- •Vі Тарау
- •ҚҰны мен Өндіріс шыҒындары
- •6.1. Өнімнің өзіндік құнына түсінік
- •6.2. Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар құрамы
- •6.3. Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі шығыстарды мойындайтын шығыстар
- •Өткізуге байланысты шығындар
- •Пайыз бойынша шығыстар
- •6.4. Кәсіпорынның шығын түрлері
- •6.5. Өндіріс шығындарын жіктеу
- •6.6. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру (өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы)
- •6.7. Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру
- •6.8. Кен өндіретін саладағы өнімнің өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері
- •1 Т тиісті қосалқы материалдар құны
- •60000/1200 50 Тенге / м3.
- •Оның түрлері мен құрылымы
- •6.10. Нарық жағдайындағы шығындар есебінің ерекшеліктері
- •6.11. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары
6.6. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру (өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы)
Өнеркәсіптік өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жіктеудің бірыңғай принципін пайдалану мен шығындарды бірыңғай топтастыру, әр түрлі кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын салыстыруға мүмкіндік жасап, оны төмендету жолдарын ашады.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымын зерделеу үшін оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың барлығы, шығындардың экономикалық элементтері мен олардың қалькуляциялық баптары бойынша топтастырылады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру – кәсіпорынның материалдық және қаржы ресурстарын, өнімнің өзіндік құнының құрылымын анықтап және оны төмендетудің негізгі бағыттарын белгілеу үшін керек. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу, өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған жалпы шығындарын білу үшін пайдаланылады.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру, өнім өндіруге және өткізуге арналған шығындар сметасында көрсетіледі. Онда шығындар - экономикалық мағынасының бірлігі бойынша жинақталады. Мысалы, "Негізгі және қосымша жұмысақы" элементінде қайсысы болсын санатқа жататын қызметкерлерге байланыссыз кәсіпорынның толық еңбекақы қоры көрсетіледі. Бұл мәселе тау-кен өнеркәсібіне өте маңызды, өнімнің өзіндік құнында еңбек шығындарының үлесі 50 %-дан асады. Осы элемент бойынша тау-кен кәсіпорнында өндірістегі жұмысшылар, қызметшілер мен инженерлердің жалпы табыстарын білуге болады. "Энергия" элементі – кәсіпорын, өндіріс және шаруашылыққа қажетті энергияның барлық түрлерін есепке алады.
Өндіріске жұмсалған кешенді шығындарды сметаға қосу үшін оларды жай элементтерге бөліп, тиісті топтарға қосады. Тауар өнімін шығаруға қатысы жоқ жұмыстармен байланысты шығындар да (басқа жаққа көрсеткен әр түрлі қызметтер, күрделі құрылыс жұмыстары немесе курделі жөндеу, т.б.) өндіріске жұмсалған шығындар сметасында есепке алынады, бірақ тауар өнімінің өзіндік құнын есептегенде, оларды шығарып тастау керек.
Сметада басқа жақтан жеткізілген ресурстарға төленген шығындар көрсетіледі. Егер кәсіпорынның өзі ресурстың бір түрін өндіретін болса, мысалы сығылған ауаны, буды, энергияны, онда оларды шығаруға жұмсалған шығындар сметада тиісті элементтерге бөлініп қосылады.
Смета негізінде кәсіпорынның өндірістік-қаржы жоспар бөлімдерінің үйлесуі жүзеге асырылады: материалдық-техникалық жабдықтау, еңбек жоспары мен айналым қаражаттарға қажеттіліктер анықталады. Смета бойынша жалпы өнімнің өзіндік құны, аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі есептелінеді.
Шығындар сметасы мына элементтерден тұрады:
шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай дайын (шала) өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);
қосалқы материалдар;
сырттан алынған отын;
сырттан алынған энергия;
негізгі және қосымша жұмысақы;
әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
негізгі қорлардың амортизациясы;
басқа да ақшалай шығындар.
Шығындар сметасы бойынша, шығындардың нақты бағыты мен пайдалану орнын анықтауға болмайды. Ең бастысы – сметаның элементтер негізінде өндіретін өнім бірлігінің құнын есептеп шығаруға болмайды. Осы мәселелерді калькуляция – баптар бойынша шығындарды жіктеу арқылы шешеді.
