Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі

Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі іс-қызметі мемлекеттік басқару жұмысын техникалық реттеу және метрология комитеті (Қазақстан Республикасының мемстандарты жүргізеді).

Қазақстан Республикасы Мемстандарттың негізгі жұмыс бағыты мыналар:

  • стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттік-техникалық біріккен саясат жүргізу;

  • өнім және қызметті сертификаттаудың мемлекеттік біріккен жүйесін құру;

  • басқа елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынас жасауда пайда болатын техникалық кедергілерді жою:

  • осы заманғы электронды байланыс құралдарын пайдалану арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету, нормативтік база құру;

  • физикалық шама бірліктерінің эталондық базасын құрып, дамыту;

  • Қазақстан стандарттарын халықаралық және мемлекетаралық стандарттармен сәйкес үйлестіру;

  • Стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттік қадағалау, лицензиялау және инспекциялық бақылау жөнінен нормативтік және заң актілерінің жобаларын әзірлеу;

  • өнім және қызмет сапасы, стандарт, техникалық шарт талаптарын сақтау, метрологиялық ережелер мен өлшеу құралдарының күйін мемлекеттік қадағалау;

  • стандарттау, метрология ,сертификаттау және сапа жүйесі, мемлекеттік қадағалау мен инспекциялық бақылау саласының жоғары білікті кадрларын даярлау;

  • стандарттау, метрология және сертификаттау саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Қазақстан Республикасы Местандартының іс-қызметі техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет туралы ережелерге сәйкес атқарылады.

Қазақстан Республикасы Мемстандарты заңды тұлға болып табылады және өз өкілеттігі шеңберінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау іс-қимылдарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының көлемінде стнадарттау, метрология және сертификаттау жұмысын басқару, салааралық үйлестіру іс-шараларын жүзеге асырады.

Стандарттау қызметі кәсіпорында жүргізілетін стандарттау, сәйкестендіріу жұмыстарын ғылыми-техникалық ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыда басқарады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-технологиялық, конструкторлық жұмыстарға тікелей қатысады.

Стандарттау қызметінің міндеттері мыналар:

  • кәсіпорынның нормативтік құжат жүйесін құру және онымен кәсіпорын бөлімшелерін қамтамасыз ету;

  • стандарттаудың отандық және шетелдік тәжірибелерін зерттеп, оларды стандарт әзірлеу, қайта қарау кезінде пайдалану;

  • кәсіпорын бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету (конструктолық, жобалық және технологиялық құжаттарын дайындаудың қарапайым әдістерін анықтау);

  • нормативтік құжаттар қорын құру;

  • стандарттау жоспарының жобасына, ғылыми-техникалық мақсаттық бағдарламаға ұсыныстар әзірлеу;

  • ақпараттық мақала, жазба, жариялымдарды шығару;

  • оқу әдістері мен конференциялар ұйымдастыру;

  • стандарт жобалары бойынша пікір әзірлеу;

  • кәсіпорын стандарттары мен ТШ-ты есепке алып, тіркеу;

  • стандартты енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау;

  • өнмді өндіріске жіберу жұмысына қатысу;

  • стандарттау жөніндегі мәселелермен айналысатын бөлімшелердің жұмысын бақылау;

ҚР мемлекеттік стандарттарын әзірлеу, қарау, келісу және бекітуге дайындау, сондай-ақ, халықаралық стандарттау жұмысын жүргізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылады. Техникалық комитеттерді ҚР-ның мемстандарты тіркейді. ТК белгілі бір сала бойынша ең жоғарғы ғылыми-техникалық мүмкіндікке ие, нақтылы өнім, технология немесе іс қызмет түріне арнайы мамандандырылған кәсіпорын.Техникалық комитет ұйымдарына жатады:

  • ТК мүше өкілетті уәкілдіктердің жиналысы;

  • ТК хатшлығы;

  • ТК қосымша комитеттері;

  • ТК жұмыс топтары;

ТК мүшелеріне кәсіпорын, бірлестік, әзірлеуші-акционерлік қоғам, дайындаушылар кіреді. ТК-ке кәсіпорын, ұйымдар өкілетті уәкілдікке өздерінің жоғары білікті мамандарын тағайындайды. Өкілетті уәкілдер ТК жұмысына дауыс беру құқығын иемдене отырып белсенді қатысады.

ТК-тің лауазымды тұлғалары:

  • ТК төрағасы;

  • Төрағаның орынбасары;

  • Тк жауапты хатшысы;

ТК-тің негізгі іс қызметтері:

  • өзіне тиесілі стандарттау саласының техникалық саясатын әзірлеу;

  • ҚР СТ және ТШ жобаларын әзірлеу, қарау, келісу, бекітуге дайындау;

  • ҚР СТ халықаралық стандарттармен үйлестіру;

  • Мемлекеттік стандарттаудың жылдық жоспарын әзірлеу;

ҚР-ның мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге тапсырыс берушілер-ҚР МЕМ стандарттары, министрліктер, кәсіпорындар мен бірлестіктер, сондай-ақ тұтынушылар қоғамы, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар.

Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлы тапсырмаларының орындалуын бақылау, есепке алу, жұмыстарды үйлестіру міндетін ҚР-ның мемстандарты атқарады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер жұмысын сипаттаңдар

2.Техникалық комитеттер жұмыстарының бағыттарн атаңдар

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №7

Лекция тақырыптарының атауы: Салалардағы стандарттау.

Лекция мақсаты:

Лекция сұрақтары:

  1. Стандарттау және қоршаған ортаны қорғау.

  2. Стандарттау және маркетинг.

  3. Қызметті стандарттау.

  4. Стандарттаудың метрологиямен, сертификаттаумен және сапа менеджментімен байланысы.

Лекция мазмұны

Соңғы уақытта экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі ең керекті, қолға тез алатын проблема болып отыр. Экологиялық жағдайлар дүние жүзі қауымдастығының түбегейлі мәселесі болып отыр, бұл дегеніміз-дүние жүзілік кәсіпорындардан шығатын экологиялық таза емес, газдарды шығаруды азайту керек деп Киота протоколына қол қойып дайындалған болатын.

Кейбір шет мемлекеттерде ауаға тарайтын газдардың, дыбыстардың, электромагниттік жарықталудың деңгейлік өте қатал қадағалап отырады.

Бұның барлығы стандарттау аумағында қаралады, кейбір бөлігі экология және табиғатты қорғауға негізделеді.

Еуропа елдерінде экология туралы 90 директивалар қабылданады. Бұл директивалардың ең негізгісі төмендегідей:

-Еуропалық Одақтың бас саясаты бойынша директива-өндіріс орнының ластануының бағасының қанша тұратынын тексеру, өндіріс орындарының жобасының табиғатқа тигізетін әсерінің бағасын білу;

-Су бойынша -өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа да су қоймаларын сақтау, ауыз суының сапасын қадағалау, су қоймасына өндіріс орындарының қалдықтарының түсуіне кедергі жасау, судағы өсімдіктер мен жәндіктерді қорғаудың жолын қарастыру.

