- •5В070200 «Автоматтандыру және басқару » мамандығы бойынша
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Ажж көмегімен күрделі техникалық жүйелерді жобалаудың заманауи тенденциялары
- •Курстың мазмұны мен міндеті
- •2 Жобалау объектісі мен процесіне заманауи көзқарас
- •2.1 Жобалау туралы ғылымның қалыптасуы
- •4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы
- •3 Жобалаудың негізгі әдістемесі
- •3.1 Жобалау тану теориясы позициясынан
- •4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы
- •5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері
- •5.1 Ажж құру мақсаттары және есептері.
- •6.Ажж қамтамасыздандыру түрлері
- •7 . Жжа топтастыру
- •8. Жобалау үрдістерінің жалпы мәдіметтері. Жобалаудыңжүзеге асуынының әдіс –тәсілдерін.
- •8.1 Кезең және жобалау кезеңдерінің
- •9. Рәсімдердің техникалық тапсырманың зерттеу кезеңдері
- •9.1 Бастапқы кезеңдегі техникалық тапсырмаларының зерттеулерінің шешетінің негізгі мақсаттарды
- •10. Техникалық ұсыныстарды өңдеу процедуралар кезеңінде
- •10.1 Техникалық ұсынысты өңдеу кезеңінде шешілетін негізгі есептер
- •11.Техникалық шешімдерді іздестіруді ұйымдастыру
- •11.1 Техникалық шешімдерді іздеу
- •12.Жобалаудың объектілерін талдау үшін имитациялық үлгілеу.
- •12.1 Имитациялық үлгілеу технологиясының негіздері
- •13. Процедуралардың нұсқалы жобаның өңдеу кезеңінде
- •13.1 Нұсқалы жобаның өңделуі кезеңінде шешетін негізгі есептер
- •14. Техникалық жобаның өңделуі кезеңіндегі процедуралар
- •14.1 Техникалық тапсырмалардың өңделуі кезеңіндегі шешілетін негізгі есептер
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері
5.1 Ажж құру мақсаттары және есептері.
Өндірістік бұйымдардың өмірлік циклі аясында АЖЖ жобалау және өндіріске дайындау сатыларында автоматтандыру жұмыстарын жүзеге асырады. Жобалауды автоматтандыру деп жоба жасаушы жобалық процедураларды ЭЕМ-мен тығыз қарм-қатынаста болып орындауын айтады. Жобалауды автоматтандыру есептеу техникасының құралдарын жүйелік түрде қолданып, жоба жасаушы мен ЭЕМ арасында жұмыстар тең бөлініп және есептерді машиналық ьтүрде шешудің дұрыс әдістерін таңдап алуды талап етеді. Жоба жасаушы мен ЭЕМ арасында жұмыстар тең бөлу деп, адам көбінесе шығармашылық жұмыстарды ал ЭЕМ алгоритм ретінде формальді түрде жазып есептеу жұмыстарын орындаун айтамыз. Жобалайтын объектілердің күрделіленуіне байланысты мұндай жобаладың уақыты да бағасы да артып отыр. Сондықтан физикалық эксперименттен математикалық модельдеуге көшу, бағалаудың эвристикалық әдістерін алмастыру, параметрлерді анықтау мен құжаттарды өңдеудің алгоритмделген процедураларды қолдану қажеттілігі туындап отыр. Жобалаудың машиналық әдістерінің негізгі артықшылығы – қымбат тұратын физикалқ модельден бас тартып орнына жобалау объектісінің математикалық моделіне есептеулер жүргізуге болады.
Жобалауды автоматтандыру мақсаты – сапаны жоғарылату, материалды шығындарды төмендету, жобалау уақытын қысқарту және жобалаумен айналысатын инженер-техникалық жұмысшылардың санын қысқарту, олардың еңбек өнімділігін арттыру.
