- •4. Қазақстан территориясы түркілер кезеңінде
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •5. Ежелгі түркілердің шаруашылығы мен мәдениеті
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •6. Қазақстан территориясы XIII-XV ғ.Ғ
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •7. Қазақ хандығы
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •Мәдениеті және қоғамдық қатынастары
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
2008 Жылы қосылған сұрақтар
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра
«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: «Алаша хан»
«Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы: Ш.Уәлиханов
Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт: XV ғасырдың ІІ жартысы
Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ: қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы
Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: өзбек-қазақтар
Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: мықты, берік, алып
«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: XIV ғасыр
«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:Таңбалы Нұра
Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: Алаша хан
Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі: Өз жерін қорғау үшін
«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ағартушы ғалым: Ш.Уәлиханов
Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы
Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: Қазақ
Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр: Х ғасыр
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы:Араб-қыпшақ
«Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы: Б.Е.Көмеков
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: Еркін, кезбе
IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны: Алаш
Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш
ІХ-Х ғасырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер Шығыс Дешті Қыпшақта
Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан: Рузбихан
XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы: Фольклор
XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр: Қобыланды батыр
Қуаңшылдық жылдары жасалған ырым: Көкке табыну
Қазақстанның байырғы тұрғындардың түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы: Көк тәңірі
Тіл-көз тиюге байланысты сақталып қалған нанымның атауы: Бойтұмар
Қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы: Тасаттық
XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: Тоғылық-Темір
XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты: «Кодекс куманикус»
XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы: «Хұсрау мен Шырын»
Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр: «Ер Тарғын»
Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбында жазған Дурбектің поэмасы: «Жүсіп – Зылиха»
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз: «Сағыныш»
XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты: «Мухаббатнама»
XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: Шора батыр
XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: Өзбек хан, Тоғылық-Темір
Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы: Ш.Уәлиханов
XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі: Асан қайғы
XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі: Жоямерген
Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:Орақ - Мамай
XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздың аты: «Жошы ханның жортуы»
XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі: «Жерден шыққан Желім батыр»
XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі: Кетбұға
XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі: Мал басынан алынды
ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар: Еуропа саяхатшылары
Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған: В.Рубрук
XIV-XV ғасырларда жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған:Айыр қалпақтар киген
Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: «Күннің баяны»
Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы:Айша бибі кесенесі
XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек
Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене:Арыстан баб
Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт: VII-VIII ғасырларда
Құлап қалған Арыстан баб күмбезін XIV ғасырда қайта салғызған: Әмір Темір
Арыстан баб кесенесі: 2 бөлмелі
Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан
Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл: 1397 ж
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл:1399 ж
Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме: Кітапхана
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м
Сығанақ қаласының маңында орналасқан бір күмбезді кесене: Көккесене
XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш: Алаша хан кесенесі
Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене: Көккесене
Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене: Алаша хан кесенесі
XV ғасырдың ІІ жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш:Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі
Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер: Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен
Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене: Көккесене
Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене: Алаша хан кесенесі
Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Иассауи
X-XII ғасырларда Тараз қаласының маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы: Бабаджа-қатын кесенесі
Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
Сәулет өнерінің орта ғасырда биік деңгейде болғандығының дәлелі:Құрылыс материалдарының сапалы болуы
XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер: Ғимаратты күмбез шатырмен жабу
XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды: «Оғызнама»
Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы: Бойтұмар
XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым түрі Мал шаруашылығы
ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері: Арба үстіне тігілген, жылжымалы
Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: «Темірқазық пен Жетіқарақшы»
«Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы
«Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты: «Шыңғыснама»
Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарағанымен ХІХ ғасырдың аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қоймағаны жөніндегі пікірін жазған Ш.Уәлихановтың мақаласының аты: «Ислам діні»
Қазақ хандығының құрылымы сатыдан ... тұрады: жеті
XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығында ата- аймақты басқарды: Ақсақал
Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құралған: ру
Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі: сұлтан
Орта жүзге жататын рулар: арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ
Хан сайлаудың басты шарты: Шыңғыстың ұрпағы болуы
Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі: «Ханталапай»
Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді: Көшіп-қонуға
Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары
Қазақ хандығы таптық негізгі екі топ. Олар: Феодалдар мен қарапайым халық
Көктеу дегеніміз: көктемдегі жайылым
Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі: жұт
Таза малмен айналысатын шаруашылық:Көшпелі
XVI-XVII ғғ. түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер: Қызылқұм шөлі
Қозы көш дегеніміз:
Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл: «Қозы күзем»
Көшпелі қазақтар суық басталысымен көшті: Күздеуге
Малы жоқ көшіп қонуға көлігі жоқ, егіншілікпен айналысатын кедей: жатақ
