Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-тарих.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

2008 Жылы қосылған сұрақтар

    1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағанаты

    2. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды. Ұйғыр қағанатын жеңген соң

    3. “Теле сөзінің мағынасы. Түрік

    4. Түріктердің шаруашылығы Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы

    5. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті 542 ж.

    6. Бумын елді қай кезеңде басқарды. Түрік

    7. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты. 603ж

    8. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. Мыңбұлақ

    9. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,олаға “селиф”деген атақ берген қаған Тон

    10. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген Қаған руынан шыққандарға

    11. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған Қарапайым халықты

    12. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар Бұйрықтар мен тархандар

    13. “Тат”сөзінің мағынасы Құл

    14. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған Қарапайым халықты

5. Ежелгі түркілердің шаруашылығы мен мәдениеті

  1. Қазақстан территориясында ерте ортағасырда өмір сүрген түркітілдес халықтардың сенген діні: Тәңірлік, тәңірге табыну

  2. Орта ғасырларда Қазақстанда тараған, төзімділікті, байлықтың күнә екенін уағыздайтын исламның ағымы:суфизм

  3. Ерте ортағасырлық түрік тілдес тайпалар тәңірге табынған

  4. Ерте ортағасырларда түркітілдес тұрғындар Тәңірге және ошақ пен балалар қамқоршысы, әйел құдай Ұмай анаға табынған

  5. IX-XIIғғ. қалалар қандай себептермен жылдам өсе бастады? Көпшелердің отырықшылануы.

  6. Мұсылман авторлары Византия басшысын қалай атаған? «Ерлер патшасы»

  7. Түрік қағанаттарын орта ғасырларда төрт «әлем патшалықтың» қайсысына теңеді? Солтүстіктегі жылқы патшасы империясы

  8. Жетісу қалаларының негізгі халқы түркілер болғандығын қандай деректер дәлелдейді? Қалалардың түрікше аталуы

  9. Қытай елі жібекті Батысқа қарай қашаннан бастап экспорттай бастаған б.з.д. Vғ.

  10. Ерте ортағасырлар кезеңінде (VI-VIIIғ.) Сырдариянаң атауы. Яксарт

  11. Ең ежелгі мұсылман кесенелері табылды Буланин қаласында

  12. Ортағасырлақ Қазақстан қалаларында айналымда жүрген ақшада қандай жануардың суреті болған? Арыстан

  13. Жібек жолы арқылы кашемир, бояғыш заттар (индиго) экзотикалық жануар қайдан тасылды? Үндістаннан

  14. Жібек жолы арқылы аң терілері (бұлғын мех), лен, тары және ара балы тасылған елдер: Рустен (Ресей)

  15. Қазақстан территориясында орта ғасырлар христиандық несториандық бағыттың енуіне әсер еткен: Сириялықтар

  16. VIIIғ. Ұлы жібек жолымен Қытайдан Үндістанға Түрік қағанатының жері арқылы өтіп, түріктер туралы құнды деректер қалдырған будда діндары... Сюань-Цзян

  17. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, не ретінде кеңінен пайдаланылды? Халықаралық волюта ретінде

  18. Саманидтердің жоғары сапалы күміс дирхемдері қалай аталды? Исмайли

  19. Орта ғасырдағы саудадағы басты тауар жібектің құны:Алтынмен бағаланған

  20. XVғ. ортасына дейін мыс теңгелер соғылып келген қала: Бұхар

  21. IX-XIIғғ. Саудаға не тән? Тауар ақша қатынасы

  22. Ортағасырлық Қазақстан қалаларындағы мата сатуға керуен сарайлардағы арнайы бөлмелер: Тимдер

  23. Б.з.д. VII-VІғғ. Қалыптасқан төрт стихияға –су, от және ауаға табынуға тән көне иран діні: Зороастризм

  24. Түріктердің сына жазуының ішіндегі ең белгілері... Білге қаған мен Күлтегін құрметіне жазылған ескерткіштер

  25. Көне түрік тас жазулары- Білге қаған мен Күлтегін құрметіне жазылған ескерткіштер Руна жазуымен жазылды

