- •Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орының геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.1.1 Кен орын туралы жалпы мағлұматтар
- •1.1.2 Стратиграфия
- •1.1.3 Тектоникасы
- •1.1.4 Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кен орынды игеру жүйесі
- •2.1.1 Игерудің ағымды жағдайын талдау
- •Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.5 Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу
- •2.1.6 Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес.
- •2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесiнiң талаптары мен оларға ұсыныстар
- •Арнайы бөлім
- •2.3.1 Құмкөл кен орнының ұңғы өнімін жинау және дайындау жүйесінің жұмыстарын талдау
- •2.3.2. Диплом жобасының тақырыбы бойынша көлденең және тік айырғыштардың есебі
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің технико-экономикалық көрсеткіші
- •3.2 Экономикалық тиімділік есебі.
- •Еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
- •4.2. Еңбек кауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.3. Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •5.2 Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.1.2 Стратиграфия
Арысқұм иінінің геологиялық құрылымында үш құрылымдық қабатты, платформалық, аралық (квазиоплатформалық) және метоформалық қатпарлы негізді құрайтын мезо – кайнозой, орта – жоғарғы палезой және төменгі палезой докембрия шөгінділері бар.
Негізгі жыныстары құрылымдық пішіндерімен, Арысқұм иінінің орталық және шығыс бөлігіндегі Құмкөл алқабының параметрлік және іздеу ұңғылары мен анықталған. Олар Қазақстан Республикасы ҒА ИГН қызметкерлерінің пайымдауынша тау жыныстары және хлорит – серицитті тақтатасынан тұрады. Әрі протерозойға жатады. Барлық жерде негіздің жыныс түрлері жер бетінен үлкен тереңдікке түскен. Құмкөл алабында оның жабындысында бірте – бірте тақтатастан тау жыныстарына ауысатын қоңыр – жасыл түсті құрылымсыз саз топырақты, мүжілу қабаты өте зор дамыған (150 м).
Орта – жоғары палезой
Арысқұм иінінен батысқа қарай тікелей төмен Сырдария күмбезінің шығыс бауырында VII – е ұңғысы мен бор қабаты астында ерте фаменскі микрофаунасымен қара – қоңырқай әктас қабаты ашылған. КМПВ мәліметтері бойынша бұл жыныстар батыс (Арысқұм) грабен – синклиналиясында мезозой жабындысы астында бар деп жобаланады. Орта – жоғарғы палезойға Мыңбұлақ аңғарының орталық бөлігіндегі 7 – е, 8 – е, 9 – е ұңғыларымен анықталған жасыл – қоңыр аргилиттер, алевролиттер, қызыл түсті құмшауыт – сазды және қиыршық тасты жыныстар жатады. Олар өте аз өзгеріске ұшыраған және төменгі палезой құрылымдарымен салыстырғанда ойпат (Ұлытау) көкжиегінде жер қыртысында жылжыған, оларда жануарлар және өсімдіктер тіршілігі табылмаған.
Арысқұм иініндегі ұңғы тіліктерінен топырлы жер, бор және палеоген шөгінділері анық байқалады. Оңтүстік Қазақстан НПЭ және Қазақстан Республикасы ҒА ИГН біріккен мәжілісінде, әлі толық қуаты ашылмаған төменгі топырлыдан басқалардың, микрофауналық, споралы – тозаңды
кешендерінің, литологиялық – геофизикалық шектеулері негізінде шөгінділердің стратиграфиялық жұмыс жоспары жасалған.
Юра (топырлы жер) жүйесі (J1)
Ол барлық үш бөлімнен: төменгі – орта бөлімдер және жоғарғымен көрсетілген. Төменгі орта топырлы жері Арысқұм грабен – синклиналиясында 1 – П параметрлік ұңғысымен толық қуатымен анықталмаған. Литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа бөлінеді: жоғарғы – қара – қоңырдан қара аргиллттермен, аз қуатты сазды құмды қабықшалы алевролиттермен қабаттасқан алевритті – аргиллитті (1235 м) және төменгі – қара – сұр аргиллит және сұр түсті әртүрлі тығыз қиыршықты алевролиттер және толық қуатты емес 610 м гравелиттер қабаттары тобы.