-Қалдықтар бойынша-ағын суды тазалау, қоқыстарды утилизациялау, қауіпті заттарды тасымалдау, оларды сақтау және көзін жою;

-Дыбыстар бойынша- өндіріс орындарындағы қондырғылардың тербелісін, дірілін, қатты дыбыс шығаруын азайту, авто көліктер мен тұрмыстық қондырғылардың шуын азайту;

-Ауа және өндіріс орындарының тәуекелділіг бойынша-кейбір заттарды қолдануды азайту, ауа бассейннің тазалығын қорғау, ауадағы қауіпті заттарды нормасынан асып кетпеуін қадағалау.

Экологиялық басқару техникалық комитетінің құрамында 7 комитет және 2 жұмысшы топ жұмыс істейді.Олардың қызметі келесі жұмыстарды қамтиды:

  1. экологиялық басқару жүйесін құру;

  2. экологиялық аудит;

  3. экологиялық таңбалау;

  4. экологиялық сипаттамаларға баға беру.

Комитеттің жұмысының нәтижесі –бұл халықаралық ИСО сериялы стандарттарды қабылдауы.

14000 сериялы стандарттар негізін қалаушы және нормативті болады. Негізін қалаушы стандарт ИСО 14001 «Система управления в области охраны окружающей среды. Руководство по применению» және стандарт ИСО 14004 «Системы управления в области охраны окружающей среды. Общее руководство по принципам, системам и сопутствующим технологиям» (бұл стандартта қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру нұсқаулары, тіркеу және сертификаттау қарастырылған). Нормативтік стандарттарда қоршаған ортаны қорғау шараларын басқару жүйесіне талаптар анықталған. Еуроодақта өнімнің экологиялық қауіпсіхз деген белгі енгізілген. Ол тұтынушыларға өндірілген өнімнің экологиялық тұрғыдан таза екенін хабарлайды.

Ішетін тамақтаға, сусындар мен дәрі-дәрмектерге белгі қойылмайды, егер құрамында қауыпті заттардың құрамы аз болатын, тек қажетті мөлшерде ғана бар.

Экологиялық стандартқа ИСО үлкен рөл атқарады.

1993 жылы оның құүрамына «экологиялық басқару» атты техникалық комитет құрылды. Осы жұмыстың нәтижесінде ИСО 14000 сериялы қоршаған ортаны қорғау халықаралфық стандарты қабылданды.

Стандарттау және маркетингтік зерттеулер

Маркетингтік зерттеулер –бұл өнім сапасын қамтамасыз етудегі керек зерттеулер, ал стандарттау сапаны басқарудың бір құралы. Сондықтан стандарттау мәселесін сапа басқарудан және маркетингтен тыс қарастыра алмаймыз.

Маркетингтік зерттеу нысандары бұл-тауар, тұтынушы, нарық сыйымдылығы, сұраныс, бәсекелестік жағдайлары, нарық сегментациясы.

Осы зерттеурлердің ең маңыздысы бұл-нарық сыйымдылығын анықтау (1 жылда сатылған тауар көлемі), осының арқасында осы нарықта тауардың қанша көлемін сатуға болатынын білу. Осы негізгі факторлар қарастырылғаннан кейін, тауар сапасының көрсеткіштерін белгілеу, бұл тікелей сапаны басқару және стандарттауға қатысты мәселе.

Келесі зерттеулер бұл тауар бәсекелестігіне талдау жасау. Бәсекелестікке беру үшін келесі факторлар қарастырылады-техникалық, технико-экономикалық, ұйымдастырушылық-коммерциялық.

Маркетингтік зерттеулерде баға саясаты, жарнама, сату әдістерін жақсарту, сонымен қатар келесі сұраныс факторлары демографиялық (халық саны, туу деңгейі, жас құрамы); әлеуметтік (халықтың білім деңгейі, мамандық құрамы); психологиялық (сату мотивациясы, сатып алу мақсаты) бойынша зерттеулер жүргізіледі. Сұраныс характерін білу керек (өсетін, тұрақсыз).

Нарықтағы бәсекелестік компанияларды және нарықтағы бәсекелестікті білмейінше жоғары бәсекелі тауарды дайындау мүмкін емес. Қазіргі нарыққа баға бәсекелестігі тән емес, қазіргі нарықта сапа бәсекелестігі болып жатыр. Бағалық емес бәсекелестікке тауардың келесі көрсеткіштері жатады:

  1. сапа және сенімділік

  2. жақсы дизайн

  3. техникалық-экономикалық көрсеткіштері

  4. жоғары экологиялық көрсеткіштері

  5. өнім қауіпсіздігі.

Нарықты кешенді зерттеу тиімді сапа бағдарламасын дайындауға, ал өнім сапасын басқару жүйесіне тұтынушы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді Сапа жүйесін басқару жүйелі,тұтынушының өзгеретін сұранысына жауап бере алатын болу керек.

Маркетингте тауар ғана емес, сонымен қатар маркетинтік зерттеулер де стандартталуы керек. Маркетинтік зерттеулерді стандарттаудың мақсаты-нарықты зерттеу әдістерін оптимизациялау және процедураларды унификациялау.

Қызмет көрсету саласындағы стандарттау келесі қызметтерді қамтиды:

  1. қонақ үй шаруашылығы

  2. туризм

  3. жүк және адамдарды тасу қызметі

  4. байланыс

  5. білім беру

  6. банк қызметі.

Стандарттаудың нысаны ретінде қызметті стандарттау өте қиын, себебі қызметтің барлық сипаттамаларын санай алмаймыз.Бірақ қызметтер бойынша стандарттау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы: ИСО ұйымы химиялық тазалау, банк қызметтері үшін халықаралық стандарттар дайындайды, басқа халықаралық және аумақтық ұйымдар (европалық автотуризм ұйымы, Дүниежүзілік туризм ұйымы, Халықаралық темір жол одағы) өздерінің салалары бойынша қызметтерді стандарттау жұмыстарын жүргізеді.

Қызметтерді стандарттау бойынша негізгі аспектілер бұл-жіктеу, терминология, шартты белгілер, жалпы техникалық нормалар, талаптар. Қызметтердің стандарттарын гармонизациялау үшін ИСО 9004.2 «Общее руководство качеством и элементы системы качества. Часть 2: Руководящие указания по услугам». Осы стандартта қызмет сапасының сипаттамалары бойынша 2 топ көрсетілген: сандық және сапалық.

