- •2.1 Мәселеге қатысты деректерді тілдік принцип бойынша топтау және оларға сипаттама
- •2.2. Аумақтық немесе Европалық авторлардың мәліметтері
- •2.3. Әулеттік деректер тобының мәліметтеріне сипаттама
- •2.4 Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ауыз әдебиетінің материалдарына сипаттама
- •3.1 Мәселенің хіх ғ. Ортасынан – хх ғ. 30 жж. Дейін зерттелуі
- •3.2 Хх ғасырдың 30-40 жылдарындағы зерттеулер
- •3.3 Қазақ хандығы құрылуының хх ғасырдың 50-80 жылдарда зерттелуі
- •3.4 Қазақ хандығының құрылу тарихының қазіргі кезеңде зерттелуі
- •4.1 Монғолдар жаулауы қарсаңындағы Дешті Қыпшақтың этносаяси жағдайы
- •4.2 Моңғолдар жаулап алушылығы мен одан кейінгі оқиғалардың Дешті Қыпшақтағы этнопроцестерге тигізген әсерлері
- •4.3 Моңғол жаулап алушылығына байланысты Қазақстан аумағына тайпалардың қоныс аударуы
- •4.4 Хііі ғ. Ортасы мен хіv ғ. Ортасына дейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы этнопроцестердің дамуы
- •4.5 Монғолдардың қыпшақтануы процесіндегі исламның рөлі
- •5.1. Хv ғасырдың ортасындағы Әбілқайыр хандығының ішкі саяси жағдайы
- •5.2 Хv ғасырдың 40-50 жж. Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары
- •5.3 Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы Моғолстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
- •5.4 Хv ғасырдың ортасындағы Мауереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайы
- •6.1 Қазақ хандарының шығу тегі мәселесі
- •6.2 Керей мен Жәнібек хандар туралы
- •6.3 Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайырдан бөлінуіне қатысты мәселелер
- •6.4 Қазақ хандығының құрылған жылы туралы пікірлерге талдау
- •6.5 Қазақ хандығының құрылуының барысы мен кезеңдері
2.2. Аумақтық немесе Европалық авторлардың мәліметтері
Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты жазба мәліметтер өте аз көлемде болса да, европалық авторлардың шығармаларында кездеседі. Біз бұл деректердің бәрін өзіміз қолданып отырған аумақтық принципке сай европалық авторлар еңбектеріндегі деректерге жатқызамыз. Оған Марко Полоның, Плано Карпинидің, Вильгельм Рубруктың, Матвей Меховскийдің деректері жатады [102-104.]. Төменде әр автордың мәліметтеріне қысқаша тоқталып, оларға сипаттама берелік.
1) Плано Карпинидің «Монғолдар тарихы» атты шығармасы 1245-1247 жылдары оның монғол империясының астанасы Қарақорымға Рим папасы ІY Иннокентийдің тапсырмасымен барған сапарының есебі ретінде жазылған [103, 3 б.]. Плано Карпини - монғолдардың 1236-1241 жылдардағы батыстағы орасан зор аймақты бағындырғаннан кейін Қарақорымдағы монғол қағанына барып, олар туралы артында құнды жазба ескерткіштер қалдырған және монғол жаулаушылығының зардаптары жөнінде алғашқы мәлімет беруші европалық автор.
Біз өзіміздің қарастырып отырған жұмысымызға қатысты Плано Карпини мәліметтерін былайша топтастырамыз:
а) Жалпы монғолдардың әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдері, соғыс өнері мен оларға бағынышты елдер туралы мәліметтер; ә) жаулап алудың зардаптары туралы мәліметтер; б) Жошының ұлдарының Ордалары туралы мәліметтер [103, 58-65 бб.]. Оның бұл мәліметтерінің біз үшін құндылығы өте ерекше.
2) Плано Карпиниден соң көп ұзамай 1253-1255 жылдары француз королі ІX Людовиктің тапсырмасымен Вильгельм Рубрук бастаған елшілік Қарақорымға аттанды. Елшіліктің мақсаты – мұсылмандарға қарсы күресу үшін монғолдарды одақтастыққа тарту болды. Осы сапары туралы Вильгельм Рубрук «Шығыс елдеріне саяхат» атты еңбек жазып қалдырды. Мұндағы өзімізге қажетті мәліметтерді біз былайша топтастырамыз:
а) Монғолдарға қатысты этнографиялық мәліметтер;
ә) XІІІ ғасырдағы Алтын Орданың ішкі саяси өміріне кейбір лауазымдарға қатысты көптеген мәліметтер. Мысалы, В. Рубрук Батый хан елшілерінің Мөңке қаған елшілерінен жоғары тұратындығын хабарлайды [103, 110 б.].