АЖЖ құрудың негізгі мақсаты - инженерлердің еңбек өнімділігін арттыру:
жобалау мен жоспарлау жұмыстарын азайту;
жобалау уақытын қысқарту;
жобалаудың өзіндік құнын төмендету, эксплуатацияға кетеін шығынды төмендету;
жобалау қорытындысының сапасы мен технико-экономикалық деңгейін арттыру;
модельдеу мен сынақтарға шығындарды азайту.
АЖЖ жасауда мақсаттарға жету келесі жолдармен қамтамасыз етіледі.
құжаттарды рәсімдеуді автоматтандыру;
шешім қабылдауды ақпараттық қолдау және автоматтандыру;
параллельді жобалау технологияларын қолдану;
жобалық шешімдерді және жобалау үрдістерін унификациялау;
жобалқ шешімдерді, берілгендерді және дайын жұмыстарыд қайталап қолдану;
стратегиялық жобалау;
сынақтар мен макет жасауды математикалық модельмен алмастыру;
жобалауды басқару сапасын арттыру;
нұсқаулық жобалау және тиімділеу әдістерін қолдану.
АЖЖ –ң негізгі функциясы – математикалық және басқа модельдерді, автоматтандырылған юобалау процедураларын және есептеу техникасы құралдарын пайдалану негізінде объектілерді және олардың бөліктерін жобалау сатыларында жобалауды автоматтандыру.
АЖЖ жұмысы берілген формада орындалған жобалық шешімдерді қамтамасыз етуі тиіс. АЖЖ жобалауының қорытындысы берілген талаптарды қанағаттандыратын, жобалау объектісін жасауға қажетті аяқталған жобалық шешімдер жиынтығы болып табылады.
АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйелері) аббревиатурасының талдауы.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері, АЖЖ – жобалау функциясының ақпараттық технологиясын жүзеге асыратын автоматтандырылған жүйе. Ол персоналдан және техникалық, бағадрламасылқ және басқа құралдар комплексінен тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға арналған ұйымдастырушылық-техникалық жүйе.
Бірінші пайымдау – дрыс емес.
АЖЖ – автоматты жобалау жүйесі. «Автоматты» ұғымы жүйенің адамның қызметінсіз өз бетімен жұмыс істеуін меңзейді. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінде жұмыстың жартысын адам жасайды, автоматты болып тек кейбір жеке процедуралар мен операциялар ғана табылады.
Екінші пайымдау – осымен тең.
АЖЖ – жобалық жұмыстарды автоматтандыру жүйесі. Мұндай анықтама негізгі анықтамаға ұқсас бірақ көп қолданылмайтын көшірмесі болып келеді. Қазіргі заманғы техникалық, оқу әдебиетінде және мемлекеттік стандарттарда АЖЖ – Автоматтандырылған жобалау жүйелері деп аталады.
Үшінші пайымдау – таңдамалы.
АЖЖ – жобалауды автоматтандыруға арналған бағдарламалық құрал. Қазіргі таңда АЖЖ-ны жобалық қызметті іске асыруға арналған қолданбалы бағдарламалық құрал ретінді түсінген жөн. Отандық әдебиеттерде және мемлекеттік стандарттарда АЖЖ неғұрлым үлкен құрамына тек бағдарламалық құралдар ғана емес, басқа да көптеген сұрақтарды қамтитын күрделі ұғым.
Ағылшынша эквиваленті.
АЖЖ-ны ағылшын тіліне аудару үшін CAD (англ. computer-aided design), термині қолданылады. МЕМСТ 15971-90 «computer-aided design» термині «автоматтандырылған жобалау» терминінің ағылшынша стандартты аудармасы ретінде келтірілген. бағдарламалық және аппараттық құрал ғана емес, сонымен қатар жобалауды авоматтандырудың аппараттық-бағдарламалық кешені ұғымын береді. CAD ұғымы АЖЖ-ң ұйымдастырушылық –техникалық жүйе ретінде толық эквиваленті болып табылады. АЖЖ термині ағылшын тіліне CAD system, automated design system, CAE system деп те аударылады.