Әрбір қызмет түрінінің сапасына нақты талаптарды дайындау үшін қызмет көрсеткіштерін жинақтайды. Келесі талаптар бойынша қызмет түрлеріне стандарт дайындалады: қауіпсіздік, сенімділік, қызмет көрсету мәдениеті, функционалдық қолднылуы.

Қызметтер 4 сипат бойынша жіктеледі:

1) таралу облысы

2) қолданылуы

3) тұтыну характері

4) қызмет көрсету жағдайы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1.Экологиялық стандарттау бойынша халықаралық тәжірибе

2.Қазақстандағы экологиялық жағдай

3. Экологиялық стандарттаудағы ИСО-ның ролі

4. Экологиялық менеджмент жүйесі

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №8

Лекция тақырыптарының атауы: Өнімді жіктеу және кодтау

Лекция мақсаты: Өнімді жіктеу және кодтаумен танысу

Лекция сұрақтары:

  1. Өнімді штрихтап кодтау. Шетелдік тәжірибе.

  2. Өнімді штрихтап, оның қолданысы және қолдану тәртібі.

  3. Өнімді штрихтап кодтау облысындағы нормативтік құжаттар.

Лекция мазмұны

Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ақпаратты жiктеудiң әдiстерi мен кодтауы өзектi мәселе болып отыр. Бұрынғы КСРО-да жап-жақсы ғылыми-әдiстемелiк база болған және техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктеудiң кең жүйесi құрылған болатын.

Алайда экономикадағы қазiргi заманғы нарық шарттары Қазақстан Республикасындағы қолданымдағы жiктегiштердi жаңалауды және жаңасын құруды талап еттi.

Жалпы мемлекеттiк жiктегiшсiз мекемеаралық ақпараттың ағынының келiсiмдiк мәселесiн шешу мүмкiн емес.

Жiктеудiң және кодтаудың объектiлерi болып статистикалық ақпарат, макроэкономикалық, қаржының және құқық қорғау қызметтерiн, банк iсi, бухгалтерлiк есеп, стандарттау, сертификаттау өнiм өндiрiсi, қызмет көрсету, кеден iсi, сауда және сыртқы экономикалық қызметтер.

Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудi және кодтаудың бiрыңғай жүйесiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасы статистика органы жүзеге асырады.

Жүйенiң құрылуы реттеушi негiзгi принциптер, ережелер мен талаптар "Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудiң және кодтаудың бiрыңғай жүйесi. Негiзгi ережелерiнде" жазылған. Жiктегiштердi әзiрлеуде оларды халықаралық жiктегiштермен үйлестiрудi ескеру қажет.

Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпарат жiктегiштерi бекiту деңгейiне және қолданылу саласына байланысты келесi категорияларға бөлiнедi:

а) мемлекеттiк – МК

б) салалық (мекемелiк) – СК

в) бiрлестiктiң, кәсiпорынның, ұйымның жiктегiштерi

(бұдан былай – кәсiпорынның жiктегiштерi жiктегiштер).

Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерiн стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi бекiтедi және тiркейдi.

Мемлекеттiк жiктегiштер сәйкестендiрiлген құжаттама жүйесiне кiретiн мемлекеттiк маңыздағы салааралық (мекемеаралық) нысандағы құжаттарда болатын ақпараттарды бойына кiргiзедi және кәсiпорындарды басқару жүйелерiнiң арасындағы ақпарат алмасуда мiндеттi болып саналады.

Салалар (мекемелер) жiктегiштерi Қазақстан Республикасының министерстволары мен мекемелерiнде бекiтiледi және тiркеледi.

Салалар жiктегiштерi мемлекеттiк жiктегiштерге кiрмеген ақпараттарды немесе осы салаларға тән жiктелу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған мемлекеттiк жiктегiштерден үзiндiлердi өзiне алуы керек.

Бұл категорияның жiктегiштерi бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және министрлiктердiң, мекемелердiң ұйымдарының арасындағы ақпарат алмасу кезiнде қолданылады.

Кәсiпорындардың жiктегiштерi кәсiпорынның бастықтарымен бекiтiледi және кәсiпорынның iшiнде ақпараттық өзара iс-әрекеттi ұйымдастыру кезiнде қолданылады.

Кәсiпорындардың жiктегiштерi мемлекеттiк және салалық жiктегiштерге кiргiзiлмеген ақпараттарды немесе осы кәсiпорындарға тән жiктеу объектiлерiмен немесе белгiлерiмен толықтырылған басқа категориялардың жiктегiштерiнен үзiндiледi өз бойына кiргiзе алады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1.Стандарттау объектілерін стандарттауға анықтама бер

2.Штрих кодтаудың мәні

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №9-10

Лекция тақырыптарының атауы:Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар.

Лекция мақсаты: Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлеріментанысу

Лекция сұрақтары:

  1. Нормативтік құжаттар туралы ақпарат.ҚР стандарттау жүйесіндегі нормативтік құжаттар.

  2. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар.

  3. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың категориясы, сипаттамасы. Стандарттау объектілері. Тағайындалған талаптар.

  4. Стандарттарды әзірлеу тәртібі.

Лекция мазмұны

Стандарт - нормативтік құжат,ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс.

Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді.

Стандарттау құжаттары нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.

Административті басқарудың жоқтығы өндірушілерге қосымша міндеттер жүктейді. Сол себептен өндірісте қолдану үшін және өндірістер мен ассоциациялар бірлестіктері ішінде қолдану үшін өз стандарттарын шығарады. Өндірістер шаруашылық қызметтерін өздері реттеуге мүмкіндік алады. Оны өз бизнесінің қызығушылығын ескере отырып жасайды және стандарттар шығару үшін өзінің нормативтік құжаттар мен стандарттарын құрастыра білулері қажет.

Ерікті стандарттау толықтай қадағалаусыздықты немесе хаосты білдірмейді. Өндірісі дамыған көптеген елдерде бұл жүйе бұрыннан қолданып жүр, мысалы АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау административті стандарттаудан әлдеқайда қатаң. Нарық заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін төмендетуіне жол бермейді, ал ауытқыған жағдайда компания міндетті түрде қаржылық дағдарысқа ұшырайды.

Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары

1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.

2. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкілетті орган немесе ол уәкілеттік берген ведомстволық қарасты кәсіпорын жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары

Мемлекеттік стандарттар төменгі құрылымдық элементтерден тұрады: титулдық бет, алғы сөз, мазмұн, кіріспе, стандарттың аты, қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, талаптар, қосымшалар, библиографиялық мәліметтер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын республикалық стандарттау жөніндегі жоғары ұйым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттың күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Бекітілгеннен кейін мемлекеттік стандарттың индексі беріледі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылдарының соңғы екі цифрі жазылады.

1. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.

2. Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;

5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.

3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.

4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.

5. Мемлекеттік стандарттарда:

1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөніндегі қажеттi талаптар;

2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;

3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

4) терминдер мен анықтамалар;

5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;

7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;

8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

9) менеджмент жүйесін енгізудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.

