тақырыбын талдау |
10 мин |
Топтағы көшбасшы тақырыбына пікірталас
|
Флипчарт,маркер |
|
20 мин |
«Көшбасшы» жаттығуы. Ол кім? Қатысушылар жұп-жұптан 5 минут ішіндн топқа қажетті көшбасшыда болуы керек көшбасшылық сапалардың бәрін жазуы керек. Одан кейін екі командада талқыланады және 5 минут ішінде ең маңызды 15 сапа анықталады. Топта талқыланады және команда шешімімен идеальды көшбасшының 15 сапасы құрылады. |
Флипчарт,маркер, А4 ақ бет, |
|
17 мин |
Өзін-өзі жоғарылату. Топта тек тізімде бар көшбасшылық сапа айтылады.
Содан соң болған оқиға талқыланады. Тұруға не түрткі болды? Тренер сөзінен соң неліктен қайтадан отырды? Қатысушылардың шынайы көшбасшылық қабілеті және көшбасшылықтан үміттену тақырыбы талқыланады. |
|
|
3 мин |
Дұрыс шешім Соңғы қалған адамға 15 минуттай үзілісті ұйымдастыру үшін тапсырма беріледі, сонымен қатар жаттығу орындатуы қажет. |
|
Көшбасшы тақырыбын жеке талқылау |
30 мин |
Көшбасшылық қабілетті анықтау Қатысушылар саны бойынша көшбасшылық сапалар жазылған бланк беріледі. Әрбіреуі топтағы әр қатысушыны және өзін осы және басқа дакөшбасшылық сапаны 4 балдық жүйе бойынша бағалау ұсынылады. Қағазға аттарын жазады және сағат тілімен шеңбер бойынша беріледі. Әрбіреуі қатысушының аты жазылған бетті ала отырып оны бағалайды. Соңында бер өз иесіне оралады. Қатысушы өзін ең соңғы болып бағалайды. Талдауға арналған сұрақ: Басқа қатысушылардың бағалауы сіздің өз-өзіңізді бағалауыңызбен сәйкес келе ме? Кері байланыс? Содан соң әр адам 2 қатысушыны таңдап сұрақ қояды.Мысалы, өзіңдегі жетіспейтін сапаны дамыта аласың ба? |
Көшбасшылық сапалар жазылған бланк |
|
30 мин |
Орындау рөлдерін бөліп ертегі жазу. Қатысушыларға еш дайындықсыз шеңберде бір фраза бойынша тұруын және жемісті көшбасшы жөнінде ертегі ойлап шығару ұсынылады(мүмкіндігінше ертегі аяқталуы қажет). 2-4 шеңберге бөлінеді(қатысушылардың санына байланысты). Содан соң қатысушыларға құрған ертегілерін сахналаулары ұсынылады: оларға рөлдерді бөлу не үшін қажет болды және жанды кейіпкерлер секілді жансыз кейіпкер болып ойнауға бола ма? және т.б. Қатысушыларға өздері үшін, тіптен олар шынайы өмір рөлдерімен онша сәйкес келмесе де мейлінше жауапты рөлдер таңдау ұсынылады. Ал басты көшбасшыға керісінше қарама-қарсы пассивті рөлдерді алып басқаларға олардың көшбасшылық потенциалын сезінуге мүмкіндік беруі сұралады. Әрбір қатысушы бірнеше рөлде ойнай алады(фактикалық түрде рөлдердің барлығы құрылған ертегіде қолданылатын болуы керек). Ойын «театр-экспромт» формасында іске асырылады. Тренер ертегі тарихын есептейді, ал қатысушылар оны ойнайды(ең бастысы қатысушылар өз рөлдерін сезініп үлгеруі үшін ертегіні жеткілікті түрде тез есептеу керек және ойнар алдында топ ойнауға орнығу үшін ертегі тарихын тағы бір рет есептеу қажет). Егер қатысушыларғы қажет болса ойнар алдында костюм даярлауға 2 минут уақыт беріледі. Деролинг және талдау. -рөлдердегі шеринг. Рөлдегі менің сезімім?. -Рөлден шығу: сілку, түсіру, секіру, басқа үстелге орын ауыстырып отыру. -шеринг шынайы өмірмен қалайша байланысты? |
|
Үзіліс |
15 мин |
|
|
Кіріспе бөлім |
20 мин |
