- •Макро және микроәлеуметтану
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтанудың ғылымдар жүйесінде алар орны (басқа ғылымдармен байланысы)
- •«Әлеуметтік топ» ұғымының анықтамасы. Оның белгілері. Әлеуметтік топтардың түрлері.
- •19. Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлері
- •27. Тұлға дамуының теориялары
- •40. Әлеуметтік модернизация, индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам ұғымдарын сипаттаңыз.
19. Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлері
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицидт.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ: 1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық,аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады. 2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық,зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады. 3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды. 4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б. 5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
20. Экономикалық әлеуметтану пәні мен негізгі категориялары. «Әлеуметтік экономика» пәні екі ғылымның түйісінен экономика және социология пайда болған жаңа ғылыми бағыт, ал сонымен қатар көптеген басқа да ғылыми салаларымен байланысты, яғни психология еңбек экономикасы,еңбек социологиясы және т.б. Әлеуметтік экономика дегеніміз-саясат негізінде, мықты бәсеке, еркін кәсіпкерлік және меншіктің көп түрлігіне негізделген халықтың қажетті өмір сүру деңгейін халықты әлеуметтік қорғаудың кепілдігін қамтамасыз tntny әлеуметтік экономикалық қатар жүйесі. Демек, әлеуметтік экономика дамыған мемлекеттерде әрекет tntl/ Әлеуметтік экономиканың негізгі мақсаты адамның еркін дамуын, азаматтың және жалпы ел тұрғындарының сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге негізденеді. Мұндай мақсатқа жету құралы болып ғылым мен техниканың және адами факторлардың бүкіл әлемдік қолдану кезінде серпінді дамыған экономика болып табылады. «Әлеуметтік экономика» курсының мақсаттары болып мыналар болып табылады: -әлеуметтік экономика қалыптастыруға бағытталған мемлекет экономика мен әлеуметтік процестердің өзара қатынасы туралы білімді қалыптастырады -мемлекет азаматтарының әл-ауқаттық деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамыту. Әлеуметтік экономика курсының міндеті: -экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын күрделі процесін талдау -экономика мен әлеуметтік аяның дамуын тенестіретін жолдарын анықтауды қамтамасыз ету. -әлеуметтік және экономикалық мәселелерді әртүрлі деңгейде (мемлекет, облыс, қала, аудан, кәсіпорын) шешу. -әлеуметтік экономика әртүрлі модельдерін шығармашылық қалыптастыру.
Ғылыми пән өзінің ерекше амалдарын жасап шығаруға мүмкіндік беретін, дербес қалыптасқан теориялық аппараты құрылған кезде ғана, өз орнын тапты деп есептеледі. Теориялық бекітілімдер, категориялар мен ұғымдар танымның жалпыға мәні бар схемасын қалыптастырады, құбылыстар мен процестердің ең құнды ерекшеліктерін, белгілерін және заңдылықтарын көрсетеді. Басты социологиялық-экономикалық категориялардың шеңберін анықтап алу әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеудің әдістемелік негізін жасауға мүмкіндік береді.
Экономикалық социологияның іргелі ұғымдарына ең алдымен экономикалық жүріс-тұрыс, экономикалық әрекет, экономикалық сана мен ой, экономикалық мәдениет, шаруашылықты ұйымдастыру, экономикалық институт және басқалар жатқызылады. Экономикалық және социологиялық ғылымдардың бір-бірін толықтыруы нарықтық құбылыстарды зерттеудің өзектілігінің жоғарылау деңгейіне қарай нарықтық терминология экономикалық социологияға жақындай түседі. Олар нарықтық экономика, жақсы тұрмыс экономикасы, формальді және формальді емес экономика, жеке меншік, жекешелендіру, индивидтер мен шаруашылықтардың нарықтық жүріс-тұрысы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, еңбек нарығының икемділігі және т.с.с.
Басқа да арнайы социологиялық теориялар сияқты экономикалық социология да әлеуметтік қатынастарды зерттеуде түсіп отырған саласының мәнін ашатын жалпы социологиялық категориялар мен өзіндік ерекшелігі бар ұғымдарды қолданады. Ғылымның бұл саласын алға тартып отырған көптеген категорияларға байланысты келесі топтарға бөлуге болады [14].