6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.

Мемлекеттік стандарттар келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Негізін қалаушы стандарт

  2. Өнімге, қызметке стандарттар

  3. Үрдіске стандарттар

  4. Өнімді, қызметті, үрдісті бақылау әдістеріне арналған стандарттар:

Негізін қалаушы стандарт -белгілі бір сала үшін жалпы және басқарушы ережелерден тұратын нормативті құжат. Әдетте ол стандарт немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады, соның негізінде басқа стандарт жасалынуы мүмкін. Мысал ретінде ҚР СТ 1.0-2003 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесін көрсете аламыз.

Негiз қалаушы стандарттар қызметтiң белгiлi бiр саласы үшiн жалпы техникалық талаптарды, өзара түсiнушiлiктi қамтамасыз ететiн техникалық бiрлiктiң, ғылымның әрбiр саласындағы өзара байланыстың өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызметтердiң, сол сияқты басқа да жалпы техникалық талаптардың жалпы ұйымдастыру - әдiстемелiк ережелерiн белгiлейдi.

Негiз қалаушы стандарттардың кеңiнен алғанда мемлекеттiк және салааралық мәндi объектiлерi бар стандарттаудың мемлекеттiк жүйесi; өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жүйе, конструкторлық құжаттаманы бiрыңғай жүйесi, өлшеу бiрлiгi, салааралық мәндi терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенiмдiлiгi, буып-түю) және басқалары.

Негiз қалаушы стандарттар кешенiндегi нақты жүйенiң жалпы ережелерiн белгiлейтiн стандарт, мысалы "Қазақстан Республикасының стандарттауының мемлекеттiк жүйесi. Негiзгi ережелерi".

Негiз қалаушы стандарттарды былай бөлуге болады:

а) ұйымдастыру-әдiстемелiк, белгiлi бiр салаларда жалпы ұйымдастыру-техникалық ережелер жөнiндегi жұмыстарды белгiлейтiн, мысалы ҚР СТ 1.0-2000 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттау жүйесi. Мемлекеттiк стандарттардың әзiрлеу тәртiбi", ҚР СТ 1081-2002. "Технологиялық нұсқауды және тағам өнiмдерiнiң рецептурын әзiрлеудiң тәртiбi. Негiзгi ережелерi";

ә) жалпы техникалық, белгiлейдi;

 ғылымда, техникада, өндiрiсте көп рет қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер;

(мысалы, ГОСТ 16263-70 "өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жүйе. Метрология. Терминдермен анықтамалар").

 стандарттаудың әртүрлi объектiлерi

(мысалы, ГОСТ 14192-96 "Жүктердi таңбалау", ҚР СТ 1003-98 "Сплавы на основе благородных металов ювелирные. Марки".

 құруға, жазуға,рәсiмдеуге және құжаттаманың әртүрiнiң мазмұнына қойылатын талаптар (мысалы, ҚР СТ 1.5-2000 "ҚР МСЖ құруға, жазуға, рәсiмдеуге және стандарттардың мазмұнына қойылатын жалпы талаптар);

 техникалық қамтамасыз ету үшiн, қажеттi талаптар мен нормалардың жалпы техникалық шамалары (үйлестi сандар, параметрлiк және өлшем ретi, жабдық дәлдiгiнiң сыныбы. (мысалы, ГОСТ 8.417-81 "өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi. Физикалық шаманың бiрлiгi");

 сапа көрсеткiштерiнiң номенклатурасы (мысалы, СТ ҚР 1043-2001 "Жел эрозиясымен күресетiн машиналар. Сапа көрсеткiштерiнiң номенклатурасы") және басқалары.

техникалық эстетиканың және эргономиканың талаптары;

 қауiпсiздiктiң талаптары (мысалы, ҚР СТ 12.002-2002 "Еңбек қауiпсiздiгi стандарттардың жүйесi. Өндiрiс процестерi, қой шаруашылығы. Қауiпсiздiк талаптары") және басқалары. Терминдік стандарт - құрамына терминдердің түсіндірмесі және олардың қолданысы туралы нормативтік құжат.

Өнімнің, қызметтің, бақылау әдісінің стандарттарыәдістемелерді, ережелерді, үрдістерді түрлі бақылау әдістері мен солармен байланысты іс-әрекеттерді анықтайтын нормативтік құжат.

Бақылау әдiстерiне стандарттар өнiмдердi құрған, сертификаттаған және пайдаланған кезде өнiмге сынақ, өлшеу, талдау жүргiзу әдiстерiн белгiлейдi (мысалы, ҚР СТ 1049-2001 "Премикстер. Талдау әдiсi").

Стандарттарда белгiленген бақылау әдiсi нәтиженiң ұдайлылығын қамтамасыз ететiн шынайы, дәлме-дәл болуы керек.

Әр әдiс үшiн, оның жүргiзiлу ерекшелiгiне байланысты белгiлейдi:

 сынақ құралдарын, қосалқы қондырғыларды, реактивтердi, материалдарды;

 сынақ өткiзудiң дайындау тәртiбiн;

 сынақ нәтижелерiн өңдеудiң тәртiбiн;

 сынақ нәтижелерiн рәсiмдеу тәртiбiн;

 сынақтың мүмкiн кемшiлiктерiн.

Стандарттар тар маңызды болуы мүмкiн сапаның бiр көрсеткiшiн тексеру (мысалы, таза жүннен немесе жартылай жүннен тоқылған мақтаның бу өткiзгiштiгiн анықтау әдiсi стандарты), немесе кең маңызды – сапаның көрсеткiштерiнiң кешенiн тексеру (мысалы, шелк және жартылай шелктен жасаған тек бұйымдарды сынақ әдiсi стандарттары).

Сертификаттау тәжiрибесi стандарттардың араласқан түрлерiн әзiрлеудiң қажеттiлiгiн туындатты - өнiм және бақылау әдiсi стандарттары, оның iшiнде, өнiмнiң (қызметке) қауiпсiздiк талаптары және қауiпсiздiктi бақылау әдiсi стандарттары. (мысалы, ГОСТ 25779-90 "Ойыншықтар. Қауiпсiздiктiң және бақылау әдiстерiнiң жалпы талаптары").

Өнімге стандарт өнімінің функционалдық қызметіне сәйкестігін растап, соны қамтамасыз ететін талаптардан құралатын нормативтік құжат.

Өнiм (қызметтер) стандарттары бiртектi өнiмдердiң (қызметтердiң) топтарына немесе нақты өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын талаптарды белгiлейдi.

