- •5В070200 «Автоматтандыру және басқару » мамандығы бойынша
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Ажж көмегімен күрделі техникалық жүйелерді жобалаудың заманауи тенденциялары
- •Курстың мазмұны мен міндеті
- •2 Жобалау объектісі мен процесіне заманауи көзқарас
- •2.1 Жобалау туралы ғылымның қалыптасуы
- •4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы
- •3 Жобалаудың негізгі әдістемесі
- •3.1 Жобалау тану теориясы позициясынан
- •4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы
- •5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері
- •5.1 Ажж құру мақсаттары және есептері.
- •6.Ажж қамтамасыздандыру түрлері
- •7 . Жжа топтастыру
- •8. Жобалау үрдістерінің жалпы мәдіметтері. Жобалаудыңжүзеге асуынының әдіс –тәсілдерін.
- •8.1 Кезең және жобалау кезеңдерінің
- •9. Рәсімдердің техникалық тапсырманың зерттеу кезеңдері
- •9.1 Бастапқы кезеңдегі техникалық тапсырмаларының зерттеулерінің шешетінің негізгі мақсаттарды
- •10. Техникалық ұсыныстарды өңдеу процедуралар кезеңінде
- •10.1 Техникалық ұсынысты өңдеу кезеңінде шешілетін негізгі есептер
- •11.Техникалық шешімдерді іздестіруді ұйымдастыру
- •11.1 Техникалық шешімдерді іздеу
- •12.Жобалаудың объектілерін талдау үшін имитациялық үлгілеу.
- •12.1 Имитациялық үлгілеу технологиясының негіздері
- •13. Процедуралардың нұсқалы жобаның өңдеу кезеңінде
- •13.1 Нұсқалы жобаның өңделуі кезеңінде шешетін негізгі есептер
- •14. Техникалық жобаның өңделуі кезеңіндегі процедуралар
- •14.1 Техникалық тапсырмалардың өңделуі кезеңіндегі шешілетін негізгі есептер
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
6.Ажж қамтамасыздандыру түрлері
.
Әрбір ішкі жүйе сол ішкі жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін компоненттерден тұрады. Компонент ішкі жүйеде белгілі бір қызмет атқарады және АЖЖ-ң өз бетімен жасалған немесе сатып алынған кішкентай бөлінбейтін бөлшегі (бағдарлама, транзистор моделінің файлы, графикалық дисплей, нұсқаулық т.б.) болып табылады. Біртипті компоненттердің жиынтығы АЖЖ қамтамасыздандыру құралдарын құрайды. АЖЖ қамтамасыздандыруының келесі түрлері ерекшеленеді.
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) – түрлі аппараттық құралдардан (ЭЕМ, перифериялық құралдар, желілік құралдар, байланыс желілері, өлшеу құралдарынан) тұратын АЖЖ-ң жұмысын қамтамасыз ететін, бір-бірімен байланысты, қарым-қатынас жасайтын құралдар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыздандыру (МҚ) – автоматтандырылған жобалау есептерін шешу үшін қолданылатын модельдер және алгоритмдер, математикалық әдістерді біріктіреді. МҚ тағайындалу мен іске асырылу түріне байланысты екі бөлікке бөледі. Математикалық әдістер және олардың негізінде салынған жобалау объектілерінің математикалық модельдері және оның бөліктері, автоматтандырылған жобалау технологияларының формальді сипаттамасы.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) жобалау үрдісін жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалар. БҚ жалпыжүйелік және қолданбалы болып екіге бөлінеді:
жалпыжүйелік БҚ техникалық қамтамасыздандыру құралдарын басқару және қолданбалы бағдарламалардың қызмет етуін қамтамасыздандыруға арналған. Жалпыжүйелік БҚ мысалы операциялық жүйе бола алады.
Қолданбалы БҚ жобалық процедураларды тікелей орындауға қажетті математикалық қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Олар жобалаудың белігіл бір кезеңдеріне қызмет етеді, әр түрлі кезеңдер ішіндегі біртипті есептерді (құбыр жүйелерін жобалау, схемотехникалық үлгілеу пакеті, АЖЖ геометриялық шешушісі) шешеді.
Ақпараттық қамтамасыздандыру АҚ – жобалаушы жүзеге асыру үішн қажетті ақпараттар жиынтығы. Стандарты жобалық процедураларды түсіндіруден, типтік жобалық шешімдерден, жабдықтар мен олардың модельдерінің құраушыларынын, жобалау ережелері мен нормаларынан тұрады. АЖЖ АҚ негізгі бөлігі – мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері.
Лингвистикалық қамтамасыздандыру ЛҚ – АЖЖ –да жобалнушы объектілер, үрдістер және бағдарламалау құралдары туралы ақпаратты көрсету үшін, және ЭЕМ мен жобалаушы арасында сұхбатты ұйымдастыру үшін, АЖЖ техникалық құралдары арасында мәліметтер алмасу үшін қолданылатын тілдер жиынтығы. Оның құрамына терминдер, анықтамалар, табиғи тілді қалыптастыру ережелері, кіреді. ЛҚ-да жобалау мен модельдеудің әр түрлі типті кластары ажыратылады (VHDL, VERILOG, UML, GPSS).
Әдістемелік қамтамасыздандыру ӘҚ – АЖЖ қызмет етуінің технологияларының, нақты нәтижелер алу үшін пайдаланушылардың технологиялық тәсілдерді дұрыс таңдау және пайдалану әдістерінің сипаттамасы. Оның құрамына жобаланушы объектілерде орын алып жатқан үрдістер теориясы, талдау әдістері, жүйелердің және олардың негізгі бөліктерінің синтезі, жобалаудың түрлі әдістемесі, кейде МҚжәне ЛҚ да жатқызады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру ҰҚ – жобалық ұйымның құрамын, оның бөлімдерінің арасындағы байланысты, жүйенің жұмыс істеу қызметі, автоматтандыру жүйелерінің және объектінің ұйымдастырушылық құрылымын, жобалау қорытындысын көрсету формасын анықтайтын құжаттар жиынтығы. ҰҚ штаттық кесте, қызметтік нұсқаулар, бұйрықтар, жарлықтар, қолдану нұсқаулықтары жатады.
АЖЖ жобаланушы жүйедегі сияқты сонымен қатар эрганомикалық және құқықтық қамтамасыздандыру болады.
Эрганомикалық қамтамасыздандыру ЭҚ адамның психологиялық, психофизикалық, антропометриялық мінездемелерін және мүмкіндіктерін жобалау құралдарының техникалық мәнездемелерімен және жұмыс ортасының параметрлерімен байланысқан талаптарды біріктіреді.
Құқықтықтың қамсыздандыруы құқықтықтың шамаларынан деген құралады ,құқықтық қатынас ЖЖА (жобаланған жүйелердің автоматтандырылуы)дың жүйелендіруімен, және жүйеленуінің нәтижесінің заңды мәртебесі реттейді.