1) Жалпы ғылыми (тұжырымдамалық) категориялар — құрылым, жүйе, функция, процесс, байланыс, тұрақтылық, өзгерушілік, даму және т.с.с. Олар жалпы әдістеменің тілін құрайды, экономикалық және әлеуметтік салаларды, экономикалық қатынастар мен процестерді реттеудің әлеуметтік механизмдерін сипаттау құралы ретінде қолданылады.
2) Жалпы әлеуметтік категориялар, басқа да әлеуметтік ғылымдардың сөздігінен алынған. Айталық, экономикалық теориядан — нарық, өндіріс, тұтыну, айырбас, бөліп беру, жеке меншік, бәсекелестік, жұмыспен қамту, трансакциялар және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Философиядан — қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет; әлеуметтік психологиядан — ұжым, тұлға, дәлелдеу, сәйкестендіру; жалпы социологиядан — әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым, стратификация және басқалар….
21. Еңбек әлеуметтануының пәні мен міндеттері. Еңбек сипаты, мазмұны және шарты. Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.
Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.
Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.
Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында, жұмысшының белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.
Еңбек келісім-шартының мазмұны:
1. екі жақтың реквизиттері;2. нақты мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша (еңбек функциясы) жұмыс;3. жұмыс атқару орны;4. еңбек келісім-шартының мерзімі;5. жұмысты бастаған күні;6. жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;7. еңбек ақы мөлшері және басқа да шарттары;8. егер жұмыс ауыр, әрі зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жағдайларда болғандағы еңбек шартының сипаты, кепілдіктер мен жеңілдіктер;9. жұмысшының құқы мен міндеттері;10. жұмыс берушінің құқы мен міндеттері;11. еңбек келісім-шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;12. кепілдіктер мен төлем жеңілдіктері, оларды төлеу тәртібі;13. сақтандыру шарттары;14. екі жақтың жауапкершіліктері;15. бекіткен күн мен реттік номері.
22. Экономикалық мінез-құлық. Экономикалық сана. Экономикалық әлеуметтанудағы әлеуметтік өмірді талдау бастау алатын негізгі санаттардың бірі - “экономикалық іс-әрекет” және “экономикалық мінез-құлық” болып табылады.
Экономикалық мінез-құлықты шығын мейлінше азайып, таза пайда мейлінше көбейетін ұтымды таңдау жасау мақсатымен экономикалық байланыстарды кеңейтуге байланысты мінез-құлық деп бағалауға болады.
Радаев Вебердің экономикалық іс-әрекет әлеуметтануы дәстүрін жалғастыра отырып, оны ішкі дәлелденген және басқа адамдардың әрекеті мен қолда бар нормаларға бағыт алған әлеуметтік әрекет ретінде қарастырады. Ол экономикалық іс-әрекетті “өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетусіз әдістермен шектелген ресурстарға бақылау орнату” деп түсіндіреді.
Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру экономикалық-әлеуметтанушылық адам үлгілерінің түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны суреттеудің көптеген нұсқамаларына қарамастан, оларды негізгі төрт алғышарттарға бөлуге болады .
- Адам тәуелсіз. Ол жеке қалауларына негізделіп дербес шешім қабылдайтын атомдалған жеке адам.
- Адам өзімшіл. Ол бірінші кезекте өз мүддесін ойлайды және жеке пайдасын ұлғайтуға тырысады.
- Адам ұтымды. Ол алға қойылған мақсатына біртіндеп жетуге тырысады және оған жетудің қандай да бір құралын таңдауда салыстырмалы түрдегі шығындарға көңіл аударады.
- Адам хабардар. Ол өз қажеттіліктерін жақсы біліп қана қоймай, оны қанағаттандырудың құралдары жайлы қажетті ақпартқа да ие.
Алайда, экономикалық агенттің ұтымдылығы мен жеке даралығын мойындай отырып, экономикалық іс-әрекетті талдауда әлеуметтану көзқарасы оны жеке адамның әр түрлі бейнедегі әлеуметтік құрылымдар қатарына енген және өздерінің әлеуметтік байланыстар жиынтығы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі кезде экономикалық іс-әрекетті әлеуметтік тұрғыдан талдауының өзіне тән ерекшелігі үш жағдайда қалыптасады:
- экономикалық әрекет - әлеуметтік әрекет нысаны болып табылады. Шаруашылық ниеттер оқшауланған жеке адамның өнімі емес, әлеуметтік қауымдастықтардың (тұлғааралық қатынасқа түсу жүйесі, ұйымдар, әлеуметтік топтар) өнімі екені айтылады;
- шаруашылық институттар - әлеуметтік конструкциялар болып табылады. Олар экономикалық әрекетті шектеп, ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар тарихи қалыптасқан шектеулерді аттап өтуге және ресурстарды топтастыруға қабілетті факторлар тарапынан да құрастырылады.