Өнiмдерге (қызметтерге) стандарттардың келесi түрлерiн әзiрлейдi:

а) жалпы техникалық жағдайларды бiртектi өнiмдердiң топтарына қойылатын талаптарды өзiнде ұстайды. (мысалы, СТ ҚР 1061-2002 "Ұйытылған сүт өнiмдерi. Жалпы техникалық шарттар". СТ ҚР 1040-2001 "Жолаушы тасымалдауға көлiк қызметi. Жалпы техникалық шарттары.)

ә) техникалық шарттардың стандарттары нақты өнiмге (қызметке) қойылатын талаптарды белгiлейдi. (мысалы, ҚР СТ 982-95 "Айран. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1095-2002 "Мақта талшығы. Техникалық шарттар"). Көрсетiлген өнiм стандарттар өз құрамына мысалы, әдетте келесi бөлiмдер кiргiзедi: жiктеудi; негiзгi параметрiн және (немесе) өлшемiн; техникалық (жалпы техникалық) талаптарды; қабылдау тәртiбiн, таңбалауды, буып-түюдi; тасымалдауды; сақтауды;

б) жалпы техникалық талаптар стандартты жалпы техникалық шарттарды стандарттардың тек бiр бөлiмi бар бiрмаңызды стандарттар. (мысалы, ҚР СТ 37-98 "Машинамен немесе қолмен өрнектеп тiгу. Жалпы техникалық талаптар");

в) техникалық талаптардың стандарттары – техникалық шарттар стандарттарының тек бiр бөлiмi бар бiр маңызды стандарттар.

(например ГОСТ 20902-95 "Мемлекеттiк тамақ iшетiн столдар. Атқарымдық өлшемi", ГОСТ 20809-75 "Аң аулау патроны. Тұрпаты және негiзгi өлшемi").

5. Техникалық шарттар (ТШ). Техникалық шарттарды сатылуға, шығарылуға арналған өнiмдерге (құрама бөлшектерге, жартылай дайын өнiмдерге) келесi жағдайларда әзiрленедi:

 осы өнiмге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттар болмаған жағдайда;

 қолданылудағы жалпылама техникалық шарттар мен талаптарды осы өнiмнiң ерекшелiктерiн ескере отырып нақтылау қажеттiгi туындағанда;

 қолданылудағы стандарттар мен техникалық регламенттерге нормалар мен талаптар жоғарылағанда.

Техникалық шарттар төмендегiлерге әзiрленуi:

 бiр нақты өнiмдерге, заттарға, материалдарға және т.с.с.

 ортақ белгiлерi бар, әртүрлi параметрде және (немесе) өлшемде бiрыңғай конструкциясы бар бұйымдардың, заттардың, материалдардың және т.с.с. бiрнеше нақты түрiне.

Техникалық шарт әзiрленбейдi:

техникалық тапсырма немесе өнiмдi шығаруға жеткiлiктi қажеттi талаптар қойылған құжаттар бойынша шығарылған жеке өнiмдер үшiн;

 бiр кәсiпорынның тiкелей тапсырысы бойынша белгiленген көлемде әзiрленетiн әрi өңделетiн заттарға, материалдарға және жартылай дайын өнiмдерге;

 бiр кәсiпорынның өнiмiнiң құжаттамасына кiретiн конструкторлық құжат бойынша әзiрленетiн бұйымның құрама бөлшектерiне;

 үлгi-эталон, техникалық сипаттама, техникалық құжаттама бойынша белгiленген тәртiппен әзiрленетiн өнiмге;

 өнiмдi жөндеу нұсқамасы бойынша жөндеуден өткiзгенде.

Техникалық шартты iске қосу мерзiмiн оны бекiтетiн ұйым белгiлейдi, бiрақ мемлекеттiк тiркеуден ерте болмауы керек.

Техникалық шарттың қолдануда болатын мерзiмiн оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзетiн мекеме белгiлейдi, бiрақ 5 жылдан артпауы керек.

Өндiрiстен алынып тасталынған өнiмнiң техникалық шарттары запас бөлшектердi және қолданылудағы бұйымды жөндеуден өткiзуге пайдалануға болады. Ондайда техникалық шарттың титульдiк бетiне "Жөндеу мақсаты үшiн" деген белгi жасалынады және қолданылу мерзiмi шектелген болса, ол шектi алып тастайды.

Техникалық шартпен белгiленетiн талаптарды Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңының ережелерiн және нормативтiк құжаттардың талабын ескере отырып, өнiм өндiрушi, техникалық шартты әзiрлеушi және тапсырушы анықтайды.

Техникалық шарттар өнiмнiң сапасына мiндеттi және (немесе) ұсынымды нормалар мен талаптар қоюы мүмкiн.

Егер техникалық шарттардың мiндетiне жатпайтын талаптары тапсырушы мен (тұтынушымен) екi арадағы шартта көрсетiлген болса, онда ол мiндеттi түрде сақталуы керек.Қазақстанда қолданылатын осыған ұқсас өнiмдерге мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда және техникалық регламенттерде өнiмнiң сапасына және қауiпсiздiгiне, қабылдануына, бақылауға, буып-түюiне талаптар қойылған болса, онда бұл талаптар техникалық шарттарда қайталанбауына болады, тек техникалық шарттардың тиiстi бөлiмдерiнде осы құжаттарға сiлтеме жасалынады.

Техникалық шарттардың техникалық деңгейiне жауапкершiлiктi әзiрлеушi ұйым өзi алады.

Техникалық шартты әзiрлеу жөнiндегi шартқа байланысты әзiрлеушi ұйым, өнiмдi шығарушы және тапсырысшы техникалық шарттарды төлқұжатының иегерi болады.

Егер өнiмдi өндiрiске қою туралы шешiмдi қабылдау комиссиясынсыз қабылдаса, онда техникалық шарттың жобасын тапсырысшымен (негiзгi тұтынушымен), өнiмнiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау органымен және басқа да мүдделi ұйымдармен, олардың құзыретi шегiнде, келiсiледi.

Негiзгi тұтынушылары анықталмаған өнiмге техникалық шарт өз бастауымен әзiрленгенде мемлекеттiк қадағалау органдарымен олардың құзырының шегiнде келiсiледi.

Егер техникалық шарттың жобасында адамның өмiрi, денсаулығы және мүлкi, қоршаған ортаны қорғау үшiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар қойылған мемлекеттiк немесе мемлекетаралық стандарттарға сiлтеме болса, сол сияқты Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қадағалау органы белгiлеген ережелер мен нормаларға сiлтеме болса, онда техникалық шарттың жобасы бұл органдармен келiсiлмейдi.

Техникалық шарттың жобасының келiсiмдi келiсiм беретiн ұйымның басшыларының "келiсiлдi" деген белгiсiнiң астына қолы қойылып, мөр басылады немесе жеке құжатпен қабылдау комиссиясының актiсi, хатпен, қаулымен т.с.с. келiсiледi.

"Келiсiлген" деген белгiнiң астына қол қойған күндi,нөмiрiн және техникалық шарт келiсiлген құжаттың атын көрсетедi.

