Зззззззззз
Займдар бойынша шығындар есебі: капитализация.Капиталдандырудың басталуы.Қарыздар бойынша шығындарды белгілі бір талаптарға сай келетін актив құнының бір бөлігі ретінде капиталдандыру:(а) сол актив бойынша шығындар пайда болған;(b) қарыздар бойынша шығындар пайда болған;жəне (с) активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға əзірлеу үшін қажетті жұмыстар қолға алынған кезде басталуға тиіс.Белгілі бір талаптарға сай келетін активке жұмсалатын шығындарға ақшалай төлемдерде, басқа активтердің аударымдарында немесе пайыздық міндеттемелер қабылдануында білдірілетін шығындар ғана жатады.Шығындар сол активке байланысты алынған кез келген төлемдер мен субсидиялар мөлшеріне кемітіледі.Активтің кезең ішіндегі орташа қаржылық жағдай туралы есептік құны, соның ішінде қарыздар бойынша бұрын капиталдандырылған шығындар, əдетте сол кезеңдегі капиталдандыру мөлшерлемесі қолданылатын шығындардың негізделген болжалды мəніне теңеледі.Активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметке активті нақтылай жасау ғана қамтылмайды.Оған активті нақтылай жасау алдындағы техникалық жəне əкімшілік жұмыстары, мысалы, құрылыс бастау үшін қажетті рұқсаттар алуға байланысты қызмет жатады.Алайда,оның күйін өзгертетін өндіріс немесе түрлендіру жоқ болса, активті иелену ондай қызметке жатпайды.Мысалы,құрылыс үшін жерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қарыздар бойынша жұмсалған шығындар тиісті жұмыстар жүргізілетін кезең ішінде капиталдандырылады.Алайда,кейінгі құрылыс үшін сатып алынған жер ондағы əлдебір əзірлік жұмыстарынсыз иелікте қалатын кезде жұмсалған шығындар капиталдандыруға жатпайды.Капиталдандыруды тоқтата тұру.Қаражат қарыздары бойынша шығындарды капиталдандыру объектіні түрлендіру жөніндегі белсенді жұмыста үзіліс болатын ұзақ кезеңдер ішінде уақытша тоқтатыла тұруға тиіс.Қарыздар бойынша шығындар активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметте үзіліс болатын ұзақ кезең ішінде жұмсалуы мүмкін.Ондай шығындарға аяқталмаған объектілерді ұстауға жұмсалатын шығындар жатады.Мұндай шығындар капиталдандыруға жатпайды.Алайда қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру әдетте елеулі техникалық және әкімшілік жұмыстар жүзеге асырылатын кезең ішінде уақытша тоқтатыла тұрмайды.Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру сондай-ақ уақытша кідіріс активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үрдісінің қажетті бөлігі болып табылатын кезде де уақытша тоқтатыла тұрмайды.Мысалы, капиталдандыру қорларды қажетті кондицияға жеткізу үшін қажетті ұзақ кезең ішінде, немесе судың жоғары деңгейі көпір салынуын кешеуілдететін ұзақ кезең ішінде, судың жоғары деңгейі сол географиялық аймақ үшін құрылыс салу кезеңі ішінде әдетті болса, капиталдандыру жалғастырылатын болады.Капиталдандыруды тоқтату.Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру белгілі бір талаптарға сай келетін активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар іс жүзінде аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.Объектінің нақты құрылысы аяқталған кезде, күнделікті әкімшілік жұмыстарының одан әрі жалғастырыла беруі мүмкін екеніне қарамастан, ол әдетте мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайын деп саналады.Егер объектіні сатып алушының немесе пайдаланушының талаптарына сәйкес ресімдеу секілді кішігірім жұмыста ғана қалса, оның өзі жұмыстардың іс жүзінде толық аяқталғанын білдіреді.Белгілі бір талаптарға сай келетін актив құрылысының бөліктері аяқталып, әрбір бөлікті басқа бөліктердің құрылысы жалғасып жатқан кезде пайдалануға болатын болса, қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру активтің сол бөлігін мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар негізінен аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.Әрқайсысы жеке пайдалануға жарамды бірнеше ғимараттардан тұратын бизнес-орталығы - басқа құрамдас бөліктер құрылысы одан әрі жалғастырылып жатқан кезде әрбір бөлікті пайдалануға болатын белгілі бір талаптарға сай келетін активтің мысалы.Өзінің кез келген құрамдас бөлігі пайдаланылардан бұрын толық аяқталуға тиіс белгілі бір талаптарға сай келетін актив мысалы ұйымның бір алаңда орналасқан түрлі цехтарында рет-ретімен жүзеге асырылатын бірнеше өндірістік үдерістерді біріктіретін өнеркәсіп ұйымы, болат илектеу өндірісі болып табылады.