Егер де “экономикалық адам” - ол тәуелсіз, өзімшіл, ұтымды және хабардар адам болса, “әлеуметтану адамы” қоғамдық нормаларға бағынады және өзгешілдікке жақын, өзін ұтымсыз, тәртіпсіз түрде ұстайды, ақпараты мардымсыз және табыс пен шығындарды есептеуге қауқарсыз. Адамның әлеуметтанушылық-экономикалық жалпы үлгісі адамды осындай екі радикалды ұстанымдардың ортасына орналастыруды меңзейді. Бұл жағдай адамды қалыптасқан жағдайға аса икемді және белсенді етеді: жай ғана ақпаратқа ие емес, сонымен қатар оны танып-білуші, жай ғана нормаларды орындаушы емес, сондай-ақ әлеуметтенуші етеді.
Адамдардың шаруашылық әрекеті экономикалық сана мен ойдың типімен, экономикалық мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.
Экономикалық сана экономикалық қатынастардың көрінуі мен тану амалы ретінде қызмет атқарады, тиісінше бұл білімдер экономика саласындағы процестерді реттеу үшін қолдануға қажет. Ол әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығын білдіреді.
Экономикалық сана-сезім экономикалық тәжірибе барысында қалыптасады, оның иеленушілері жекелеген жеке адамдар, топтар бола алады. Білімнің санаға ауысуының басты өлшемі, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың экономикалық идеяларға, көзқарастарға және теорияларға қажеттілігі болып табылады. Экономикалық сана-сезімнің дамуы агенттіктердің экономикалық мүдделерін табысты іске асыру үшін маңызды. Мысалы, нарыққа өту халықтан нарықтық білімнің негізін игеруді, жекешелендірудің механизмдерін, жеке істі ұйымдастыруды, сауда ережелерін және маркетингтік қызметтерді түсінуді талап етті.
Экономикалық сана теориялық сана-сезім мен эмпирикалық ой болып екіге бөлінеді. Сана-сезімнің теориялық деңгейі экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін категория мен тұжырымдама нысанында жүйеленген экономикалық білімді көрсетеді. Экономикалық ой шаруашылық өмірдің іс жүзіндегі тәжірибесінен туындаған көзқарастарды қамтиды. Адамдар күнделікті өмірінде, қандай да бір тұрғыда әрекет етуге шешім қабылдай отырып, осындай үйреншікті сана-сезімді басшылыққа алады.
23.Әлеуметтік конфликтілер типологиясы. Әр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар әлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. Зерттелетін құбылыстың жүйелі, толық бейнесін жасау үшін бірнеше критерийлер қолданылады. Мұндай критерийлердің бірі — саясат аумағындағы табиғаты жағынан әрқашан саяси болып табылатын бөлігін ажырата алу. Бұл саяси режим, билікті жаулап алу және оны жүзеге асыру секілді ұғымдарға жақын болады. Осыдан саяси қақтығыстың бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:
- заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;
- мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;
- мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;
- мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар[1].
Бұл қақтығыстар институционалданған, көбінесе шынайы немесе бұқаралық болып табылады. Егер де мұндай қақтығыстар құқықтық деңгейге өтіп жатса, олар ыдыратпайды, керісінше, саяси жүйені күшейтеді.
Мемлекетке қатысты саяси жүйені сипаттау үшін саясаттануда саяси дағдарыс деген түсінік қолданылады. Саяси дағдарыс қоғамның саяси жүйесінің күйі, ол қақтығыстың тереңдеуімен одан әрі конфликтіленуімен, саяси қысымның бірден күшеюін көрсетеді.
Сыртқы саяси дағдарыстар көбіне аталып отырады, ал халықаралық қайшылықтармен келісілген және ішкі саяси дағдарысқа қарсы болады. Үкіметтік дағдарыс үкіметтің мәртебесінің жоғалуынан, атқарушы органның үкімет бұйрықтарын орындалмауынан көрінеді.