Техникалық шартты тапсырысшы ұйымның (егер ол бар болса), немесе әзiрлеушiнiң, немесе өндiрушiнiң, техникалық шарттардың түпқұжатының иегерi, басшылары бекiтедi.

Техникалық шартты бекiту техникалық шарттың түп құжатының иегерi ұйымның басшысының қолымен рәсiмденедi, "Бекiтемiн" деген белгi қойылады.

Техникалық шартын цифрлық шартты белгiлеудiң мысалы:

ТШ 7500 ҚР 85674315 ЖСК-003-2003

7500 – Алматы қаласының коды

ҚР – Қазақстан Республикасының қысқаша аты

85674315 – ОКПО бойынша ТШ түп нұсқасын ұстаушының коды

ЖСК – ТШ бекiткен ұйымының меншiк түрiн белгiлеу.

003 – ТШ тiркеу нөмiрi.

2003 – бекiту жылы.

Жеке кәсiпкерлер үшiн технологиялық шарттың белгiлеуiнде ОКПО бойынша техникалық шарттың түпнұсқасын ұстаушының кодының орнына РНН және ЖК (жеке кәсiпкер) деген белгiлер берiледi.

Мемлекеттiк басқару органдарын қайта құру кезiнде және шартты цифрлық белгiлеудi өзгерткенде ескi белгiлеу оның күшiн жойғанша немесе қайта қарағанша сақталады.

Техникалық шарттарға енгiзiлген өзгерiстер техникалық шарттарға белгiленген тәртiпте тiркеледi, бекiтiледi және келiсiледi.

Техникалық шарттарды ертерек келiсiлген ұйымдардың мүддесi бұзылмаса, онда техникалық шарттарға енгiзiлмекшi өзгерiстердi тек тапсырысшымен (негiзгi тұтынушымен) ғана келiсуге болады.

Техникалық шарттар, оның өзгерiстерi стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi өкiлеттiк құқық берген Мемлекеттiк қадағалау органдары және мемлекеттiк ұйымдар мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өткзедi.

Техникалық шарттарды өзгерiстерiн тiркеуге өткiзу үшiн техникалық шарттардың көшiрмесiмен бiрге тапсырады.

Мемлекеттiк тiркеуге келiсiлген және бекiтiлген техникалық шарт бекiтiлген күнiнен бiр айдан кешiктiрмей ұсынылады. Төмендегi техникалық шарттар мемлекеттiк тiркеуден өтпейдi:

 өнiмнiң тәжiрибелiк (партия) үлгiлерi;

 шикiзаттың, материалдардың, жартылай дайын өнiмдердiң технологиялық өнеркәсiп қалдықтары;

 дербес жеткiзiп беруге арналған немесе бiр кәсiпорынның тiкелей тапсырысы бойынша дайындалатын бұйымның, жартылай дайын өнiмнiң, заттардың және материалдардың құрама бөлшектерi;

 халықтың көркем кәсiбiнiң сувенирлерi мен бұйымдары (қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдардан басқалар);

 жеке өндiрiс өнiмдерi.

Мемлекеттiк тiркеуге жолдама хатпен бiрге тапсырады:

 техникалық шарттар (оның өзгерiстерi) – 4 дана;

 титулдық бетте қол қойылған болғанда техникалық шарттардың мүдделi ұйымдармен техникалық шарттардың келiсiлгендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесiн;

 қабылдау комиссиясының мүшелерi қол қойған қабылдау комиссиясының бекiтiлген актiсiнiң көшiрмесi немесе техникалық шарттармен анықталған нормалар мен талаптарды растайтын құжаттарды.

Өнiмнiң қауiпсiздiгiн растайтын Республиканың мемлекеттiк қадағалау органдарының өндiрiс өнiмдерiне лицензияның берiлуiн жүзеге асыратын органдардың қорытындысын. Өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызметтiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау органдарының тiзiмiн Қазақстан Республикасының үкiметi анықтайды.

 жалпы түрiнiң сызуын (қажет болғанда) немесе iрiгабариттi бұйымның фотосуретiн;

 өнiмнiң каталогтық парағын 4 данадан;

Мемлекеттiк тiркеуге техникалық шарттарды кiтапша етiп, мұхабамен тапсырады. Тiркеудiң алдында техникалық шарттар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға және техникалық регламенттерге сәйкестiгiн анықтауға сараптамадан өткiзедi.

Техникалық шарттардың (өзгерiстiң) титулдық беттiң қол қойылған бос жерiне тiркеушi орган бекiтiлген түрдегi штамп басады. Штампта техникалық шартты тiркеген органның атауы, күнi және мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрi қойылады.

Мемлекеттiк тiркеуден кейiн техникалық шарттың екi данасы тiркеуге берген ұйымға қайтарылады.

Техникалық шарттың үшiншi данасы және өнiмге каталогтың парақ техникалық шарты тiркеуден өткiзген органда, даулы сұрақтарды шешу үшiн қажет дана ретiнде қалады.

Техникалық шарттың төртiншi данасы техникалық шарттың әзiрлеу деңгейiне талдау жүргiзу, техникалық шарттың каталогын және өнiмнiң каталогтау жүйесiн құру үшiн Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi өкiлеттi еткен органға қайтарылады.

Мемлекеттiк стандарттау жүйесiнде тiзiмге тiркелмеген техникалық шартт және оған дайындалған өзгерiстердiң күшi болмайды және пайдалануға жiберiлмейдi.

Үрдіске стандарт (қызметке)- үрдіске қатысып, талаптардан тұратын (мысалы: техникалық өндіріс) немесе қызметке (мысалы: автокөлік саласында қызмет көрсету, банктік қызмет көрсету, білім беру) қойылған талаптар бейнеленген нормативтік құжаттар.

Үрдіске(жұмыстарға) стандарттар өнiмдi әзiрлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, жөндеу кәдеге жарату процестерiнде әр түрлi жұмыстарды орындау әдiстерiнде (рәсiмдер, қабылдау, тәртiптер, номалар) негiзгi талаптарды белгiлейдi. Мысалы, ГОСТ 26907-86 "Қант. Ұзақ сақтау шарттары", ГОСТ 7595-79 "Ет. Сиыр етiн сату үшiн жаймалау".

Үрдіске (жұмыстарға) стандартарында технологиялық опреациялар жүргiзiлу кезiндегi адамдардың өмiрi және денсаулығы және қоршаған ортаны сақтау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар кiруi керек.

Қазiргi кезеңде сапаны басқарудың жүйесiндегi басқару процестерге стандарттардың маңызы зор – құжаттамаларды, сауданы, кадрлердi дайындауды басқару және т.б., сондықтан басқару процесi – кәсiпорындардың сапа жүйесi әсер ететiн фирмалық стандарттарына тән объектiлерi.

Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ).

Мемлекетаралық стандарттардың объектiлерiне мыналар жатады:

 жалпы техникалық нормалар мен талаптар, оның iшiнде бiрыңғай техникалық тiл;

 типтiк өлшемi, типтiк өлшемi қатары және жалпы машиналық қолданылудағы (подшипниктер және бекiту бұйымдары және т.б.) бұйымның конструкцияларының типтерi, сыйысымдыбағдарламалар және ақпараттық технологияның техникалық құралдары, заттар мен материалдардың қасиеттерi туралы анықтамалық деректер, өнiмнiң жiктелуi және кодталуы;

 iрi өнеркәсiптiк және шаруашылық кешендер (көлiк, энергетика, байланыс);

 халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, өмiр сүру ортасын бақылаудың жүйесiн құру, табиғаттың және техногендiк апаттың болу мүмкiндiгiн ескере отырып, халықтың және халықшаруашылығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

 кейбiр мемлекеттер шығарылатын өзара жеткiзiлетiн өнiмдер.

Мемлекетаралық стандарттарды, мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi ТМД елдерiнiң комитеттер әзiрлейдi.

Мемлекетаралық стандартты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық Кеңес қабылдайды. Ал құрылыс саласында – ТМД елдерiнiң құрылыстағы Стандарттау, техникалық нормативтер және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдайды.

Мемлекетаралық стандарттарды қабылдаған соң, Минск қаласында орналасқан стандарттар жөнiндегi Бюрода тiркеледi. Әзiрлеудiң, қабылдаудың, өзгерiс енгiзудiң және ГОСТ-ы жоюдың тәртiбi тарап 3,32 тарауда кең қаралған.

Қазақстан Республикасы аумағында мемлекетаралық стандарттар Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң бұйрығымен енгiзiледi. Бұйрықта әр сертификат үшiн Қазақстан ауқымында Мемлекеттiк стандарт ретiнде күшiне кiретiн күнi белгiленедi және сонымен бiрге оған қайшы келетiн (не оны қайталайтын) халықаралық немесе мемлекеттiк стандарт күшiн жояды.

Аса қажеттi келiсiм мемлекеттерiнiң қатысушыларының бәрiнiң мүддесiне қатысы бар негiзiн салушы стандарттар үшiн, Мемлекетаралық Кеңес барлық мемлекеттерге күшiне кiретiн күнiн белгiлейдi.

Стандарттар жөнiндегi бюро стандарттары кiрмеген күшiнен бастап 2 жыл iшiнде мемлекетаралық стандарттардың күшiне кiру күшiн белгiлейдi. Оны белгiлеген кезде мемлекет-әзiрлеушiнiң ұлттық органының тиiстi ұсыныстары ескерiледi.

Мемлекеттiк стандартқа ұқсас мемлекетаралық стандарты қабылданса, онда Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет бұл мемлекетаралық стандартты тек мемлекетаралық қатынаста қолдануы туралы шешiм шығара алады. Бұл жағдайда мемлекеттiк стандарт iшкi қатынастарға жұмыс iстей бередi.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет өкiлеттiлiк берген орган (РГП"Стандарттау және сертификаттау Қазақстан институты". МГС-ң стандарттау жөнiндегi бюросынан тiркелген стандарттарды және олардың күшiне енгенi туралы ақпарат алып отырады, мемлекет стандарттарды көбейтiп шығаруды және олармен Қазақстанның заңды және физикалық тұлғаларын қамтамасыз етедi.

Мемлекетаралық стандарттарды шығарғанда құжаттардың алғы сөзiн қайта рәсiмдейдi, сөйтiп оған осы құжаттың Республикада iске қосылғаны жөнiндегi қосымша ақпарат кiредi.

Техникалық регламент.

Техникалық регламент – мiндеттi талаптарды не тiкелей, не болмаса стандартқа немесе ережеге сiлтеу жолымен, не болмаса осы құжаттардың мазмұнына қосу жолымен белгiлейтiн нормативтiк құжат. Ол терминологияға, белгiлеуге, буып-түюге, таңбалауға қойылатын талаптарды өнiмдерге, процестерге (жұмыстарға), қызметтерге немесе өндiрiстiң әдiсiне қолданылатын дәрежеде қамтиды немесе ерекше мазмұндауы мүмкiн. Бұл анықтама Қазақстан Республикасының. "Стандарттау туралы" Заңында белгiленген.

Қазақстанның әлемдiк сауда ұйымына кiру болашағы стандарттау жөнiндегi жұмыстың тәжiрибесiн осы ұйымның талаптарына жақындату қажеттiлiгiн туындатты.

"Стандарттау туралы" Заңға 2003 жылдың шiлде айының 10-шы жұлдызында енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес техникалық регламенттерге құзыретiне мiндеттi талаптарды (құрылыс, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелердi, фармокопеялықбаптар, өртке қарсы қауiпсiздiк және төтенше жағдайлар, қатағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауiпсiздiк, жолдарда және барлық көлiктегi қауiпсiздiк нормалары мен ережелерi және басқаларын), белгiлеуге кiретiн мемлекеттiк басқару органдары қабылдайтын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттiк стандарттарды жатқызу керек.

Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың талаптарын Қазақстан Республикасының ауқымында орналасқан шаруашылық субъектiлерiнiң барлығы орындауға мiндеттi. Техникалық регламентке жатқызылған нормативтiк құқықтың актiлер мен нормативтiк құжаттар мына мақсаттарда қабылданады:

 азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн қорғау үшiн;

 қоршаған ортаны, жан-жануардың өмiрi мен денсаулығын және өсiмдiктердi сақтау үшiн;

 техникалық қауiпсiздiктi сақтау үшiн;

 тұтынушыларды (сатып алушыларды) адастыратын iс-әрекеттiң алдын алу үшiн.

Республикада бекiтiлетiн және қолданылатын техникалық регламенттер туралы ақпараттарды жеткiзу және әзiрлеу процесi көптеген жағдайда мүдделi тұлғалар үшiн белгiлi бола бермейдi. Республикада қолданылатын техникалық регламенттер туралы бiрыңғай деректер базасы жоқ.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1.Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарттау жүйесіндегі стандарттар түрлерін айтыңдар және сипаттаңдар

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б

  2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б

  3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б

  4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Лекция №11

Лекция тақырыптарының атауы:Салааралық стандарттар жүйесі.

Лекция мақсаты:

Лекция сұрақтары:

  1. Өнімді өндіріске әзірлеуді және қоюды стандарттау.

  2. Еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттау (ЕҚОС). Қоршаған ортаны қорғау облысындағы стандарттау (ҚОҚ).

  3. Салааралық стандарттар жүйесі. Конструкторлық құжаттаманы стандарттау (БТҚС).

  4. Технологиялық құжаттаманы стандарттау (БТҚС).