Төменгі – орта топырлы жер шөгінділері грабен – синклиналияларда дамыған және мезозойға дейінгі шоқырлар аралығында оның ішінде Құмкөл алабында жоқ. Жасы төменгі сипатталған орта топырлы жердің жоғары жартысынан құмды – сазды көмір қышқылдың.
Орта юра (топырлы жер) (J1)
Шөгінділер грабен синклиналилер баурайындағы пішінді құрылымдық ұңғылар және Құмкөл алабындағы іздестіру ұңғыларымен ашылған. Орта топырлы жер үш литологиялық қалындыққа бөлінеді: төменгі көмірлі, орта сазды – қүмды және жоғарғы – сазды.
Ұңғылар бойынша орта топырлы жер қуаты күмбезінде (2 ұңғы)
25м (толық сыналау мүмкіншілігімен) қанаттарында 330м дейін (5ұңғы) үлғаяды. Құрылым күмбезінде орта топырлы жер шогіндісі табанның жоғарғы беті бойынша эродирленген, әрі жоғарғы топырлы жер протерозой табанының мүжілу қыртысына орналасады.
Жоғарғы қабат (J3 )
Ол Қүмқол алабындағы барлық пішінді құрылымдық, параметрлік және іздестіру ұңғылары мен ашылған. Шөгінділер Базиншен шоқысының орталық бөлігіне (1п-г ұңғысы ) сыналанады. Жогарғы бөлім ойпаттың жақтауларының үқсастығы бойынша Қосқол кен қабаттары құрамынан бөлініп және литологиялық жағынан үш қалындықтан тұрады.
Бор жүйесі (к)
Бор шөгінділері томенгі бөлімге дауыл кен қабаты, сұр түсті терригенді- карбонатты қалындығы, қарашатау және баймурат кен қабаттары құрамында, ал жоғарғы бөлім қорғанбек, балапан кен қабаттары, жоғарғы турон және төменгі ұштық қызыл түстер қалындықтар, сантон ала түстер және сұр түстер, кампон сұр түстері және маастрих қабаттарында бөлінеді. Төменгі бөлім өсімдіктер әлемі бойынша және литологиялық белгілері, оның ішінде жыныс түрлеріне қарай бөлінген – жоғары және континентальді шөгінділермен көрсетілген.
Қарашатау кен қабаттары (К1 а – а12 )
Төменгі бор қабатының жоғарғы жатқан кесіндісі бірыңғай мол көмір детритті сұр түсті сазды жыныс қалыңдығынан тұрады, кесіндінің басым бөлігі құммен жиі қиыршықты жұмыс тасты және қара – сұр саз балшықтан, алевролитті қабаттан тұрады. Ойпаттың солтүстік бөлігінде кесіндінің орта тұсында саз топырақ басым. Құмкөл алабындағы қуаттылық 320 – 350 м, кейбір жерлерде 420 м дейін ұлғаяды.
Қызылқия кен қабаттары (К1 а13 – К2С)
Сұр түсті құмды – қиыршық тасты қалыңдық кен қабатының орта тұсында басым қоңыр және сұр құм қатпарлы ала түсті (қоңыр) және жасыл – сұр сазбен көмкерілген.
Балапан кен қабаттары (К2 t1)
Қуаттылығы 100 метр шамасындағы сұр құмдақты қатпарлы сұр – жасыл теңіз сазымен, алевролиттермен көрсетілген. Түп тамыры бойынша жақсы айқындалады, бірақ кен қабатының жабындысы ұңғылардың геофизикалық зерттеулерінің мәліметі бойынша сенімді шектеу болып табылмайды, осыған байланысты іс жүзінде кен жоғарғы жатқан жоғарғы бор шөгіндісімен турон – сенон жер қабаты қалыңдығында бірігеді.
Палеогон жүйесі (Р)
Арысқұм иініндегі палеогон бор шөгіндісінде жайылып орналасқан және қуаттылығы 35 – 80 м, сұр саз, алевролит және палеоген мергелейінде әрі эоценде бөлінбеген қалындығында келтірілген ол Құмқол алабындағы жер беті бедерінің көтерінгі үстірт және шоқысындағы құлазудан сақталынған орта олигоценнің қоңыр және ала түсті саз қалындығымен көмкерілген.