Парламенттік дағдарыстардың тууына біріншіден, белгілі бір мәселе бойынша шешім қабылдаған көпшіліктің ұзақ мерзімде болмауы себеп болады. Бұл кезде парламент өзінің заңды қызметін атқара алмайды. Екіншіден, парламенттік фракциялар арасында күші, дәрежелері тең екі жақты қарама-қарсылық пайда болуы мүмкін. Бұл көп жағдайда парламенттің әлсіреуіне әкеледі. Депутаттар көпшілік дауыспен де билік туралы бір тұрақты шешімге келе алмайды. Мұның нәтижесі жаңа парламент сайлауы болып табылады. Елдің әлеуметтік саяси құрылымдарында қақтығыстың пайда болу себебі Конституциялық дағдарыс боп табылады.
Конституцияға қатысты қақтығыс, оның дәлдігінің болмауының себептеріне байланысты Конституциялық конфликтінің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда Конституцияның баптарын Конституциялық сотта талқылау немесе парламент оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек. Конституциялық конфликтінің келесі тобы, бұл — мемлекеттік билік пен Конституция арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық саяси есеп кезінде немесе құқықтық сауатсыздықта Конституциялық нормаларды белден басу кезінде көрінеді. Конституциялық қайшылықтың келесі бір түрі — ескі Конституция мен жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси шындық арасындағы қайшылық. Соңғысы саяси өріс алып, Конституциялық дағдарысқа ұласады. Бұрынғы Конституция заңдылығын жоғалтады және оны сапалы қайта қарауды талап етеді.
Саяси ғылымдарда саяси қақтығыстар пайда болуының себептері мен ерекшеліктеріне байланысты мынадай түрлерін көрсетеді: заңдылық қақтығысы, ену қақтығысы, бірегейлік қақтығысы, саяси араласу қақтығысы және бөлу қақтығысы.
Заңдылық қақтығысы азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады.
Бірегейлік қақтығысы әлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады.
Саяси араласу қақтығысы билікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады. Сонымен қатар, аймақтық тұтастықты, халықтық бірлікті және қарсы көзқарастағы топтардың саяси араласуының жылдам өсу шартындағы саяси жүйенің тұрақтылығын сақтау мәселелерін өршітумен сипатталады.
Кіріс дағдарысы мемлекеттік басқару қабілетінің төмендеуінен туады. Ол қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында әлеуметтік шешім жүргізеді.
Бөлу дағдарысы басқару элитасының қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін туғыза алмауын білдіреді.
Сонымен, саяси дағдарыстың рөлін дамытудың мақсаты — саяси дағдарыс қоғамда қайғылы кезеңді білдіреді. Себебі, ол саяси жүйенің белгілі бір ұйымдаспағанын, тұрақсыздығын көрсетеді. Сонымен қатар, ол күштердің жаңа байланыстарын, қызығушылықтарды туғызады және оның шешімі қоғам дамуының жаңа сатысының бастамасын білдіреді.
Қазіргі саяси жүйедегі кең тараған қақтығыстардың бірі мәртебелік-рөлдік қақтығыстар болып табылады. Қазіргі қоғамға тән әлеуметтік стратификация саяси мәртебеде ерекше көрініс береді. Мұнда белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси бағдарлары, саяси жүйедегі оның рөлі тіркеледі. Әлеуметтік топтың немесе жеке тұлғаның саяси мәртебесі өзіне мыналарды біріктіреді: саяси өмірге қатысып оған ықпал еткісі келетін әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мүмкіндіктері.
Мәртебелік-рөлдік қақтығыстардың түрлері әрқилы. Мұндай қақтығыстар саяси элита мен бұқара халықтың арасындағы, билік пен халық арасындағы, парламенттегі фракциялар арасындағы, халыққа ықпал ету үшін күресетін әр түрлі партиялар арасында өтеді.
Қоғамдағы саяси мәртебесі мен рөлінің маңыздылығына қарай, мәртебелік-рөлдік құрылым әрқашан да маңызды қақтығыс болып есептелінеді, егер де осы қоғамда немесе қоғамдық ортада орындалып отырған статустар, рөлдер, біздер күткен сапалы жұмыстардың айырмашылығы мен көзқарас әр түрлі болса, онда мұндай маңызды қақтығыстардың мәселелері үлкен саяси қақтығыстарға апарып ұластырады.