  26. Ежелгі түрік жазбасы қалай аталды? Руна

  27. «Білге қаған мен Күлтегін» жазуы қандай жазумен жазылған Руна

  28. Ерте ортағасырлық жазудың дамуында Білге қаған мен Күлтегін құрметіне аталған жазулар қандай орын алады? Саяси прозаның керемет үлгісі болып табылады Шешендік өнердің дәстүрлі үлгілерін сақтайды Бір ізді әдеби тілмен жазылған Батырлық ерліктер туралы айтады

  29. Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері Білге қаған мен Күлтегін жазбалары... саяси прозаның керемет үлгісі болып табылады

  30. Қай жерден түрік жазбалары табылды? Талас өзені маңында

  31. VI ғасырда түріктерде жазудың болғандығын кімдердің деректері куәландырды? Қытайлардың

  32. Отырарда соғылған, мыстан жасалып ұсақ тиындар қызметін атқарған ақша: Фельстер

  33. Қазақстанның оңтүстігінде XІ ғ. Тұғын үйдін жаңа түрлері, біркелкі, тура есіктермен жалғастырыла салынған бөлмелері бар үйдің атауы: Анфиладалы

  34. Ерте ортағасырларда қалаларда мүліктің жіктелу болғандығын көрсетеді: Тұрғындардың бір бөлігінде көп мал басының жинақталуы Қызмет адамдарында жекеменшік жайылымдардың болуы Аристакраттарды өлтіргенге көп құн төлеу Бай адамды тұтқыннан сатып алу мүмкіндігінің болуы

  35. IX-XII ғғ. Түріктер арасында кең қолданылған тіл Араб тілі

  36. Қарлұқтардың, оғыздардың және қимақтардың басты шаруашылығы не? Көшпелі мал шаруашылығы

  37. IX-XII ғғ. Түрік қалаларының өсуі көшпенділердің отырықшылануы есебінен жылдам қарқынмен жүрді

  38. Жоғары дін басыларының жиналысы: Собор

  39. Несториандық жазулар мен символикасы бар бейіт тастары қалай аталады? қайрақтар

  40. Христиандықтың символы болып табылатын бейнелер... крест және көгершін

  41. V ғ. Бірінші жартысында Шығыс Рим империясында христиан дініне кімнің жолын қуушылардың сектасы пайда болды? Несторидің

  42. «Несториандық» христиандарды қудалауға негіз болған 431 жылғы жоғары дін басылардың жиналысы: Эфес соборы

  43. Халық ішінде бөтен дінді таратушыларды қалай атаған? Миссионер

  44. Ортағасырлық Қазақстанда түріктердің руна жазуымен қатар «елшілер, көпестер және мемлекеттік кеңесшілер» кеңінен қолданған жазу соғдылық

  45. Соғдылардың будда дінін тартуда маңызды роль атқарған аймақ: Орталық азия

  46. Орталық Азияда манихейлікті таратуда маңызды роль атқарды Соғдылар

  47. VI-VII ғғ. Қазақстан қалаларында зороастризм дінін кімдер таратты? Соғдылар

  48. Оңтүстік-батыс Жетісуда қала мәдениетінің таралуында маңызды роль атқарған кімдер Соғдылар

  49. Джамукат, Науакент, Семекну қалаларының негізін қалаған кімдер? Соғдылықтар

  50. Манихейлік дін қашан, қай елде пайда болды? III ғ. Иран

  51. VIII ғ. Басында манихейлердің жоғарғы басшысының резиденциясы қай қалада болды? Самарқанд

  52. Солтүстік түркістандық архитектура мектебіне X-XII ғғ. қандай өнермен байланыс тән болды Далалық өнермен

  53. Ерте ортағасырлық Қазақстанда қолөнердің дамуы туралы мәліметті нелер береді Археологиялық ескерткіштер