Шеринг «Өзімнің көшбасшылық потенциалымды дамыту маған не үшін керек». Бұл бағдарламада осы жобада адамдар белсенді өмірлік потенциямен және көшбасшылық қатысуын априорлар жорамалдайды. Бірақ та біреулер нақты көшбасшылықтан ауытқыған, ал біреулер мейлінше формальды емес эмоциональды көшбасшылыққа әуес болады, біреулерге қандай да бір нақты аумақта ситуативті көшбасшы – экспорт позициясы жақын. Ойланып көріңіз! Неліктен дәл сізге сізде бұрыннан бар потенциал? Дамытуға арналған белдеу. Тренингтің бірінші бөлімін еске түсіріңдер! |
|
|
50 мин |
Ойын Мәселе -1 Әлемдік дауыл космолеттерді аунатып жіберді және оларды күйреу болған жердің түрлі жағына айдап әкелді. Тәулік бойы дауыл тоқтамады, ал ол басылған кезде әлекке түскен адамдар көгілдір планета көрді. Ура! Жер!Олар қуанғаннан нәрсеге жақындайды: 1).Олардың алдында елсіз, адам тұрмайтын планета, бірақ жер емес. 2).Планета летеройдтардың қалың белдігімен қоршалған. Екі космолетте қатты зақымдалып бұзылған және қалпына келтірілмеді. Бірақ планетаға дейін командалар жете алмады. Бірнеше уақыттан соң командалар түрлі полюстегі жерге дейін жетті. Осылайша белгісіз орында ұшу құралдарыңды жоғалтып алдыңдар. Екінші команда қайда екенін әзірге білмейсіздер, бірақ қандайда біреулер олардың жалынды ұшқышы атмосфераға кіргенін көрді. Сіздің міндетіңіз бұндай жағдайда не істер едіңдер және бірінші тәулікті планетада қалай өткізесіздер? Соны шешулерің керек! Планета мөлшерін, климат-ландшафт, өсімдік және жануарлар әлемін және басқа да жағдайларды сіздер өздеріңіз құрасыздар? Мәселе - 2 Планета ыңғайлы болады. Ал күндер өтіп жаты, бірақ аспанда бірде-бір космолет не тіптен спутник жоқ. Мүмкінқұтқарушылар барлығы қаза болды деп ойлап іздеуді тоқтатқан болуы керек. Енді сіздер не істейсіздер! Айтпақшы, сіздер әлі өздеріңіз экипаждың екінші бөлігін таппадыңыздар. Мүмкін олар қаза болған болар... Талқылауға арналған сұрақтар: -сіздер планетаға өзара қарым-қатынасты қалай орнатасыздар? -планетада басшы, көшбасшы бар ма? -мәселелі және мейлінше күрделі мәселелер қалай шешіледі? -еңбекті, міндеттерді бөлу қалай болады? Мәселе – 3 Сіздердің командаларың табылды. Енді сіздер бірге өмір сүресіздер. Реттелу керек. Арада 3 жыл өтті және бірде толқын жағаға кішкене әлемдік кеме қалдығын әкеліп кетеді.Ол жеге қону кезінде жәбірленді, себебі сынған және өңделмеді. Бірақ онда толығымен еремет машина бөлігі сақталған. Яғни ол өңдеуге арналған құралдар, космолет маторының жұмыс жасайтын механизмдер т.б. Сіздер бұнымен не істер едіңдер? Топтардың бөлігі жартылай бүлінгенімен ұшуға тәуекел етуі мүмкін жәнеұшар алдында оларды астеройдтардың жоюшы белдеуі күтеді, яғни ол 2 тұтас жақсы космолетті құртты. Ал мына тот басқан ыдыстарға не болады. Екінші бөлік спутникті үндеумен жіберіп, сутник не кімде – кім байқар деп үміттеніп көмек күтіп қалуды шешуі мүмкін. Финал Бақытқа орай бөлектену пікірі сіздерді айырып үлгермеді. Жандарыңнан қазіргі заман техникаларымен жабдықталған космикалық корабльұшып өтті. Ол астеройдтардың белдеуі арқылы портал құрып сіздерді корабльге өткізді және сіздер жерге оралдыңдар. Қорытынды Эмоциональды бөлініс, деролинг Сіздерге жерге жаңа түскендей айқайлап, секіру ұсынылады.ссодан соң әрбіреуі шеңбер бойынша айтады: «Мен косманавт емес, мен – Ветямын...» |