Мұндай саяси қақтығыстарға әкеліп соқтыратын детерминанттық түйін болып саяси бағыт-бағдарлар мен әркімнің өз қолдауының, жеке тұлғалардың бейімделу құндылықтарының айырмашылығының болуы септігін тигізеді. Мұндай қақтығыстар көбіне қоғамдағы саяси жүйені реформалау жолдары туралы түрлі ой тұжырымдарды, идеяларының мұрат-мақсаты жоғарғы дәрежеде қарастырылған көзқарастардың қарама-қайшы келетін сол мемлекеттің құрылымы, кейде дағдарыстан шығудың түрлі жолдары туралы нұсқалардың қарама-қарсы сан алуан түрлі болуының кесірінен болады.
Иерархияда саяси қақтығыстардың келесі бір түрі — жеке адамның белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінгенде болады. Осы сияқты қақтығыстың түрі, көбінесе мынадай мемлекеттерде болады: егер адам өзін жаңа мемлекеттің тұрғыны ретінде сезінсе, бұрынғы қоғамдық, жалпы мемлекеттік теңестіру (біз — совет халқымыз) бұзылса, ал оның орнына жаңа қарама-қарсы, таптық теңестірулер (мысалы, “біз- қазақпыз”, “біз- белоруспыз”, немесе “біз – кедейміз”, “біз – баймыз” және т.б.) келсе, ондай теңестірулердің бөлінуі, ең алдымен адамдарды бұрыннан бері жақындастырып, байланыстырып берік ұстап тұрған құндылықтар мен бағыт-бағдарларын бұзады және де бәрімізге ортақ мақсатымызды немесе жеке бір бөлек топтар мен таптардың әлеуметтік, ұлттық, мүліктік және т.б. ауызбіршілігін бұзады.
Саяси ғылымдарда қақтығыстарды басқа да негіздеріне қарай топтастырады. Аумағы бойынша саяси-әлеуметтік кеңістікте қақтығыстар жайылуына, тарауына, кең өріс алуына байланысты ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сонымен қатар саяси қақтығыстарды әділдік белгілеріне қарай ажыратады: негізгі, түп негізгі, ақиқатты себептерге байланысты көтерілген, ал бұлар шынымен де өздерінің көзқарастарының, бағыт-бағдарларының бір болмауынан болып табылады.
Кездейсоқ шарттар қатысушылар түсінбеген, әдетте, байқаусыздықтан шығады. Мысалы мәліметтерді немесе мәселені толықтай білмегендіктен эмоционалдық өзін-өзі ұстай алмауынан туындайды. Тіркелген субъектілерге нұсқаулайтын қақтығыстардың жиі болмауы да әсер етеді.
Алдамшы және жалған қақтығыс шығаруға нақты себеп таба алмағандар, алдын-ала ойластырылған, немесе біреумен құрастырылған, кеңістіктегі деп айтылатындай қақтығыстарды ұйымдастыру болып табылады. Алдамшы қақтығыстар жиі жасанды жолмен дайындалады, олар қоғамдағы топтарды басқаратын адамдармен әрекеттендіріледі, қақтығысып қалған адамдармен ондай іс-әрекетті жүргізу өте оңай. Сонымен қатар, бұл кезде наразы, таласып қалған адамдар, өздерінің ішкі және сыртқы жауларын іздестіріп, тиісе бастайды.
Қатысушылардың дәрежесіне, атақ шеніне қарай саяси қақтығыстар мемлекетаралық және олардың одақтастары, мемлекеттік, аймақтық, жергілікті болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішінде жүріп жатқан қақтығыстар позициялық және оппозициялық болып екіге бөлінеді.
Позициялық конфликтілердің субъектісі ретінде саяси институттар, ұйымдар шығады. Оларды үкімет басқарып отырады, бірақ, әр түрлі бағыттарды ұстанады. Мысалы, адамдар тобы әр түрлі мемлекеттік биліктің бұтағын көрсететіндер. Яғни, үкімет пен парламент арасында әр түрлі элиталық саяси топтарды басқаратын позициялық қақтығыстар болып тұрады және т.б.
Қақтығыстардың басты себебінің бірі — белгілі бір саяси жүйенің элементтері мен мақсаттары және көзқарастарына толықтай келіспейтін кейбір топтарды басқаратын саясаткерлер мен бір бөлек басқарушы күштер топтары т.б. болып табылады. Мысалы, тұлғалардың немесе басқарушы элитаның үнемі ауысып тұруы, саяси бағыттың ішінара түзетілуі және төмендеуі әрекеттері де осындай қақтығыстардың болып тұруына әсер етеді.