  54. X ғ.-да қай қалада Хорезмдік көпестердің колониясы болды Янгикент

  55. VII-VIII ғғ. Қалалардың басты қызметін атаңыз Әкімшілік

  56. Орта ғасырлық Қазақстан қалаларының дәстүрлі жобасы дөңгелек

  57. Ортағасырлық қабырғалармен қоршалған қаланың орталық бөлігінің аталуы: Хисар

  58. Рабат дегеніміз не? Ортағасырлық қаланың кедейлер тұратын бөлігі

  59. Қоршау; қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік: цитадель

  60. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісу аңғарында не дамыды Отырықшы мал шаруашылығы

  61. Византия тарихшысы Менандр Протектор түріктердің қай жазуымен хат жолдағанын хабарлайды? Скиф жазуымен

  62. 12-13 ғ.. Оңтүстік Қазақстандағы Жент, Сығанақ, Баршынкент кімдердің қолында болды? Қыпшақтардың

  63. 9-12 ғғ. Саудаға тән тауар-ақша қатынастарының өсуі

  64. Ортағасырлық ғалымдардың ішінен жер шарының макетін (глобусты) ойлап тауып, сол кездегі 600 қаланың координатын белгілеген кім? Әбу Райхан Бируни

  65. Қай ортағасырлық еңбекті түркі тілді халықтардың энциклопедиясы деп санайды? Қашқаридің «Диуани- Лұғат ат- түрігі»

  66. Деректер «даңқты әрі ізгі ниетті түрік –чаруктардың қаласы» деп Тараз

  67. Деректер мұсылмандардың түріктермен сауда орны деп қай қаланы атайды Тараз

  68. Манихейлік құдайдың символы болып табылатын әйел бейнесіндегі жарты ай суреті салынған қола медальон қайдан табылды? Тараз

  69. Қараханидтермен қарлұқтар тұсындағы ең бай қала? Тараз

  70. Орта ғасырда «даңқты және парасатты түріктер қаласы» деп аталған:Тараз

  71. 893 жылы Исмайл Ибн Ахмат қай қаладағы шіркеуді мешітке айналдырды? Тараз

  72. VI-VIII ғғ. Испиджап қаласы орнында қандай қызықты археологиялық зат табылды? Жер асты Будда монастыры

  73. Халық саны бойынша 9-12 ғғ. Ең ірі қала Испиджаб

  74. «Ақ өзендегі қала» деп қай қала аталды? Испиджаб

  75. Егер Таразды Қарахандықтар тұсында «көпестер қаласы» деп атаса, онда қай қаланы «әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі» деп атады? Испиджаб

  76. 11-12 ғғ. Қай қалада матамен сауда жасайтын арнаулы орны бар керуен- сарай болды Испиджаб

  77. VIII ғ. Ұлы жібек жолында орналасқан ірі сауда- саттық қаласы Исбиджаб қалай атала бастады? Сайрам

  78. XI ғ. Тараздағы және Испиджабтағы теңге сарайларында қандай ақшалық бірлік шыға бастады? Күміс дирхемдер

  79. «Әлемдегі екінші ұстаз» Әл- Фарабидің белгілі трактатын атаңыз? Ғылымдардың шығуы

  80. Түріктердің жазбасы туралы алғашқы мәліметтер кімнің еңбегінде кездеседі? Менандр Протектор

  81. Ортағасырлық ғалымдардың ішінен Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын гелиоцентрлік жүйе туралы айтқан кім? Әбу Райхан Бируни

  82. Қай ерте феодалдық мемлекетте ислам діні қабылданып, мемлекеттік дін мәртебесін алды? Қараханидтер мемлекетінде

  83. Деректерде Шу аймағында орналасқан қай қала туралы: «... бұл қалада әр елден келген саудагерлер аралас тұрады, ал қаланың жартысын көпестер құрайды» деп жазылған? Суяб

  84. Ақбешім қаласы Батыс түрік қағандарының көне астанасы Суяб қаласымен сәйкестендіріледі

  85. Түріктер буддизм әсерін қай ғасырдан бастап сезінді? 6ғ.