б) Жаулап алудың зардаптары туралы мәліметтер. В. Рубрук Жетісу жерінде монғолдардың малға қажетті жайылымдарды кеңейту үшін ондағы қалалардың көп бөлігін қиратып тастағандығын жазып өтеді [103, 110 б.].
3) XІІІ ғасырдың соңғы жылдары жазылған «Марко Полоның кітабы» - XІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Монғол империясының ішкі саяси жағдайын, әр түрлі елдер мен халықтар, олардың этнографиясы туралы және т.б. құнды мәліметтер беретін шығармаларға жатады [102.]. Біздің қарастырып отырған мәселемізге қатысты Марко Полоның мәліметтерін төмендегідей топтастыруға болады:
а) Хайду хан және оның Құбылай ханмен күрестері туралы [102, 192-195 бб.]. Бұл мәліметтер бізге XІІІ ғасырдың екінші жартысында монғол империясының ыдырау процесінің қалай жүргендігін көрсетеді.
ә) Орда Ежен Ұлысы, оның сол тұстағы билеушісі Қоныша туралы мәліметтер [102, 206-207 бб.]. б) Алтын Орданың Батыйдан Тоқтай ханға дейінгі билеушілері туралы мәліметтері [102,209 б.]. в) Алтын Орда ханы Берке мен Ирандағы Хұлагу арасындағы соғыстар, оның себептері мен барысы туралы мәліметтер [102, 209-213 бб.]. г) Тұда Мөңке ханның билігі, Тоқтай ханның Ноғаймен күресі туралы мәліметтер [102, 213-218 бб.].
«Марко Поло кітабындағы» XІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орда Ежен Ұлысына қатысты айтылған мәліметтердің біз үшін өте құнды екеніне ерекше назар аударамыз.
4) Матвей Меховскийдің еңбегіндегі мәліметтер. 1457-1523 жылдары өмір сүрген, ұлты поляк, әрі дәрігер, әрі астролог, әрі тарихшы Матвей Меховский артында «Екі Сарматия туралы трактат атты тарихи шығарма қалдырады. Шығарма алғаш 1517 жылы Польшаның Краков қаласында жарыққа шыққан [104, 1-6 бб.]. «Екі Сарматия туралы трактаттың» ғылыми құндылығын европалық оқырмандар бірден мойындайды. «Екі Сарматия туралы трактатта» біз қарастырып отырған мәселе бойынша мынадай сипаттағы деректер кездеседі.
а) Монғолдардың қыпшақтарды (деректе автор оларды половцы деп жазады – Б.К.) жаулап алуы туралы мәліметтер; ә) монғолдардың ислам дінін қабылдауларының себебі туралы мәліметтер; б) монғолдардың әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер; в) XY ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орда аумағында қалыптасқан саяси жағдай мен пайда болған мемлекеттер туралы мәліметтер [104, 47-64 бб.]; г) Ноғай Ордасының қалыптасуына, Оқас биге қатысты мәліметтер [104, 92-93 бб.]. Бұл мәліметтердің тікелей Қазақ хандығының құрылуына қатысы бар. «Шамамен қазіргі 1517 жылдан 70 жыл бұрын Ұлы ханның атақты қызметшісі және жауынгері, 60 ұлы бар. Оқас өлтірілгеннен кейін, "оның ұлдары Еділ бойы Ордасынан бөлініп, Сарай маңына қоныстанады", - деген мәліметтен біз Оқастың өлімінен кейін оның ұлдарының дербестенгенін байқаймыз. Маңғыттардың «Көшпелі өзбектерден» бөлінуі Әбілқайыр хандығын бір әлсіретсе, Керей мен Жәнібек бастаған тайпалар тобының бөлінуі, Шайбанилар әулетінің билігінің күйреуіне алып келеді. Міне, осы жағынан алғанда поляк авторының осы мәліметінің маңызы өте жоғары.
Европалық авторлардың еңбектеріндегі деректерге қысқаша сипаттамалар бере келе, олардың бәрі Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын анықтауда ерекше роль атқарады деп есептейміз.