Оппозициялық қақтығыстардың субъектісі ретінде, бір жағынан басқарушы элиталар, партиялардың мақсаттары, мемлекеттік институттар, тұлғалардың және т.б. қақтығыстарынан тұрады. Бір жағынан, ұйымдар билік астындағы бұқараның атынан шығаратындар, олар жасаған заңдылықтарға қарсы шығатындар және саяси билікті басқарушыларға да қарсы шығатындар: яғни, конфронтация «билік-қоғам» сызығы бойынша жүріп отырады, оның себебі — қақтығыстардың тақырыбы мемлекеттік өкіметте толығымен қолданылатын жүйе немесе тәртіп болып табылады. Қақтығыстарға қарсы тұрудың сапалық сипаттамасы бойынша позициялық жақтары қарама-қарсы тұратын нөлдік сапалық қақтығыстар бар. Сондықтан олардың ішіндегі біреуінің жеңісі басқаның жеңілісімен ауысады және оны өзара келісушілікті табудың ең болмаса бір тәсілі болатын нөлдік емес сапалық қақтығыстар деп білеміз.
Нормативтік реттеушінің мазмұны және сипаттамасы бойынша немесе оның жоқ болуына байланысты саяси конфронтациялар институтталған және институтталмаған болып бөлінеді.
Біріншісі қызмет шеңбері бойынша қоғамда болатын әлеуметтік институттар — дамыған демократия, құқықтық мемлекет, кепілді Конституциямен орнатылған жиналыстардың, митингтердің еркіндігі, саяси партияның және ұйымдық қызметтері болып өрістейді.
Институтталмаған саяси қақтығыстардың айырмашылығы — олар біріншіден қоғамдағы қызмет ететін әлеуметтік институттардың қатарына кірмейді. Ол қоғамдағы саяси жүйелердің әлсіреуіне немесе құлатылуына және онда қызмет ететін әлеуметтік инстуттарды жоюға бағытталады.
Бүгінгі таңда ғалымдардың жүргізген сараптамалары бойынша қақтығыстың үш сатысы атап көрсетіледі: қақтығыс алдындағы жағдай, қақтығыс және қақтығыстың шешілуі.
Қақтығыс алдындағы жағдай. Бұл ұғымды түсіну барысында әлеуметтік және психологиялық шиеленістердің орын алуына ықпал ететін субъектілердің мүдделері мен құндылықтарының әр түрлілігіне апаратынын ұғынамыз. Аталмыш кезеңде қақтығысушы тараптар агрессивті қимылға баруға дейінгі ішкі және сыртқы ресурстарды бағалайды. Мұндай ресурстарға материалдық потенциал, ақпарат, билік, мәртебе және т.б. жатады. Сонымен қатар, қақтығысушы тараптар бірігуші топтар, жақтастары мен қолдаушылары ізденісіне көше бастайды.
24. Отбасы институты және оның қоғамдағы орны.Отбасы - әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылымда адамдар арасындағы қарым-қатынас тек қажеттілік арқылы ғана жүзеге асып отырған, соның ішінде жыныстық қатынасқа қоғамның барлық мүшелері түсе алған. Бұл кезеңде қандас адамдар арасында мұндай қатынасқа түсу ерекше орын алады. Осыдан келіп, алғашқы қауымдық құрылымдағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Мұндай қатынастарды ретсіз жыныстық қатынас немесе промискуит (латын тілінен аударғанда promisuis – ортақ жыныстық қатынас) деп аталған. Әрине бұл бізге әдепсіз көрінеді, бірақ сол кездегі адамдар үшін бксқа көзқарас. Оны К. Маркс: «Алғашқы заманда, қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын еді», деп көрсетеді. Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы Ф. Энгельс айтқандай топты некенің жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Яғни «экзогамды» неке дүниеге келді. Мұндай топтық негіздегі неке тас дәуірінің аяғына дейін сақталады. Осындай топ аралық қатынастардың ішінен біртіндеп таңдап қатынасқа түсе бастады, өз қауымындағы емес, таңдаулы адамымен отбасын құру етек жаяды. Бірақ бұл отбасылық қарым-қатынастар өте тұрақсыз болады. Бұл жағдайға ер адамда келімді-кетімді. Бұлардан туылған ұрпақтар аналардың шыққан қауымына жатқызылады. Осыдан келіп, қоғамда матриархат үстемдік ала бастады. Тарихымыздан белгілі, қола дәуірінде шаруашылықпен айналыса бастаған отбасы арасында жекелену басталады. Яғни, отбасын құрған адамдар өз шаруашылығын жүргізуге мәжбүр болды. Мұның өзі қара күшті қажет етті. Осылайша ер адам әр отбасының басшысына айналып, отбасы бұрынғыға қарағанда тұрақтана бастады. Осы кезде матриархат жойылып, патриархат өз тегін жайды. Бұдан былай туысқандық әке жағынан болып есептеледі. Міне, осы сәттен бастап, қара күштің, шаруашылықтың қажет болуы, отбасының құрылуы әлеуметтік институттың, мемлекеттің құрылуына әкеліп соқты.