  86. XI ғ. Ғалымы Махмұд қашқари тілтану ғылымы тарихына үлкен үлес қосты

  87. ІX-X ғғ. Қазақстан тұрғындарын исламдандыру басталғаны белгілі. Қашан жаңа дін отырықшы және көшпенді халықтың арсына кеңінен тарайды? XIV ғ. 1 жартысы

  88. Ортағасырлық жібек жолының маңызын атаңыз Отырықшы және көшпелі мәдениеттің қарым- қатынасы және бірін-бірі байытты Қалалар санының артуы Сыртқы байланыстың артуы Сауда саттықтың дамуы

  89. Халықтар арасындағы мәдениеттің өзара байланысы мен бірін-бірі байыту әрекеттері болғандығын айғақтайтын көптеген деректер Жібек жолы бойында табылды

  90. Пайғамбардың құрметіне 63 жастан кейін жер асты үй салып, өмірінің соңына дейін сонда өмір сүрген әулиені атаңыз? Ахмет Яссауи

  91. Аса көрнекті ойшыл әрі ақын, сопылық ағымды таратушы: Ахмет Яссауи

  92. Ертефеодалдық мемлекеттердің түркітілдес халықтар арасында мұсылман дінінің таралуына кім ықпал етті? Яссауи

  93. Қазақстанда поэзияның сопылық бағытын кім дамытты А. Яссауи

  94. Яссауидің өлеңдер жинағы Диуани хикмет

  95. XII ғасырдағы мәдени және этносаяси мағлұматтар, көнбістік пен тақуалықты насихаттайтын шығарма: Яссауидің «Диуани Хикмет»

  96. Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегі қандай маңызды мағлұматтар берді Әдеп нормалары Сол дәуірдегі тайпалардың тілін зерттеуі Этнографиялық зерттеулер Әлеуметтік- тұрмыстық зерттеулер

  97. Жүздеген жылдар ішінде Қазақстан мен Орта Азия территориясында барлық медреселерде оқулық ретінде кімдердің жинағы оқылды? Яссауи мен Бақырғани

  98. Қазақстанның көзқарасы бойынша Орта Азия мен Қазақстандағы мұсылман діндарлары арасында ең жоғарғы сатыда кім орналасты? Арыстанбаб

  99. Қай уақыт кезеңінде Қазақстан территориясындағы қалалардың рабат есебінен үлкеюі байқалады? 9-12 ғғ.

  100. Қазақстанның мәдениетінің гүлденуі қашан болды? 11-12 ғғ.

  101. 11-12 ғасырларда ортағасырлық қалаларда кімдер қолөнер бұйымдарының негізгі тұтынушылардың болды: Қолөнер және саудамен айналысатын халық

  102. Қай кезеңде қолөнермен айналысатын қалаларда цехтық ұйымдар пайда бола бастады 11-12 ғғ.

  103. XIII-XV ғғ. Қолөнершілердің бірлестіктері цехтар

  104. 8-9 ғғ. Қазақстанның қай бөлігінде күміс заттарын шығару өндірістің негізгі түріне айналды Жетісу

  105. IX-XIII ғғ. басында Қазақстан даласында қалалар салу мәдениетінің көтерілген аймағы: Жетісу, Оңтүстік Қазақстан

  106. 10-11 ғғ. Қазақстанның қай бөліктерінде жәрменкелік сауда дамыды?Көшпенділермен шекаралас қалаларда

  107. 11-12 ғғ. Қазақстан территориясында күміс дағдарысы неден көрініс тапты? Дирхемдерді мыстан соғып, күміспен жалатты

  108. Ескерткіштердің жаңа түрі- тас мүсіндердің пайда болуы кімдердің келуімен байланысты болды? Түріктердің

  109. Қолдарына күзе және тостаған ұстаған, мұрты мен сақалы бар ер адамдар кейпінде салынған түрік тас бейнелерінің атауы: Балбал тастар

  110. Қазақстанда тас мүсіндер көп тарады. Тас әйел бейнесі ретінде көбінесе кімдерді бейнелейді? Еркектерді

  111. Бізге жеткен 11ғ. Түркі тілдес халықтардың аса маңызды тарихи және мәдени ескерткішін атаңыз Құтадғу Білік

  112. Қазақстанның қай бөлігінде 12ғ. Ескерткіші Сырлы там кесенесі сақталған Сырдарияның төменгі ағысында

