Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС karjiliik esep.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
208 Кб
Скачать
☆

Ооооооо

Операциялық сегменттер есебі.Операциялық сегмент бұл –(а) түсім ала алатын және зиян шегетін экономикалық қызметті жүргізетін (кәсіпорынның басқа компоненттері бар операцияларға жататын түсім мен шығыстарды қоса алғанда),(b) әдетте кімнің қызметінің нәтижесі қорларды сегменттерге бөлу және оның қызметінің нәтижелерін бағалау бойынша шешімдер қабылдауға арналған жедел шешімдерді қабылдау үшін жауапты кәсіпорынның жоғары лауазымдық тұлғасымен қарастырылатын, және(c) жеке қаржылық ақпараты бар кәсіпорынның компоненті.

ПППППП

Пайыздан, лицензиялық төлемдерден және дивидендтерден түскен табысты тану.Басқа ұйымдардың пайыздар, роялтилер және дивидендтер әкелетін ұйым активтерін пайдалануынан болатын табыс 30-тармақта белгіленген мынадай жағдайларда пайда болады: операциямен байланысты экономикалық пайданың ұйымға түсуі ықтимал болғанда; және табыс сомасының сенімді бағалану жағдайының негізінде танылуы тиіс.Табыс мынадай негізде танылуы тиіс: пайыздық табыс 39 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының 9 ҚЕХС (IAS) және AG5-AG8 тармақтарында белгіленгендей пайыздық мөлшерлемеде әдісі негізінде танылуға жатады; роялти тиісті шарттың мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша танылуы тиіс; және дивидендтер акционерлерге төлемді алу құқығы берілгенде ғана танылуы тиіс.Пайыздық табыс беретін инвестицияны иеленудің алдында төленбеген пайыз жиналып қалса, кезектегі пайыз кірісі иеленудің алдындағы және иеленуден кейінгі кезеңдер арасында бөлінеді, тек иеленудің соңғы бөлігі табыс ретінде танылады.Егер шарт мазмұнын ескере отырып табысты тану үшін басқа сәйкес келетін жүйелі ұтымды негіз болмаса ғана, роялти тиісті шарттардың талаптарына сәйкес жинақталады және әдетте осы негізде танылады.Ұйымға экономикалық пайданың операциямен байланысты тиісті ағынның туындауы ықтимал болған жағдайда ғана табыс танылады.Алайда, табысқа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, бұрын танылған табыс сомасы соңына дейін алынбаған немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сомаға түзетілмей, шығыс ретінде танылады.