Отбасы институты ретінде, дәлірек айтсақ, нақты қазіргі адамдарға қатысты емес институттардың жиынтығы. Отбасы институты адамдардың арасындағы туысқандық қатынастарды сақтайтын, дәстүрлермен, заңмен, ережелермен тығыз байланысты. Отбасындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болуы мүмкін. Отбасы басты екі тұрғыдан қарастырылады; 1) әкесі – жолдасы; 2) шешесі – жұбайы. Осы екі тұлға арқылы отбасының әлеуметтік статусы көрінеді. Негізінен отбасы институты тарихын әртүрлі зерттеулермен мәдени және әлеуметтік антропология айналысады. Олар туысқандық және неке типтерін, отбасындағы мәртебе мен рөлді, некелеу дәстүрін, құда түсу, бала туу, ажырасқандарды, бойдақтарды, ата-аналық құқықтан айырылғандарды, жетімдер, заңсыз туылғандар жүйесінанықтайды.Отбасы инстиутының әрбір қоғамда өзінің тапсырмалары, құрылымы, әлеуметтік рөлі бойынша айырмашылықтары бар. Бірақ барлық қоғамға жалпы түрде (мінезі бойынша ортақ. Негізінен отбасының құрылу себебі, адам баласының жануарлардан айырмашылығы балалық шағының ұзақ болуы. Бұл балалардың ата-аналардан қамтамассыз етілуі. Бұл жерде отбасы тек білім беру, тәрбие беру қызметтерін ғана атқарып қоймайды, сонымен бірге ата-тегін беру, жинаған байлықтарын ие ету, әлеуметтік мәртебе және қоғамда белгілі бір орын алуына т.б. көмектеседі. Міне, осындай себептердің әсерінен, отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамда ерекше орын алады. Сонымен, отбасы – қоғамдағы халық санын толықтыратын және тұрақтылығын сақтайтын, фундаменталды институттардың бірі болып табылады. Бір жағынан отбасы қоғамның кіші топ ретінде тұрақтылығын сақтайтын негізгі ұясы. Адам өз өмірінде көптеген әртүрлі топтардың мүшесі болады. Мысалға: мектеп сыныбында, бала-бақшада, еңбек бригадаснда, қызық клубтарды т.б. тек отбасы ғана, ешқашан тастап кетіп қалмайтын тұрақты тобы. Яғни, отбасы-әлеуметтік ұйымның ең кең таралған түрі.
Жалпы отбасы институтының негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын репродуктивтік қызметін жүзеге асыру үшін идеалды жағдайлар қоғамның дамуының тұрақтылығы кезеңінде туады және керісінше, дағдарыстың өтпелі кезеңдерінде туылу күрт бәсеңдеп құлайды. Сондықтанда отбасы инстиутының репродуктивтік қызметінің жұмысының бәсеңдемеуі үшін мемлекет тарапынан көптеген көмектеркөрсетілуде.отбасы – бір-бірімен өзара байланысты адамдар арасындағы туысқандық қарым-қатынасқа негізделген әлеуметтік жүйе, қоғам тұрақтылығын сақтайтын адамдар тобы. Олай болса отасының қоғам өмірінде маңызды орынды атқарады. Отбасы – қоғамның құрылуының негізгі элементі. Бұл әлеуметтік институтта индивид пен қоғам арасындағы көптеген қарама-қайшылықтар шешіледі.Белгілі бір деңгейде отбасы бұл шешімнің объектісі де, субъектісі де болып табылады. Өркениет адамдардың өздерінің биологиялық, психологиялық және жандық қажеттіліктеріне «адамдарша » қарайтын басқа бұндай институтті білмейді.Осында ғана олар адамның қажеттілігінің артынан еруге және әр түрлі қызуғушылықтарды жүзеге асыру жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сондықтан отбасы - Ф.Бэкон айтқандай жай адамзат мектебі емес, сыртқы әлемнен психологиялық пана емес, өзара қызмет көрсету мен сақтандыру тобы емес, барлығы бірге болатын –құдай үйі емес. Сонымен қатар ол- мәдениеттің мәңгілік және қажетті негізі.