  5. Жіктеуді стандарттау және техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау (ЖСТЭӘФК).Жіктеу объектілері.

  6. Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттар жіктегіштері

  7. . Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың жүйесі. Негізгі принциптері, ережесі,тәртібі және талаптары.

Лекция мазмұны

Метрологиялық сараптама – стандарттау мен метрология бойынша конструкторлық және технологиялық құжаттамалардың сапасын қамтамасыздандыру үшін қажет. Конструкторлық құжаттаманың сапасын өндірілген өнімнің сапасы анықтайды. Конструктор есепті шешу үшін минималды шығынмен нәтижеге қол жеткізуге бел буады. Қазіргі уақытта конструкторлық құжаттаманы жасауда сатылардың оптималды реті жасалған және мемлекеттік стандарттармен регламенттелген міндетті сатылар жасалған.

Бұл этаптарда жаңа өнім өндіру, оны өңдеу жолдары, жасау мен эксплуатация, конструкция бойынша қорытынды және принципиалды техникалық нәтижелер анықталады және тексеріледі. Жасалған этаптардың көлемдері және өңдеуге жататын конструкторлық құжаттама мемлекеттік стандарттармен бекітілген.

Техникалық құжаттамаға өзгертулер енгізу үшін өнімді жасаудың жұмысшы сызбаларын өңдеу, негізгі үлгілерді ары қарай жасау, ал олардың тоқтап қалуы қателер мен кемістікке алып келеді. Сонымен қатар сызбалар сандарттарды өзгерткенде және сатып алынатын өнімдер мен материалдарды, өнім сапасын жоғарылату шараларын, оның материалының көлемін азайту, модернизацияны жүргізу және т.б. өзгереді.

Конструкторлық құжаттаманың сапасы ең алдымен өндіріс процесі жүргізілгенде және өнімнің келесі эксплуатациясы кезінде тексеріледі. Конструктірлеу сапасы өзінің технологиялылығымен ерекшелінеді, яғни талап етілетін уақыт пен шығындарды пайдалана отырып өнімді өндіру.

Метрологиялық сараптау өндірілетін өнімнің көпке жарамдылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Ол ақауды жөндеу кезінде үлкен шығындар мен қателерді болдырмау үшін жобалау сатысында жасалады.

Метрологиялық сараптама МС 1325-86 әдістемелік қамтамасыздандыру регламенттелгенде жүргізіледі, онда өнімді қолдану мен сынау, әзірлеу, өңдеу стадияларында бақылау-өлшеу операцияларының эффективтілігін қамтамасыздандыру қатарлы талаптары бекітілген.

Ең басты талаптарының бірі – өзара алмасатын және сапаны бақылау анықтығы мен эффективтілігін қамтамасыздандыру мақсатымен өлшенетін параметрлер номенклатурасын оптималды анықтау. Зерттеу процесінде жетістік пен өлшенетін номенклатураның негізділігін және бақыланатын параметрлер, сонымен қатар олардың бақылауға шығын азайтуға әкелетін қысқару мүмкіндігі немесе осындай өлшем. Техникалық талаптарды білдіру үшін стандартталған терминдер қолданылу керек. Егер де спецификалық қолданылатын болса олардың анықтамалары қосымшалану керек.

Дайын өнімнің техникалық шартына (ТШ) сай келетінін анықтайтын зерттелетін параметрлер номенклатурасының толықтығын, дайын өнімді сынау параметрлерін, оның технологгиялық параметрлерін анықтау керек. Ерекше назар еңбек қауіпсіздігінің шартын бағалау, қоршаған ортаны ластау, материалды құндылық есебіне талаптарының жеткіліктілігіне аударылады. Бақыланатын номенклатураның қысқаруы немесе қиын бақыланатын параметрлерді ауыстыру эксперименталды немесе есепті зерттеу негізінде жасалуы мүмкін. Параметрлер номенклатурасының негізделуі, оның толықтығы мен дұрыстығы олардың жеткілігінің анализінде, олардың арасындағы тәуелділігін эксперименталды зерттеу нәтижелері мен әдістемелерінде негізделуі керек.

Метрологиялық сараптау аумағына өндіру процесінде талап етілетін дәлдікпен конструкциялы өнімді керекті параметрлермен бақылау мүмкіндігін қамтамасыздандыру, сынау, эксплуатация және өнімді жөндеуден өткізу бағасы жатады. Бұл мақсатпен параметрлері өлшенетін бет жағына қол жеткізу мүмкіндігін тексеріледі және т.б. Өлшеу нүктелеріне қол жеткізу қиын болса, арнайы немесе оригиналды өлшеу құралдарының талаптары негізделмеген болса, онда оның функционалды сапасы нашарлаусыз өнімнің конструкциясын өзгерту туралы ұсыныс жасалады.

Қорытынды

Қорытындысы аз жіберілетін қателікті алу бақылау сенімділігін анықтайтын негізгі принцип болып табылады. Осыдан шыға құжаттамада – конструкторлықта параметрлерге жіберілетін ақаулар және жіберілетін бағалау қателіктері, технологиялықта қажетті дәлдікпен өнімнің реализациясын қамтамасыздандыратын олардың әдістемесі көрсетіледі. Дәлдік нормаларын тағайындау мен жіберілетін ақауларды бағалау келесіге сүйенеді:

  • нәтижелерге экономикалық және технологиялық негізделген дәлдіктерге талап,

  • өлшеу аралықтары өткізумен салыстырымды және әдістемелік инструменталдық құрамдары бар,

  • аралықтардың кездейсоқ және алып тасталмайтын құрамдары салыстырымды,

  • ҒТҚ-ның дәл сипаттамасының талаптарын белгілеу және бақылауды жүргізу әртүрлі бөлімдермен немесе қызметкерлермен жүргізіледі,

  • өлшеу дәлдігінің нормасын бекіту өлшеу қорытындысын практикалық қолдануға ыңғайсыз формаларға жол бермейді,

  • өлшеу аралықтарын бөлетін нақты функциялар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны артығырақ өлшемдермен де қабылдайды.

Өлшеу дәлдігінің нормасын тағайындауда оның деңгейін анықтайтын шартты ескерген жөн:

  • өнімнің сапасын бағалауда бұл параметрлердің маңыздылығы,

  • өлшеу деңгейінің нақтылығы,

  • анықталған параметрлерге берілетін рұқсат өрісінің өлшемі,

  • өлшеу аралықтарының үлестірімділік заңы.

Мысалы, қалыптасқан технологиялық процесте өлшеу дәлдігінің нормасы – жіберу аралығы рұқсат өрісінің жартысымен өлшенуі мүмкін. Технологиялық процестің дұрыс орталығын рұқсат етілген ауытқу шекарасына ығыстыру өлшеу аралығын азайтуды талап етеді.