- •Макро және микроәлеуметтану
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтанудың ғылымдар жүйесінде алар орны (басқа ғылымдармен байланысы)
- •«Әлеуметтік топ» ұғымының анықтамасы. Оның белгілері. Әлеуметтік топтардың түрлері.
- •19. Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлері
- •27. Тұлға дамуының теориялары
- •40. Әлеуметтік модернизация, индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам ұғымдарын сипаттаңыз.
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Қоғам әлеуметтану ғылымының негізгі зерттеу нысандарының бірі болып саналады.Қоғам – адамдар жиынтығы, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, олардың мінез-құлқын анықтайтын ерекше әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың болуымен, тұрақтылық пен тұтастықтың, өзін-өзі дамытудың болуымен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан өзара байланыс формаларына бірігуі. Қоғам түрлі әлеуметтік байланыстары, өзара әсерлері мен арақатынастары бар көптеген индивидтерден тұрады. Қоғам – біртұтас жүйе. Оның негізі қоғамның өзін сақтап, жаңартып, дамытып отыруға бағытталған адамдардың іс-әрекеті.
Қоғамның біртұтас жүйе ретіндегі ерекшелігі оның тұрақтылығынан, тұтастығынан көрінеді.
Қоғамның тұтастығы дегеніміз – қоғамдық өмірдің ерекше сапалы қалпы, қоғамға өзіндік ерекше мүдделері мен мақсаттары бар әртүрлі әлеуметтік топтардың және саяси күштердің болуына қарамастан олардың жоғары деңгейде сеніміне, келісіміне, өзара әрекетіне, ынтымақтастығына, принципиалды ұстанымдарын мейлінше жақындастыруға және нақты проблемаларды шешуге күштерді жұмылдыру келісіміне қол жеткізуі болып табылады.
Қоғамның маңызды сипаты оның дербестігі пен өзін-өзі қамтамасыз етуі. Қоғамдағы әлеуметтік қызмет арқылы оның мақсатты даму бағыты, индивидтер қабілетінің дамуы және олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қамтамасыз етіліп отырады. Сол сияқты қоғамның дербестігі мен өзін-өзі қамтамасыз етуі де өзін-өзі реттеп отыру арқылы ғана жүзеге асады.
Өзін-өзі реттеп отыруға қабілеттілік – қоғамдық жүйенің іргелі қасиеті. Қоғамның барлық жүйелерінде жүріп жататын өзін-өзі реттеу, ұйымдастыру, тәртіпке келтіру процесі дербес әлеуметтік формаларды, норма, тәртіп, құқықтар мен міндеттер, рұқсат етілген және етілмеген жүйелерді тудырады. Нәтижесінде қоғамды реттеп отыратын ерекше жеке механизмдер – экономикалық басқару құрылымы, саяси және құқықтық реттеуші органдар т.б. пайда болады. Олардың іштей жүйелерге жіктелініп, бөліне түсуі қоғамның қызмет ету тиімділігін арттырады.
Демек, қоғам – адамдардың көптеген байланыстарынан, өзара әрекеттері мен қарым-қатынастарынан тұратын жеке субстанция.
Қоғам – бір-бірімен байланысты, ықпалдас әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығынан тұратын әлеуметтік жүйе.
Әлеуметтік жүйе – тұтас құрылымдық бірлік, оның негізгі элементтеріне адамдар, олардың топтары мен қауымдастықтары, байланыстар мен өзара әрекеттер, әлеуметтік құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар жатады.
Индивидтер әрекеті жеке дара емес, нақтылы әлеуметтік жағдайда түрлі қауымдарға біріккен басқа адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде жасайды. Әлеуметтік орта индивидке жүйелі түрде әсер етеді, өз кезегінде ол да басқа индивидтерге, ортаға дәл солай ықпал жасап отырады. Нәтижесінде адамдардың бұл қоғамы өзіндік ерекшеліктері бар біртұтас әлеуметтік жүйеге айналады. Белгілі әлеуметтік орын иеленіп, сол қоғамның нормалары мен құндылықтарына сәйкес тұрақты әлеуметтік қызмет атқаратын топтар мен индивидтердің өзара байланыстарының нақтылы тәсілі қоғамдық жүйенің құрылымын түзеді.
Әлеуметтік жүйенің құрылымы оның құрамдас бөліктері жиынтығының бірлігі ретінде өздеріне ғана тән заңдар мен заңдылықтар арқылы реттеліп отырады. Құрылымның өзгеруі мен өмір сүруі сыртқы заңдармен емес, жүйенің ішіндегі құрамдас бөліктердің тепе-теңдігін сақтап, ауытқулар болса қалпына келтіріп, өзгерісті дұрыс бағыттап отыратын процестермен реттеледі.
Әлеуметтік жүйенің даму заңдылықтары мен өмір сүруі социетальдық жүйенің ұқсас заңдылықтарымен сәйкес келуі де, келмеуі де, сол қоғам үшін оң және теріс әлеуметтік маңызы бар салдарға апарып соқтыруы да мүмкін. Социетальдық жүйе қоғам болып табылады. Социетальды жүйенің маңызды құрамдас бөліктері экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық құрылымдар болып, олардың өзара ықпалдастығынан әлеуметтік жүйеде түрлі институттар (экономикалық, саяси, діни т.б.) түзіледі. Әрбір үлкен жүйе өзінің құрылымына көптеген шағын әлеуметтік жүйелерді (отбасы, ұжым т.б.) біріктіреді.
Социетальды жүйе түріндегі қоғамның дамуында жоғарыдағылармен қатар, индивидтің әлеуметтік, эстетикалық, адамгершілік, физикалық тұрғыдан кемелденуіне әлеуметтік әсер ететін басқа да қоғамдық жүйелер мен органдар пайда болады.Әлеуметтанудың өзіндік ерекшелігі сол, ол зерттейтін байланыстар әлеуметтік байланыстар деп аталады.Әлеуметтік байланыс деп – бір жерде, бір уақытта өмір сүріп жатқан адамдардың алға қойған мақсаттарына жету жолындағы бірлескен іс-әрекеттеріне жағдай жасайтын барлық факторлардың жиынтығын айтамыз.Мұндай байланыс жекелеген адамдардың әлеуметтік және өзіндік сипаттарына қарамастан ұзақ мерзім бойы үзілмейді. Бұл байланыстар индивидтердің бір-бірімен, күнделікті тіршілігі барысында қалыптасқан қоршаған ортадағы құбылыстар мен процестер байланыстарынан тұрады. Осындай әлеуметтік байланыс барысында қоғамның өмір сүруі, дамуы үзілмейді.
Сонымен, қорыта келгенде қоғам өзінің құрылымдық ұйымдасуы, яғни оны құрайтын бөліктердің өзара қарым-қатынастары, әрекеттері тұрғысынан сипатталады. Қоғам - өзгеріп, өздігінен дамып отыратын, адамдардың әлеуметтік ұйымдасуынан қалыптасатын күрделі құрылымды әлеуметтік жүйе болып табылады.