25.Тұлғаның әлеуметтенуі. Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен қандай қатынаста болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.
«Қоғам және жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні - бірнеше мәселеден тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті - адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы - бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.
26.Қоғам дамуының теориялары. Қоғамның негiзгi типологиясы келесi:Қарапайым қоғам- рулық-тайпалық қатынастарға, табиғи шаруашылдық формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай бөлiнуiмен, стихиялық түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және көбiнесе көшпендiлi өмiр сүру мен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе арқылы жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типы.
Дәстүрлi қоғам- аграрлы революция нәтижесiнде көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда болуы мен моногамиялық отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару, өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу қатынастарының нығайтылуы және жеке меншiктiң пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени орталықтардың-қалалардың пайда болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен ерекшеленетiн қоғам типы (меншiк объектiсi- құлиленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiк-капитал).
Индустриалды қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 20 ғ. екiншi жартысынан Еуропа елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген Азия және Африка елдерiнде де байқалады, олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға ұмтылады:
*еңбектiн терен әлеуметтiк және техникалық бөлiнiсi;
*отбасының өндiрiс орыны мен еңбек орынынаң бөлiнуi;
*мобильды және тәртiптi өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;
*экономикалық есептеулердi, жоспарлауды және инвестициялауды белгiлi бiр рационалды түрде ұйымдастыру;
*секуляризация (дiннен азат болу), урбанизация (қалалану), әлеуметтiк мобильдiлiк және демократизациялану үрдiстерi кең етек алады.
1)Ұлттардың пайда болуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет, экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың нақты шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!», рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер аул өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.
Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi») немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ. информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ); 5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша, өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi.
Келешекте «супериндустриалды» қоғамға келемiз деген болжам бар, ал бiз оны «информациялық қоғам» деп атаған жон көремiз.
Қоғамның даму концепциялары:
*нигилизм (Кант «бiртiндеп жақсарудан өлгел жатырмың», Ницше, Шопенгауэр, Франк, Бохенский) – қоғамдық прогресстiн болуына күмәнданып, мойындамау
*географикалық детерминизм (Монтескье, Бокль, Мальтус, Кьелен) қоғам дамуында географиялық жағдайлар: климат, қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың болуы және халық саны шешушi б.т. деп есептеу
*әлеуметтiк- табиғи (Л.Гумилев)- қоғам дамуында пассионарийлер (кейбiр табиғи факторлар әсерiмен, күн қуатының белсендiлiгi немесе ғарыштық радиация т.б. аса ынталы әрекеттерге бейiмдi этностар) шешушi болып табылады
*формациялық тұғырнама (Маркс)- әлеуметтiк- экономикалық фактор маңызы және таптық күрес қоғам дамуында асыра бағаланады
*технократиялық (Белл, Ростоу, Тоффлер)-техниканы, технологияны және ғылымды постиндустриалды қоғамның жүиеқалыптастырушы элемент негiзiнде алады
*мәдени-тарихи (Сорокин)-мәдениет ерекшiлiктерi мен дүниеге көзқарастарды абсолюттендiру
*әлеуметтұлғалық (Мертон, Фромм)- тұлғаның еркiндiк деңгейiн және оның қоғам мен өзара әрекеттестiгiн қарастырады
*қоғам дамуының жалпы бiр негiздерiн мойындамайтын көзқарастарда бар (М.Вебер) оның айтуынша батыстық-еуропалық капитализм генезисiне экономика мен протестанттық этика бiрдей әсерiн тигiздi
Бiздiң байқаумызша бұл тұғырнамалардың бәрi де сынаржақты болып келедi, қоғам дамуының бiр қырланып әсерлейтiн ао екiншiсiне мән бермейтiн. Бiз қоғамды бiртұтас организм ретiнде қарастырып, оның дамуында келесi компоненттердi белгiлеймiз: экономикалық-өндiрiстiк, әлеуметтiк, саяси-басқару, табиғи, рухани