Ссссссс

Сақтандыру келісімшарттарын есепке алу.4 (IFRS) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында Сақтандыру келісімшарттарының Мақсаты:1 Осы Стандарт мақсаты сақтандыру келісімшарттары бойынша аталған келісімшарттарды шығаруды жүзеге асыратын (берілген Стандартта сақтандырушы деп аталады) ұйымның қаржылық есептілігін басқарма сақтандыру келісімшарты бойынша өз жобасының екінші сатысын аяқтаған сәтке дейін сипаттау болып табылады.Атап айтқанда осы Стандарт мыналарды талап етеді:(а) сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандырушының бухгалтерлік есебіндегі шектеулі жетілдірулерді;(b) сақтандырушының қаржылық есептілігіндегі сақтандыру келісімшарттарына байланысты туындаған сомаларды айқындайтын және түсіндіретін және қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына сақтандыру келісімшарттары бойынша болашақ ақша қаражатының көлемін, уақыт бойынша бөлуін және айқындалмауын түсінуге көмектесетінін ашып көрсетуді.Сақтандырушы әрбір есепті күні оның сақтандыру міндеттемелерінің тепе-тең болып табыла ма әлде жоқ па екенін өзінің сақтандыру келісімшарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарының ағымдағы есептік бағалауын пайдалана отырып бағалауы тиіс.Егер осындай бағалау оның сақтандыру міндеттемелерінің қаржылық жағдай есебі құны (мысалы, 31 және 32-тармақтарда жазылған сияқты сатып алу және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындарды шегергенде) ақша қаражатының болашақ ағымдарының осындай есептері кезінде балама болмаса, онда айырманы толық көлемде пайдада немесе залалда таныған жөн.Кейбір келісімшарттар бойынша сақтандырушы сақтандыру тәуекелдігімен қатар қаржы тәуекелдігіне ұшырайды.Мысалы, көптеген өмірді сақтандыру келісімшарттары полисті ұстаушылардың ең төменгі кірістілігіне кепілдік береді (қаржы тәуекелдігін жасай отырып) және сол сияқты қайтыс болған жағдай бойынша, кейде полис ұстаушының шотындағы қаржылық жағдай есебі біршама асып түсетін төлемдерді жасау міндеттемесі болады (қайтыс болу тәуекелдігі түріндегі сақтандыру тәуекелдігін жасай отырып).Осындай келісімшарттар сақтандыру келісімшарттары болып табылады.Сақтандырушы келісімшарттар бойынша сақтандыру тәуекелдігінің маңыздылығын қаржылық есептілік негізінде олардың маңыздылығы негізінде емес, жеке негізде бағалауы тиіс.Осылайша, сақтандыру тәуекелдігі, тіпті, барлық есепке алынған келісімшарттар бойынша маңызды шығындардың ең төменгі ықтималдылығы болған жағдайда да маңызды болуы мүмкін.Келісімшарттардың жеке негізде осылай бағалануы келісімшарттарды сақтандыру келісімшарттары ретінде жіктеуді жеңілдетуге көмектеседі.Дегенмен, егер шағын келісімшарттардың біртекті тобы сақтандыру тәуекелдіктері өткізілетін келісімшарттардан тұратыны белгілі болса, онда сақтандырушының шамалы сақтандыру тәуекелдігі өткізілетін туынды емес құралдар болып табылатын бірнеше келісімшарттарды анықтау үшін осы топтың әрбір келісімшартын жеке талдауы үшін талап етілмейді.Сақтандырушы өзінің есеп саясатын сақтандыру келісімшарттарына қатысты өзгеріс қаржылық есептілікті пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауы үшін неғұрлым орынды етіп, оның сенімділігін төмендетпей, немесе оны неғұрылым сенімді жасап, оның осы мақсаттар үшін қолайлығын төмендетпей жасаған жағдайда ғана өзгертеді.Сақтандырушы 8 IАS талаптар негізінде орындылық және сенімділік туралы талқылауы тиіс.Есеп саясатының сақтандыру келісімшарттарына қатысты өзгерісін негіздеу үшін сақтандырушы осы өзгерістің қаржылық есептіліктің 8 (IАS) ХҚЕС талаптарға көп сәйкес келетініне әкеп соғатынын, бірақ осы өзгерістің осы талаптарға толық сәйкес келтіру талап етілмейтінін көрсетуі тиіс.Бұдан әрі мынадай нақты мәселелер талқыланады:(а) ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер;бар іс-тәжірибені пайдалануды жалғастыру;сақтық;болашақ инвестициялық пайда; жәнебалама есепке алу.Сақтандырушыға есеп саясатын белгілі бір сақтандыру міндеттемелерін* ағымдағы нарықтық мөлшерлемелерді көрсету және осы міндеттемелердің өзгерісін пайдада немесе шығында тану үшін қайтадан бағаланатындай түрде өзгертуге рұқсат етілгенімен талап етілмейді.Осы уақытта ол сондай-ақ есеп саясатының белгілі бір міндеттемелерге қатысты ағымдағы басқа бағалауларды және жорамалдарды қолдануды талап ететін аспектілерін қабылдайды.Осы тармақтағы таңдау мүмкіндігі сақтандырушыға өзінің есеп саясатын белгілі бір міндеттемелерге қатысты, оны барлық ұқсас міндеттемелерге жүйелі түрде қолданбай, керісінше жағдайда 8 (IАS) ХҚЕС-ы талап ететіндей өзгерту мүмкіндігі беріледі.Егер сақтандырушы осы мүмкіндікті пайдаланса және міндеттемелерді айқындаса, онда ол ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді (және егер қолданылатын болса, ағымдағы басқа бағалаулар мен жорамалдарды) барлық кезеңдерде барлық міндеттемелерге, олар өтеліп болғанша жүйелі түрде пайдалануды жалғастыруы тиіс.

Сатуға арналған активтерді топтастыру, активтердің құнсыздануынан болатын зиянды бөлу.5 IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады.Атап айтқанда, осы Стандарт:1) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және 2) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.Құнсызданудан болған залалдарды тану.Кәсіпорын активті (немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегергендегі әділ құнға дейін кез келген бастапқы немесе бұдан кейінгі есептен шығарған кезде құнсызданудан болған залалды ол 19-параграфқа сәйкес танылмаған шамада тануға тиіс.Кәсіпорын активті сату шығындарын шегергендегі әділ құндағы кез келген кейінгі ұлғаюдан болған, бірақ құнсызданудан болған, не осы Стандартқа сәйкес танылған, не бұрын 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес жинақталған шығын сомасынан аспайтын басқа да пайданы тануға тиіс.Кәсіпорын шығаруға арналған топты сату шығындарын шегергендегі әділ құндағы кез келген кейінгі ұлғаюдан болған басқа да пайданы:(а) ол 19-параграфқа сәйкес танылмаған шамада, бірақ (b) не осы Стандартқа сәйкес, не бұрын осы Стандарттың өлшеу жөніндегі талаптарының қолданылу аясындағы ұзақ мерзімді активтер бойынша 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылған құнсызданудан болған жинақталған шығыннан асырмай, тануға тиіс.Шығаруға арналған топ үшін танылған, құнсызданудан болған шығын (немесе кез келген кейінгі пайда) осы Стандарттың өлшеу бойынша талаптарының қолданылу аясына 36 IAS (2004 жылғы редакциясы) 104(а) және (в) және 122-параграфтарында баяндалған бөлу тәртібімен кіретін топтағы ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын азайтуға (немесе ұлғайтуға) тиіс.Пайда немесе ілгеріде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату күні танылмаған залал тануды тоқтату күні танылуға тиіс.Тануды тоқтатуға қатысты талаптар:(а) 16 IAS (2003 жылғы редакциясы) Халықаралық стандартының негізгі құралдарға арналған 67-72-параграфтарында; және (b) 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартының материалдық емес активтерге арналған 112-117-параграфтарында (2004 жылғы редакциясы) жазылған.Ұзақ мерзімді актив сатуға арналған ретінде жіктеліп тұрғанда немесе ол сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып тұрғанда, кәсіпорын оны амортизацияламауға тиіс.Пайыздар және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелеріне жатқызылатын шығыстар үшін тану жалғастырыла беруге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]