  113. Ұлы жібек жолының VI-VII ғғ. Ең гүлденген бөлігі Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа

  114. Жібек жолы бойындағы елдердің әдебиеті мен өнері Бір- біріне әсер етті

  115. Қараханидтік сәулет өнерініңескерткішіне не жатады Қарахан мавзолейі

  116. XI-XII ғғ. Архитектура деңгейінің жоғары болғанын қай ескерткіш дәлелдейді? Бабаджа-Хатун мавзолейі

  117. Ғимараттардың қайсысы XI-XII ғасырлық ерте мұсылмандық мемориалға жатады? Бабаджа-Хатун мавзолейі

  118. 6-12 ғғ. Қазақстандағы тұрақты елді мекендер қалай аталады? Қыстақ

  119. 10-12 ғғ. Қазақстанда қандай сәулеттік ғимараттар басым болды Мазолейлер

  120. Қожа Ахмет мавзолейі қай жерде?Түркістанда

  121. 11 ғасырда түрік тайпаларын зерттеген қай ғалым? М. Қашғари

  122. М. Қашғаридің еңбегі Диуани Лұғат ат Түрік

  123. Диуани лұғат ат түрік кітабының авторы М. Қашғари

  124. «Құтадғу Білік» поэмасын қай ғалым жазды Баласағұн

  125. Жүсіп Баласағұнның тарихи және әдеби шығармасы, поэма: «Қалай бақытты болу жайындағы ғылым»

  126. Қорқыт кім болды? Атақты жырау дарынды сазгер

  127. Орта Азияның орта ғасырлардағы қала мәдениетінің гүлденуі қай ғасырға жатады? IX-XIII ғғ.

  128. ХIII ғ. Ортасында Қазақстанмен Орта азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, мыс теңге) шығарған жалғыз қала Отырар

  129. 12-15 ғғ. Дирхемдер, динарлар, фельстер қай қалада шығарылды Отырар

  130. IX-X ғғ. Алғашқы мұсылман бейіттері қай жерде табылды Отырар оазисінде

  131. 10-12 ғғ. Қазақстанның ең ірі қаласын атаңыз Отырар

  132. XIII-XIV ғғ. 10 бөлмеден тұратын қалалық монша қай қалада сақталды Отырар

  133. XV ғ. Қала мәдениетінің ескерткіші Отырар

  134. Оңтүстік Қазақстан Қалаларының сауда қызметі және ақша айналымының құлдырауын бастап кешкен кезеңі: XVII ғ.

  135. Халықтар арсында сауда байланысы болғандығына сирек кездесетін құнды жәдігер Отырардан табылған күміс көмбе мысал бола алады

  136. VI-X ғғ. Қазақстанда түрік жазуымен қатар соғды жазуы кеңінен қолданылды

  137. Орта ғасырдағы қала құрылымында Қамал орталық орын болып табылды

  138. Археологтар XII-XIII ғғ. Сириялық бұйымды Сырдариядан тапты

  139. Жер, су көздері және суғару құрылымдары салық салу құқығымен қатар вакф кімдерге берілді? Мұсылман дінбасыларына

  140. Несториандық христиан діні VII-VIII ғғ қай жердің қалаларында кең тарады Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда

  141. Сойырғал, ихта,мильк феодалдық жер иелену формалары ретінде қайда қалыптасты Қазақстанның Оңтүстігінде

  142. 1007 ж. Наймандар мен керейлер қандай дінді қабылдады? Христиан

  143. Төрт «Әлем птшалығы» туралы концепция мұсылман философтарына да ауысты, олар кімдерді «жыртқыш аңдар патшасы» деп атады? Түрік билеушісін

  144. Мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшасы деп кімді атаған? Қытай билеушісін

  145. Түрік тайпаларында руды айқындайтын жазба белгі: Таңба.

  146. IX-XII ғғ. Қандай ыдыстар көп тараған: Шыңылтырлы жазбалы және оймышты құйғыш

  1. Ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолы: Ұлы Жібек жолы.

