Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мота.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.3. Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

«Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2231 Қаулысы

Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:

49. Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығы оның мақсатына жауап беретін процестерді орындау үшін қажетті және жеткілікті компоненттермен жабдықталуға тиісті, оның ішінде:

1) ұңғыма сағасының жабдығы;

2) фонтанды жабдық;

3) құбырлар мен бағаналардың аспалары;

4) ысырмалар, кедергіштер және клапандар;

5) ернемектер және ернемектік қосылыстар;

6) басқа да жабдықтар.

50. Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығы оған қойылатын талаптарға сәйкес келуге және ұңғыманың сағасындағы күтілетін ең жоғары қысымды қауіпсіз ұстауға және қысымы пайдалану ұңғымасын қысыммен тексеруден кем болмауға, сондай-ақ ұңғыманы ұзақ уақыт пайдалану кезінде жылыстау болмау керек.

51. Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарының өрт және жарылыс қауіптілігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.

52. Сағалық мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына жағылған дабылдық сақтандыру бояуы мен қауіпсіздік белгілері «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысына сәйкес келуі тиіс.

53. Үштармақтарда, орауыштарда, айқастырмаларда, бекіткіш құрылғылардың корпустарында жұмыс қысымы мен шартты өту шамасының мәні, ал кажет болған жағдайда ағынның бағыты бедермен көрсетілуі тиіс.

5 Қоршаған ортаны қорғау

Негізгі қойылатын заңдар мен нормативтік актілер

Мұнай және газ өнеркәсібінің ірі кешендері және адамдар қоныстанған мекендер табиғаттың барлық компоненттерін (ауа, су, топырақ жануарлар әлемі және т.б) өзгертеді. Дүние жүзінде жылына атмосфераға, суаттарға және топыраққа 3 млрд.т қатты өндірістік қалдықтар, 500 км3 қауіпті бұралқы сулар және 1 млрд. шамасында химиялық құрамы және ірілігі әртүрлі ауа тозаңдары тасталады.

Осылайша мұнай және газ өнеркәсібі қоршаған ортаны және оның жеке объектілерін ластауда аса қауіптілерде жатады. Олардың ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер, жануарлар әлеміне және адамға мүмкін әсерлеріне табиғи көмірсутектердің ұлылығы,олардың сүліктерінің улылығы, химиялық үрдістерде қолданылатын химиялық заттардың өте көп түрлілігі, сондай-ақ мұнай - газды өндірудің, дайындаудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өңдеудің және пайдалану аумағының өсуі себепкер.

Жердің су ресурстары мен ауа алаптарының, жалпы тірі табиғаттың ластануын болдырмау - қоршаған ортаны қорғау деп аталады. Қазақстан, Каспий және Орта Азияның мұнай және газ кен орындарын меңгерудің экологиялық мәселелердің өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар, географиялық, геологиялық, геодинамикалық, әлеуметтік. Оның үстіне қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау мәселесі мұнай мен газды өндіру бойынша жобалық тапсырмаларынан кейін тұрған және жобалардың дұрыс шешім таппауы экологиялық жағдайға ерекше із қалдырады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасында көптеген нормативтік және құқықтық құжаттар бар. Солардың негізгілерінің бірі Алматы қаласында «Юрист» баспасынан 2005 жылы жарық көрген – «Мұнай және газ» нормативтік құқықықтық актілер жиынтығы. Бұл құжат – 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің №2350 «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы болып табылады. Бұл Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығы және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен ұштастырылып қолданылады. Барлық заңдар, жарлықтар, Үкімет қаулылары, Қазақстан Республикасы минстрлерінің және басқа да орталық мемлекеттік органдары басқарушыларының нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитет және басқа да орталық мемлекеттік органдарының нормативтік қаулылары «Мұнай туралы» заңда ескертілген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы нормативтік және құқықтық құжаттардың негізгілеріне мыналар жатады:

- «ҚР-ның Экологиялық кодексі», Астана: «Акорда» баспасы, 9қаңтар 2007 жыл;

- «Қоршаған ортаны қорғау» нормативтік актілер жиынтығы, Алматы: «Юрист» баспасы, 2005 жыл;

- «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, 1997 жылы 15 шілдеде күшіне енді. Бұл Заң ҚР-да «Қоршаған ортаны қорғау» туралы алғашқы қабылданған Заң;

- «Жануарлар әлемін қорғау» туралы Заң, 21 қазан, 1993 жыл;

- «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы Заң, 11 наурыз, 2002 жыл;

- «Жер қойнауы және жер қойнауын қодану» туралы Заң, 27 қаңтар, 1998 жыл;

- «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы Заң, 5 шілде, 1996 жыл;

- «Жер кодексі», Алматы: «Юрист» баспасы, 2005 жыл;

- «Су кодексі», Алматы: «Юрист» баспасы, 2005 жыл;

- «Орман кодексі», Алматы: «Юрист» баспасы, 2005 жыл;

- «Радиациялық қауіпсіздік» туралы Заң, 23 сәуір, 1998 жыл;

- «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар» туралы Заң, 15 шілде, 1997 жыл;

- «ҚР-да пайдалы қазбалар, кен орындарын игеру кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелері». ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі №1019 қаулысымен бекітілген;

- «ҚР-ның теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізудің тәртібі» туралы ереже. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысымен бекітілген;

- «Жер қойнауын барлауға және пайдалы қазбаларды өндіруге және басқа мақсаттарға пайдалануға Тау-кендік жер бөліктерін беру тәртібі» туралы Нұсқау. ҚР-ның Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау минстрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 16 ақпанындағы №74-П бұйрығымен бекітілген.

Ластаушылардың сипаттамасы.

Мұнайгаз кен орындарын игеру гидросфера (жер асты сулары мен ашық су жиналатын жерлер), атмосфера және литосфераның (сыртқы жер қабатының) айтарлықтай ластануына алып келеді. Құрамында әртүрлі химиялық заттары бар сұйық және қатты қалдықтар жер үсті суларын, жерді, топырақты ластап, олардың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен биологиялық өнімділігін төмендетеді.

Мұнай және газ өнеркәсібінің барлық технологиялық процестері (барлау, бұрғылау, өндіру, жинау, тасымалдау және т.б.) белгілі бір жағдайларда қоршаған ортаға экологиялық зиян келтіреді.

Мұнай, мұнай көмірсутектері, мұнай және бұрғылау шламдары, ағын сулар әртүрлі химиялық қоспалардан тұрады

. Олар ауа, су, топырақ, өсімдік, жануар әлемі және адамға зиянды әсер етуге қабілетті.

Мұнайды өндіру кезінде алынған қабат сулары жоғары минералды болып табылады. Ол тұрмыстық пайдалануға жарамсыз.

Оны жер бетін төкпей қайтадан қабатқа айдап жіберу керек. Бірақта көптеген жағдайларда ағын суларды қабатқа айдау кезінде, олар ұңғы жабдықтарын коррозияға ұшыратып, олардың герметикалығын бұзады.

Осының кесірінен ағын сулар жер бетіне жақын орналасқан қабаттарға өтіп, тұрмыстық қолданыстағы тұщы суларды ластайды.

Жердің құнарлы бөлігін тұздандырып, өсімдіктердің жойылуына алып келеді.

Сонымен бірге негізгі қоршаған ортаны ластаушыларға мұнайгазды өндіру, тасымалдау, дайындау және өңдеу кезінде бөлінетін күкіртті ангидрит, азот қосылыстары, күкірт сутегі, көміртегі қос тотығы газдары жатады.