Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆
  1. Стандарттау әдістері не үшін керек

  2. Оза стандарттауға анықтама бер

  3. Кешендік стандарттауға анықтама бер

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №5

Лекция тақырыптарының атауы: Стандарттаудың құқықтық базасы.

Лекция мақсаты:

Лекция сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасындағы стандарттау бойынша құқықтық базаның дамуы.

  2. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы (2004 жыл). Оның қолданылуы және негізгі қолдану облыстары.

  3. Өнім,процесстермен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуде стандарттаудың атқаратын ролі.

  4. Тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметіндегі стандарттау.

  5. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңы. Негізгі баптары және оны қолдану сферасы.

Лекция мазмұны

Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның «Стандарттау және сертификаттау» (1993ж), «Стандарттау» (1999ж), «Техникалық реттеу» (2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау іс-шараларын қамтиды.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi

1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1.Техникалық реттеу заңының құрылу мақсатын айтыңыз

2. ТР заңының негізгі баптарын талдаңдар

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №6

Лекция тақырыптарының атауы: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттау.

Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесімен, міндеттерімен танысу.

Лекция сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі. Оның мәні және негізгі міндеттері.

  2. Стандарттаудың әдістемелік негіздері және ҚР-да стандарттау жүйесінің қызметі.

  3. Қазақстан Республикасында стандарттау жұмысын ұйымдастыру.

  4. Стандарттау органдары және қызметтері. Оның ұйымдық құрылымы.

  5. Кәсіпорындар және ұйымдардағы стандарттау бойынша қызметтер.

  6. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Қызмет бағыттары.

  7. Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру.

  8. Стандарттау бойынша жұмыстарды ақпаратты қамтамасыз ету.

Лекция мазмұны

Қазақстан Республикасында мемлекетік стандарттау жүйесі енгізілген, ол стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжірбиелік негіздерін анықтайды.

Негізгі мақсаттары:

  1. Техникалық прогрессті жылдамдату, қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылату, еңбек өнімділігін жоғарлату.

  2. Сапаны жақсартып оптималды дәрежеде қамтамасыз ету.

  3. Өнімді жобалау мен өндірудегі мамандандыруды жоғарлатып жағдай жасау.

  4. Өнімге қойылатын талаптардың ел қауіпсіздігімен үйлесуін қамтамасыз ету.

  5. Жоғары сапалы тауарды экспорттау аясын кеңейтуді қамтамасыз ету.

  6. Өндіріс қорын рационалды қолданып, ресурстарды үнемдеу.

  7. Халықаралық бірлестікті дамыту.

  8. Денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету.

Бұл мақсатқа жету үшін стандарттауға келесі міндеттер қойылады.

  1. Материалдарды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды т.б кешенді стандарттау арқылы дайын өнімнің сапа көрсеткіштеріне талаптар бекіту.

  2. Жобалау, өндіру, қолдану сатысында қазіргі уақытқа сай сапалы өнім алу үшін стандарттар жүйесін енгізу.

  3. Өнім сапа көрсеткішінің, бақылау мен сынаудың ортақ жүйесін анықтау және қолдануына сәйкес бұйымдардың сенімділік деңгейін қамтамасыз ету.

  4. Өнімді жобалау мен өндіру сатысында оның сапасын оптималдау үшін және көптүрлі болмау үшін нормалар мен талаптарды орнату.

  5. Унификациялауды дамыту.

  6. Өлшеу сенімділігі мен ортақтығын қамтамасыз ету.

  7. Ортақ құжаттама жүйесін орнату.

  8. Ең негізгі ғылым мен техниканың салаларында ортақ терминдер мен белгілеулер енгізу.

  9. Еңбек қауіпсіздік жүйесін орнату.

  10. Табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды қолдануды жақсартатын стандарттау жүйесін енгізу.

Стандарттау жүйесі әрдайым ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық іс-шаралар нәтижесіне жетіліп отырады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің максималды деңгейі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, бәсекеге қабілеттілікті дамытуға үлес тигізіп, ел азаматтарының қызығушылығын қорғап, саудаға сапасыз шетелдік тауардың енуіне жол бермеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының “Техникалық реттеу туралы” заңына сәйкес елімізде мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) жұмыс атқарады. Бұл жүйе техникалық тілді жұмысқа қабілетті етіп жасауды қамтамасыз етеді. Оған тағы да, техникалық экономикалық ақының жіктелу жүйесі, материалдар мен заттардың қасиеттері туралы білімдер, құрылыс т.б кіреді.

Стандарттау және метрология жұмыстарының бағыттары:

Мемлекеттік қадағалау

  • Стандарттау және метрологиялық ережелердің орындалуын мемлекеттік қадағалаудың жоспарларын орындауды бақылау және жобалау;

  • Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапаны жақсартудағы мемлекеттік бақылауды жүргізу саясатын жобалау;

  • Мемлекеттік бақылау бойынша аймақтық қызметін жасау;

  • Мемлекеттік қадағалау бойынша нормативтік және құқықтық құжаттарды дайындау;

  • Ішкі саудаға сапасыз тауарлардың түсуін болдырмау үшін сынақ зертханалары мен сертификаттау органының жұмысын мемлекеттік бақылауды қатаңдату.

Стандартттау

- ішкі және сыртқы саудаға отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық актілер мен нормативті құжаттарды, халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру және жасап шығару;

- стандарттау саласында ортақ ғылыми-техникалық саясат жүргізу;

- стандарттау бойынша мемлекеттік саясатты жобалау мен жүзеге асыру;

- мемлекеттік стандарттау жүйесіне дайындықтың негізгі бағыттарын анықтау;

- халықаралық талаптарға сәйкес етіп үйлестіріп ҚР нормативті қорын құру.

Метрология

- талапты дәлдікпен, мемлекеттік стандарттарда белгіленген ережелер, талаптар, нормалар бойынша ҚР ортақ өлшеулерді қадағалауға бағытталған метрологиялық қызметті қамтамасыздандыру;

- ортақ өлшеулерді қамтамасыздандыру;

- ҚР-ғы өлшеулердің деңгейін арттыру;

- қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекіту;

- метрология саласындағы халықаралық іскерлікті дамыту.

Сертификаттау

- стандарттау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру мен дамытуының негізгі бағыттарын анықтау;

- халықаралық нормативті құжатқа сүйене отырып стандарттаудың нормалық қорын құру;

- өнімді тұтынушылардан, дайындаушылардан, жобалаушылардан ұйымның тәуелсіздігі мен техникалық компетенциясын ресми мойындау;

-сынақ зертханаларының стандарттау органының компетенттілігін растау, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыздандыру, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Қазір стандарттау үш түрлі қызмет атқарады: экономикалық , әлеуметтік, коммуникативті.