  2. Ұлы Жібек жолы дипломатиялық және сауда жолы ретінде қашан қалыптаса бастады? Б.з.д. ІІғ ортасында

  3. Жібек матаны алғаш өндірген халық: Қытай

  1. 630ж Жетісу қалаларын алғаш сипаттаған будда діндары: Сюнь-Цзян.

  2. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қай қаланы қытайлар Цзюй-лень деп атады: Құлан

  3. Жібек жолы арқылы тараған керамикадағы ақ пен көк түстің үйлесімді өрнектеу стилі: Тимуридтік

  4. Ерте орта ғасырлардағы (ҮІ-ҮІІІғғ) теңгелерде . . . Таңба бейнеленді

  5. Х ғасырға жататын қала жұртының орнынан ең көп табылғаны: Шыны бұйымдар

  6. Суяб пен Науакенттегі будда храмдарындағы қабырға қуыстарында арнайы қойылған бейнелер: Будданың отырған бейнесі.

  7. 6-7ғғ будда діні ең кең тараған аудан: Жетісу , Оңтүстік Қазақстан.

  8. 9-10ғ Жетісудің Солт-шығысында қанша қала болды: 12 қала

  9. Вилгельм Рубрук қай қалада Иран көпестерінің сауда орталықтарының болғандығын айтады: Екіоғыз(Эквиюс)

  10. Сырдарияда маска табылған ежелгі қала:Кедер.

  11. Түріктер түсінігінде қағандар билік құрды: Көк тәңірі әмірімен.

  12. Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «Түркі деген»

  13. 10-12ғғ цехтік ұйымдарға біріккен: Құмыра жасаушылар

  14. Тараз жанындаға 6ғдан белгілі Жамукент қаласының қазіргі жұрты: Қос төбе.

  15. 11ғда Әлеуметтік топтардың қоғамдық санасымен саяси тұжырымдары көрініс тапқан еңбек: Баласағұнның «Құтты білігі».

  16. ХІ ғ түркі әдебиеті жазу тілінің үлгілері көрініс тапқан дастан: Баласағұнның «Құтты білігі»

  17. Ел ішінде «Хакім ата» атанған дана: Сүлеймен Бақырғани.

  18. Ортағасырда Қазақстан даласында жерге тігінен қадалған тас бағаналық ескерткіштер: Балбалдар

  19. Деректер бойынша Х-ғ. Отырар жазирасындағы басты қала болған: Кедер

  20. Х-ХІ ғғ жататын саздан жасалған маска Сырдария бойындағы Кедер жұртынан табылды.

  21. Соғдылықтар Будда дінін қай жерге таратуда маңызды роль атқарды: Орталық Азияда

  22. Ортағасырлық Қазақстанда түріктердің руна жазуымен қатар «елшілер,көпестер және мемлекеттік кеңесшілер» кеңінен қолданылған жазу: Соғдылық

  23. Археологтар ХІІ-ХІІІғ. Сериялық бүйымды қай жерден тапты: Сырдариядан

  24. Қарахандардың жылқы шаруашылығымен айналысқаны жайлы жазған кім: Ж.Баласағұн.

  25. Түрік жазуының Солтүстік Монғолиядан табылған ең белгілісі: Тастағы жазулар.

  26. IX – XIIғ.ғ жататын Кедер мен Жамукенттегі тұрғын және шаруашылық жайлары бар көлемді құрылыстар: Сарайлар.

  27. ІХғ бастап алфавиттің қай түрі кең тарады: Араб .

  28. IX – XIIғ.ғ Іле аңғарындағы ірі сауда орталықтары: Талғар, Қаялық.

  29. Орта ғасырдың басында Азия да тұжырымдалған дүние жүзілік патшалық саны: 4

  30. Отырар жазирасынан б.э.б. ІҮ-І ғасырға жататын Қытайлық «у-шу» теңгелері . . . Мардан обасынан табылды.

  31. «Көшпенділердің әкелген заттары отырықшыларға көп пайда түсіріп, байлығын арттырды» . . . – дейтін сауда маңызын дәлелдейтін құжат: «Селжұқ құжаты»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]