Зайымдар бойынша шығындарды анықтау, займдар бойынша шығындарды шығыстарға жатқызу тәртібі.Қарыздар бойынша шығындар - ұйым қарыз қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық жəне басқа шығыстар.Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін əзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс.Ұйым басқа қарыз шығындарын шығыс ретінде жұмсаған кезеңінде тануы тиіс.Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына кіреді.Қарыздар бойынша ондай шығындар, ұйымның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін жəне шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады.Қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген шығындар.Қарыздар бойынша белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар – тиісті активке шығындар жұмсалмаған болса, қарыздар бойынша жол бермеуге болатын шығындар.Ұйым қаражатты тек белгілі бір талаптарға сай келетін нақты активті сатып алу үшін қарызға алатын болса,сол активке тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды айқын анықтауға болады.Нақты қарыздар мен белгілі бір талаптарға сай келетін актив арасындағы тікелей байланысты табу жəне анықтау басқа жағдайда жол бермеуге болатын қарыздарды анықтау қиыншылық туғызуы мүмкін.Ондай қиыншылықтар,мысалы,ұйымның қаржы қызметі орталықтан үйлестірілетін кезде пайда болады.Қиыншылықтар ұйымдар тобы түрлі пайыздық мөлшерлемелер бойынша қарыз қаражатын алу үшін бірқатар қарыз міндеттемелерін пайдаланатын жəне сол қаражатты топқа кіретін ұйымдарға түрлі негіздерде қарызға беретін кезде де пайда болады.Валюта бағамдарының ауытқулары,сондай-ақ топтың шетелдік валютада көрсетілген немесе жоғары инфляция жағдайларында онымен байланыстырылған несиелерді пайдалануы жағдайды қосымша қиындатады.Соның нəтижесінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға тікелей байланысты қарыз қаражатын пайдалану жөніндегі шығындар мөлшерін анықтау қиындайды жəне субъективті баға беруді қажет етеді.Қаражат белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы қарызға алынған шектерде қарыздар бойынша шығындардың сол активке капиталдандыру үшін рұқсат етілген сомасы осы қарыз бойынша кезең ішінде жұмсалған нақты шығындар ретінде,осы қарыз қаражатын қысқа мерзімді инвестициялаудан түсетін кез келген инвестициялық табысты шегере анықталуға тиіс.1.Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы есептілік.2.Сақтандыру келісімшарттарын есепке алу (ХҚЕС IFRS 4).3.Операциялық сегменттер есебі (ХҚЕС IFRS 8 ).4.Акцияға негізделген төлемдер есебі.Өздері бойынша төлемдерді жай акциялармен жəне ақша қаражатымен төлеуге болатын контрактілер.Ұйым өзі бойынша төлемдерді өз қалауынша жай акциялармен немесе ақшалай қаражатпен төлей алатын контракт шығарған кезде ол сол контракт бойынша төлемдер жай акциялармен төленетінін, ал таратушы ықпал бар кезде пайда болатын əлеуетті жай акциялар міндетті түрде акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне міндетті түрде қосылатынын негізге алуға міндетті.Мұндай келісімшарт есепке алу мақсаттарында актив немесе міндеттеме ретінде пайдаланылатын немесе өзіне үлескерлік компонентті де, міндеттеме компонентін де қамтитын кезде ұйым пайдада немесе шығында есепті кезең ішінде болатын,шарт түгелдей үлестік құрал ретінде сараланған кездегі барлық өзгерістерді ескере алым ретінде түзетуге міндетті.Мұндай түзету 33-тармаққа сəйкес қажет етілетін түзетулерге ұқсас.Ұстаушының қалауы бойынша төлемдерді, жай акциялармен немесе ақшалай қаражатпен жасауға болатын контрактіге қатысты акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ақша қаражаты төлемдері мен акция төлемдері таратылуының неғұрлым елеулі деңгейі ескерілуі тиіс.Өзі бойынша төлемдерді, жай акциялармен де, ақшалай қаражатпен де жасауға болатын контракт,мысалы, өтем мерзімі басталған кезде ұйымға қарыздың негізгі сомасын ақша қаражатымен, не өзінің жай акцияларымен өтеуге шексіз құқық беретін қарыз құралы бола алады.Басқа мысал, сатуға жазып берілген опцион болып табылады, ол ұстаушыға жай акциялармен төлеу мен ақша қаражаттарымен төлеудің арасында таңдау мүмкіндігін береді.Сатып алынған опциондар.Сатуға сатып алынған опциондар жəне сатып алуға сатып алынған опциондар (яғни, ұйым өзінің жай акциялары есебінен ие болатын опциондар) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылмайды, өйткені олардың есепке қосылуы таратуға қарсы ықпал туғызуы мүмкін.Сатуға арналған опцион - тек оны орындау бағасы нарықтық бағадан жоғары, ал сатып алуға арналған опцион оны орындау бағасы нарықтық бағадан төмен болған жағдайда ғана атқарылады.
