Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Си лекция каз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. Си тілінің шығу тарихы.

  2. Си программасының жалпы құрамы мен құрылымы.

  3. Препроцессор директивалары түсінігі.

  4. Тілдің алфавиті құрамы. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы символдар.

  5. Басқару тізбектері не үшін қажет және олар қалай жазылады?

  6. Тілдің қарапайым объектілері.

  7. Си тіліндегі сандар мен айнымалылар, олардың жазылу жолдары.

  8. Идентифика­тор дегеніміз не?

  9. Өрнек ұғымы.

  10. Тілдің түйінді сөздері.

Дәріс №3

2.3. Си тіліндегі мәліметтер типтері және енгізу, шығару функциялары

Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар:

  • char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип,

  • short – қысқа бүтін сан,

  • int – бүтін сан типі,

  • long – екі еселенген бүтін сан,

  • unsigned – таңбасыз бүтін сан,

  • float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар,

  • double – екі еселенген нақты сан типі,

  • long double – ұзартылған, әрі екі еселенген нақты сан типі.

Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Төмендегі кестеде әр түрлі типтердің ұзындықтары көрсетілген.

Си тілінің ішкі құрамындағы мәліметтер типтері мен олардың

ені (ұзындығы) 2.5 кесте

Мәлімет типі

Ұзындығы (бит – байт)

Сандар диапазоны

char

8 бит – 1 байт

-128 ... +127

unsigned char

8 бит – 1 байт

0 ... 255

short int

16 бит – 2 байт

-32768 ... 32767

unsigned short

16 бит – 2 байт

0 ... 65 535

int

16 бит – 4 байт

-32768 ... 32767

unsigned [int]

32 бит – 4 байт

0 ... 4294967295

long

32 бит – 4 байт

-2 147 483 648 ... 2 147 483 647

unsigned long

32 бит – 4 байт

0 ... 4 294 967 295

float

32 бит – 4 байт

3.410-38 ... 3.41038

double

64 бит – 8 байт

1.710-308 ... 1.710308

long double

80 бит – 10 байт

3.410-4932 ... 3.4104932

2.4. Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау

Айнымалыларды сипаттау кезінде бүтін тұрақтылар – костанталар мәндерін де көрсетуге болады. Мысалы:

int k=0; (бір ғана сан сипатталған және оған мән берілген)

int k1,k3=0; (біреуі тек сипатталған, екіншісіне мән берілген)

char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сандарды сипат­тау­да қолдануға болады, ДК жадында бұларға бір байт орын бөлінген. Мысалы:

char c1;

char ck=’k’;

2.4.2. Char типі

Бұл тип мәндері реттелген символдар жиыны болып табылады. Әрбір символға бір бүтін сан сәйкес келеді, ол символ коды деп аталады. Символдық тип ені – 1 байт. Char типі де signed және unsigned специфи­каторларымен қолданылады. Signed char типі диапазоны –128 .. 127. Unsigned char типін қолданғанда, оның мәндер диапазоны 0 .. 255 болады. Символдарды кодтау үшін ASCII (American Standard Code for International Interchange) стандарты негізге алынған. Символдардың 0 .. 31 кодтары басқару кодтарына жатады, олар тек енгізу-шығару кезінде ғана қолданылады.

Сhar типі символдарды олардың бүтін сан түріндегі кодтары арқы­лы сақтап, басқа шамалардың көрсетілген диапазоны сандарын да көрсету үшін де қолданыла алады.