|
|
5 мин |
Шеңбер бойынша массаж Ойыншылар шеңберді құра отырып бірінің артынан бірі тұрады. Сосын барлық қатысушылар алыпты жеңгендей бір-бірінің арқаларынан қолдарынан соғады. Шапалақ қатты және ауыр емес, жағымды болуы керек. Содан соң барлығы кері бұрылады да жаңағыдай жасайды. |
|
Нәтижені талдау |
20 мин |
Менің сезімім Әрбіреі шеңбер бойынша ойында болған 3-4 сезім айтады. Метафорада болуы мүмкін... Ұтымды талдау -Мен не жоспарладым? -Не болды? -Мен бұл ойыннан өзімнің қандай көшбасшылық потенциалыңды білдім? -Мен сіздер үшін қандай шешім жасадым? |
|
Студенттердің белсенділігін арттыруға қажетті негізгі іскерлік бағыттарына:
1.Болжау қабілеттілігі: Бұл топқа өз алдындағы мақсатты нақты шешімдерді белгілей алу, алыс – жақын және бірнеше жыл бұрынғы міндеттерді болжауда мақсат қоя білу; студенттердің дамуында тиімділік көздерін дәл уақытымен шеше білу; студент тұлғасының қандай дәрежеде даму қажеттігін болжай білу, студенттердің алдағы дамуында кездесетін қиындықтарды анықтап болжай білу, оқу – тәрбие жұмысындағы студенттер тарапынан жіберілген қателіктер мен даму жеке тұлғаның нәтежелерін саралау; студент тұлғасының тәрбиелілік деңгейі мен ұжымдық жетістіктерін алдын – ала болжау. 2. Ұйымдастыру қабілеті: Студенттік оқу – тәрбие процесін басқарып ұйымдастыра білу, студенттердің алдына қойған міндеттерін шешу жолдарында шаралар ұйымдастыру, тәрбиелік шаралар, спорттық шаралар, ғылыми конференциялар, түрлі дебаттық іскерлік ойындар, ұйымдастыру техналогияларын игеру, жаңа тетехнологияларды игеру, тәрбиелік процеске студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, өз уақытын тиімді пайдалана білу. 3. Коммуникативтілік қабілет: Студенттермен тіл табыса білу, әрбір топ студенттерімен, өз қатарластарымен тіл тапқыштық, студент ата – аналарымен, университет педагогикалық ұжымымен қарым – қатынас жасай алу қабілеттілігі, ұжым арасындағы қарым – қатынас рөлін нығайта білу, проблемаларды шешу мақсатында өзіндік пікірін дұрыс ұстап өзгеге тікелей жеткізе алу қабілеті, сыртқы ортамен тығыз байланыс орнату, ұжымның эмоциональдық атмосферасын басқара алу, әрбір студент бойында жағымды оң тұлғалық қасиет дарыту. 4. Шығармалық қабілеті: Бірнеше проблемалар мен көзқарастардың бастамаларын өз бағыты бойынша қорғап шығара алу қабілеті, оқу – тәрбие процесінің әдістері мен теориясын толығымен меңгеру, тәжірибеге бай, шығармашылық дарыны мол, шешімді, тұғырлы, өз идеясын жүзеге асыру жолында табанды, талантты, студент бойындағы шығармашылық өнерді тани білетін, жаңашыл көзқарасты дамыта алатын, тәжірибені тиімді пайдалана алатын, жігерлігін дамыту. 5. Ізденімпаздық қабілеті: Өзін - өзі басқару процесінде талмай іздену, оқу – тәрбие процесінде талмай еңбек ете білу, процесті талдай білу, дайындау, өткізу, қорыту. Мақсат белгілеп, жоспар құрудағы ізденістер, бірнеше құжатнамалармен өз бетінше танысып өзін - өзі интелектуалды жағынан дамыта білу. Кез – келген басқару жұмысында бірінші сұрақ оның тиімділігіне тоқталады. Осы бағытта талдау, сараптай білу қабілеті жетекші рөль атқарады.
